Қазақстанның электрэнергетикасы: негізгі деректер

Қазақ

Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы мына секторлардан тұрады:

• электр энергиясының өндірісі;

• электр энергиясын жеткізу;

• электр энергиясымен жабдықтау;

• электр энергиясын тұтыну;

• электр энергетикасы саласындағы басқа да қызмет.

Электр энергиясы өндірісінің секторы

Қазақстанда электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік нысанындағы 155 электр станциясы жүзеге асырады. 01.01.2020 жылғы жай-күй бойынша Қазақстан электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 22936,6 МВт, иелік қуаты 19329,7 МВт құрайды. 

Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станциялары, өндірістік маңызы бар электр станциялары және өңірлік маңызы бар электр станцияларына бөлінеді. 

Ұлттық маңызы бар электр станцияларына электр энергиясын өндіруді және Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында сатуды қамтамасыз етуші ірі жылу электр станциялары жатады: 

• Б.Г.Нұржанов «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС;

• «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

• «ЕЭК» АҚ, ERG, «Евразийская группа» ЭС;

• «Главная распределительная энергостанция Топар» ЖШС;

• «Батұров атындағы «Жамбыл ГРЭС-і» АҚ;

Сонымен қатар қосымша ретінде және ҚР БЭЖ жүктеме графигін реттеу үшін қолданылатын жоғары қуатты гидравликалық электр станциялары: 

• Бұқтырма ГЭК «Казцинк» ЖШС;

• «AЭС Өскемен ГЭС» ЖШС;

• «AЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС.

Өндірістік маңыздылығы бар электр станцияларына ірі өндірістік кәсіпорындарды және жақын жерлердегі елді мекендерді электр-жылумен жабдықтауға арналған электр және жылу энергиясын аралас өндіруші ЖЭО-лар жатады:

• ЖЭО-3 «Караганда Энергоцентр» ЖШС; 

• ЖЭО БАС, ЖЭО-2 «Арселор Миттал Темиртау» АҚ;

• ЖЭО «ССТБӨБ» АҚ, ERG, «Евразийская группа»;

• Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО «Kazakhmys energy» ЖШС;

• ЖЭО-1 «Қазақстан Алюминийі» АҚ, ERG, «Евразийская группа» және басқалары. 

Өңірлік маңыздылығы бар электр станциялары – өңірлік электр желілік компаниялар және энергия жеткізуші ұйымдар арқылы электр энергиясын сатушы, сонымен қатар жақын арадағы қалаларды жылумен жабдықтаушы территориялармен біріктірілген ЖЭО. 

Электр энергиясын жеткізу секторы

Қазақстан Республикасының электр желілері қосалқы станциялар, таратушы құрылғылар және  электр энергиясын жеткізу және (немесе) таратуға арналған, оларды қосушы  0,4-1150 кВ кернеулі электр жеткізу желілерінің  жиынтығы болып табылады.

Қазақстан Республикасының БЭЖ-інде жүйе құраушы желі рөлін республика өңірлері арасындағы және іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) электр байланыстарын, сонымен қатар электр станцияларының электр энергиясын беруін және оны көтерме сауда тұтынушыларына жеткізуді қамтамасыз ететін Ұлттық электр торабы атқарады. ҰЭТ құрамына кіретін, кернеуі 220 кВ және одан жоғары қосалқы станциялар, тарату құрылғылары, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілері, электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асырушы электр желілері «КЕGОС» АҚ балансында. Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлер ішіндегі электр байланыстарын, сонымен қатар бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз етеді. Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлік электр желілік компаниялардың (ӨЭК) балансында және пайдалануында. 

Энергия жеткізуші ұйымдар (ЭЖҰ) шарттардың негізінде жеке немесе пайдаланатын (жалға алу, лизинг, сенімгерлікпен басқару және пайдаланудың басқа түрлері) электр желілері арқылы көтерме сауда және бөлшек сауда нарығының тұтынушыларына немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын жеткізуді жүзеге асырады. 

Электрмен жабдықтау секторы

Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының электрмен жабдықтау секторы электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдардан немесе орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алатын және оны соңғы бөлшек сауда тұтынушыларына сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан (ЭЖҰ) тұрады. ЭЖҰ бөлігі электр энергиясының «кепілді жабдықтаушыларының» функцияларын орындайды.

Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы 

Электр энергиясының нарығы көтерме сауда және бөлшек сауда нарығына бөлінеді, ал жылу энергиясының нарығы тек бөлшек нарығында ұсынылған. 

Электр желілеріне иелік ететін Жүйелік оператор, ӨЭК және басқа ұйымдар табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте барлық қатысушылардың электр энергиясы нарығына еркін қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Электр немесе жылу энергиясы нарығында өндіру, жеткізу және тұтыну кезінде туындайтын қатынастар электр энергетикасында тиісті шарттармен реттеледі. 

Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығының функционалдық құрылымы мыналарды қамтиды: 

• электр энергиясының орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығы (электр энергиясын сатып алу-сатудың екіжақты шарты);

• электр энергиясын қысқа мерзімді (спот-сауда), орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) негізінде сатып алу-сату мәмілесін жүзеге асыратын электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы;

• Қазақстан Республикасы БЭЖ-де электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты және шартты мөлшері арасында операциялық тәулікте туындайтын сағаттық теңгерімсіздіктерін табиғи және кейіннен қаржылық реттеу мақсатында жұмыс істейтін нақты уақыт режиміндегі теңгерімдеуші нарық;

• мемлекеттік стандарттармен белгіленген ҚР БЭЖ жұмысының сенімділігін және электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшін ҚР БЭЖ Жүйелік операторы жүйелік қызметтер көрсетуді және Қазақстан Республикасы электр энергиясы нарығының субъектілерінен қосалқы қызметтерін сатып алуды жүзеге асыратын жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы. 

• электр қуатының нарығы (01.01.2019ж. енгізілді).

Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері арасында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларымен, басқа да нормативтік құқықтық актілерімен және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттарымен реттеледі.

Энергия өндіруші ұйымдар  Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру және сату бойынша қызметін олардың мына талаптарды орындауы барысында жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте лицензиясының болуы; 

2) ұлттық және (немесе) өңірлік электр желісіне қолжетімділіктің болуы; 

3) электр энергиясының көтерме нарығына кем дегенде 1 мегаватт (бұдан әрі - МВт) көлемінде орташатәуліктік қуатын жеткізу және олардың біріздендіруін Жүйелік операторда орнатылған жүйелермен қамтамасыз ететін  коммерциялық есептеу, телекоммуникация жүйелерінің болуы. 

Ұлттық электр торабына қосылған энергия өндіруші ұйымдарына ұлттық электр торабына қолжетімділік Жүйелік операторымен мына шарттар болған жағдайда ұсынылады: 

1) Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру/тұтыну режимдерін техникалық диспетчерлендіру бойынша қызметтерін көрсетуге; 

2) Қазақстанның бірыңғай электрэнергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтынудың теңгерімдеуін ұйымдастыру бойынша қызметтерін көрсетуге. 

Өңірлік электржелілік компанияларының электр желілеріне қосылған энергия өндіруші ұйымдарына ұлттық электр желілеріне қолжетімділігі энергия өндіруші ұйымының Жүйелік операторымен Қазақстанның бірыңғай электрэнергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтыну режимдерін техникалық диспетчерлендіру бойынша соңғысымен қызметтерін көрсетуге шарттарының болуы жағдайында ұсынылады. 

Электр энергиясының орталықсыздандырылған нарығындағы тұтынушылар Азаматтық кодексе сәйкес электр энергиясын жеткізудің бағасы, көлемі және талаптары бойынша сатып алу-сату шарттарын жасасады.

Электр энергиясын тұтынушылар электр энергиясының көтерме нарығына мына талаптар орындалған жағдайда қатысады: 

1) ұлттық және (немесе) өңірлік электр желілеріне қолжетімділік болса;

2) электр энергиясының көтерме нарығында кем дегенде 1 МВт көлемінде орташатәуліктік (базалық) қуатты сатып алса және олардың  Жүйелік операторда орнатылған жүйелермен біріздендірілуін қамтамасыз ететін коммерциялық еспке алудың автоматтандырылған жүйелері, телекоммуникация жүйелері болса. 

Ұлттық электр торабына қосылған электр энергиясының тұтынушыларына Жүйелік оператормен мына шарттары болған жағдайда Ұлттық электр торабына қолжетімділік беріледі: 

1) Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге;

2) импортталынатын электр энергиясын техникалық диспетчерлеу бойынша қызметтер көрсетуге (электр энергиясын импорттауды жүзеге асырған жағдайда);  

3) Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру/тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге.  

Өңірлік электржелілік компаниялардың электр желілеріне қосылған электр энергиясын тұтынушыларына мына талаптарды орындаған жағдайда Ұлттық электр торабына қолжетімділік беріледі: 

1) Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге Жүйелік оператормен жасалған шартының болуы;

2) импортталынатын электр энергиясын техникалық диспетчерлеу бойынша қызметтер көрсетуге (электр энергиясын импорттауды жүзеге асырған жағдайда) Жүйелік оператормен жасалған шартының болуы;  

3) өңірлік электр желісіне қолжетімділіктің болуы. 

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар  мына шарттарды орындаған жағдайда Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметін жүзеге асырады:

1) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергияны сатып алу құқығына лицензиясының болуы; 

2) ұлттық және (немесе) өңірлік электр желісіне қолжетімділіктің болуы;

3) электр энергиясының көтерме нарығында кем дегенде 1 МВт көлемінде орташатәуліктік (базалық) қуатты жеткізу/тұтыну және олардың  Жүйелік операторда орнатылған жүйелермен біріздендірілуін қамтамасыз ететін коммерциялық еспке алудың автоматтандырылған жүйелері, телекоммуникация жүйелері болса. 

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мына шарттарды орындаған жағдайда Ұлттық электр торабына қолжетімділік беріледі: 

1) Жүйелік операторымен, электр энергиясын тұтынушыларын көрсете отырып, ұлттық электр желілері бойынша электр энергиясының берілісі жөніндегі қызметтерін көрсетуге және (немесе), электр энергиясының тұтынушыларын көрсете отырып, импортталынатын электр энергиясының (электр энергиясын импорттауды жүзеге асырған немесе осындай қызметтерді сатып алу жағдайында) техникалық диспетчерлендіруі жөнінде қызметтер көрсетуге шарттардың болуы; 

2) Жүйелік операторымен, электр энергиясын тұтынушыларын және/немесе энергия өндіруші ұйымдарын көрсете отырып, Қазақстанның бірыңғай электрэнергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерін көрсетуге шарттардың болуы; 

3) егер электрмен жабдықтаушы ұйымдарында өңірлік электр желілеріне қосылған субъектілері болған жағдайда, өңірлік электр желілеріне қолжетімділіктің болуы.

Бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясын сатып алу-сату тұтынушылармен электр жабдықтаушы ұйымдармен жасасатын электрмен жабдықтау шарттарының негізінде жүзеге асырылады.

Электр энергиясы нарығының операторлары

ҚР БЭЖ Жүйелік операторы - «KEGOC» АҚ (ҚР ЭМ 17.10.2014 ж. №61 бұйрығы) мына функцияларды атқарады:

1) Шартқа сәйкес Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді, оның техникалық қызмет көрсетуін және пайдаланушылық дайындығын қамтамасыз етеді; 

2) нақты баланстарды жасау және электр энергиясын өндіру-тұтынудың  тәуліктік кестесін қалыптастыруды қоса алғанда, шартқа сәйкес ҚР БЭЖ жұмысының орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруын жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлеу бойынша жүйелік қызметтерін көрсетеді;

3) ҚР БЭЖ жұмысының сенімділігін қамтамасыз етеді; 

4)  электр қуатын реттеу бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді; 

5) электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша жүйелік қызметтерін көрсетеді; 

6)  Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте электр энергиясы теңгерімсіздігінің қаржылық реттеуін жүзеге асырады; 

7) энергия өндіруші ұйымдарының арасында қуат резервтерінің көлемін, құрылымын, үлестірілуін және ҚР БЭЖ қуаты резервтерінің әрекет етуін белгілейді; 

8) нақты уақыт режимінде және жүйелік және қосалқы қызметтер нарығының режимінде электр энергиясының теңгерімдік нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады; 

9) қатарлас жұмыс режимдерінің тұрақтылығын және электр қуатын реттеуді басқару және қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара әрекеттеседі;  

10) электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілерінің бірыңғай ақпараттық жүйесін, электр энергиясының, релелік қорғау мен апатқа қарсы автоматикасының түйіндес құрылғыларын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін құру жөніндегі техникалық және әдістемелік басшылығын жүзеге асырады; 

11) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің ұлттық электр торабына қолжетімділігі үшін тең жағдайларды қамтамасыз етеді; 

12) Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығы қатысушыларын коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қозғамайтын ақпаратымен қамтамасыз етеді; 

13) электр станцияларының, қосалқы станцияларының, электр жеткізу желілерінің негізгі жабдығын, релелік қорғау және апатқа қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару жүйелерін жөндеуге шығаруды және олардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз етуді келіседі; 

14) гидроэлектрстанцияларының су-шаруашылық баланстары мен ҚР БЭЖ жұмысы режимдерін ескере отырып, олардың жұмысының режимдерін әзірлеуге қатысады; 

15) электр энергиясы мен қуатының болжам теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады; 

16) электр қуаты нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

17) түрлендіру қондырғыларының электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;

18) тоқсан сайын уәкілетті органына қуат берудің келісілген схемалары туралы ақпаратын ұсынады;

19) жаңғыртылған энергияның көздерін пайдалануды қолдау саласында осы Заң және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларын жүзеге асырады.

«Электрэнергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына сәйкес 01.01.2008 жылдан бастап имитациялық режимде Қазақстан Республикасы электр энергетикасының теңгерімдеуші нарығы жұмыс істейді. 

Электр энергеясының теңгерімдеуші нарығы жүйесінің сайтына сілтеме https://bems.kegoc.kz/emwebkegoc/

Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының (ЭТН) жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «KEGOC» АҚ-ның 26.12.2007 жылғы №807 бұйрығына сәйкес «Энергоинформ» мекемесі (2010 жылдан бастап - «Энергоинформ» АҚ) Қаржылық орталық болып белгіленді. ҚР БЭЖ орталықтандырылған диспетчерлік басқаруын «KEGOC» АҚ «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» филиалы (ЖО ҰДО) жүзеге асырады. ҚР БЭЖ-де орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару ЖО ҰДО-ға тікелей жедел бағынатын тоғыз өңірлік диспетчерлік орталығының (ӨДО) схемасы бойынша ұйымдастырылған, олар «KEGOC» АҚ филиалдарының құрылымдық бөлімшелері «Жүйеаралық электр тораптары» болып табылады.

Орталықтандырылған сауда нарығы субъектілердің электр энергиясының нарығына ашық кемсітусіз қолжетімділікті қамтамасыз ету және электр энергиясының ағымдағы нарықтық бағасының объективті индикаторын қалыптастыру мақсатында жұмыс істейді. Орталықтандырылған сауда нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру жауапкершілігі электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы - «ЭҚРҚО» АҚ-ға жүктелген (ҚР ЭМРМ 04.03.2004 ж. №54 бұйрығы).