«KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін қайта құру

Қазақ

    

Жобаның мақсаты:

Қызмет етудің нормативтік мерзіміне жеткен қолданыстағы электр жеткізу желілерін, сондай-ақ қызмет ету мерзімі таяудағы жылдары нормативтікке жететін ӘЖ-ні реконструкциялау арқылы Қазақстан ҰЭТ жұмысының сенімділігін арттыру. 

Жобаны іске асыру мерзімі – 2018-2028 жылдар

Жобаның құны – ҚҚС-ны есепке алғанда 151,206 млрд. теңге.

Жобаны болжамды қаржыландыру: қарыз қаражат – 106,320 млрд. теңге, меншік қаражат – 44,886 млрд. теңге.

Іске асыру орны: Қазақстан Республикасының аумағы.

Жобаның сипаты: Жоба әрқайсысында «KEGOC» АҚ-ның үш ЖЭТ филиалы болатын 220-500 кВ ӘЖ-ні реконструкциялаудың 3 кезеңін көздейді. 

Жобаның 1-кезеңі бойынша «Ақтөбе ЖЭТ» (220 кВ 6 ӘЖ), «Сарыбай ЖЭТ» (220-500 кВ 17 ӘЖ) және «Батыс ЖЭТ» (220 кВ 1 ӘЖ) филиалдарының балансындағы 220-500 кВ 24 ӘЖ реконструкциялау объектілері болып табылады. Реконструкцияланатын 220-500 кВ ӘЖ ұзындығы – 2029 км. 

Жоба ТЭН-і әзірленді және «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы (21.05.2019ж. (№ 04-0076/18) алынды.

«KEGOC» АҚ Басқармасы жобаның негізгі параметрлерін мақұлдады (10.10.2018ж. № 24 хаттама). «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «Ақтөбе ЖЭТ», «Сарыбай ЖЭТ» және «Батыс ЖЭТ» филиалдарында 220-500 кВ ӘЖ реконструкциялау» жобасының техникалық параметрлері мен тиімділік көрсеткіштерін, сонымен қатар жобаның «Белгілеу» және «Іске асыру» кезеңдеріне көшуін бекітті (28.02.2019ж. № 2 хаттама). Кешенді жұмыстарға, соның ішінде «кілтпен тапсыру» құрылысына шарттар жасалды: 

1. «Промстрой-Энерго» ЖШС-мен «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» және «Батыс ЖЭТ» филиалының 220 кВ ӘЖ-сін реконструкциялауға» 19.08.2019 жылғы № 01-25-Д-620;

2. «АСПМК-519» ЖШС-мен «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалының 500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялауға» 19.08.2019 жылғы № 01-25-Д-617;

3. «Карэлектроспецстрой» ЖШС-мен «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» және «Батыс ЖЭТ» филиалдарының 220 кВ ӘЖ-сін реконструкциялауға» 19.08.2019 жылғы № 01-25-Д-618. 

Жобаны іске асыру шеңберінде ӘЖ-ні реконструкциялаудың барлық 24 объектісі бойынша барлық ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. ЭЖЖ-нің 24 объектісінің 17 объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, ӘЖ-нің 2029 км-сының 919,7 км реконструкцияланды, соның ішінде 2021 жылы 69,7 км реконструкцияланды.

Жобаның «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» филиалдарында 220-500 кВ ӘЖ реконструкциялау» ІІ кезеңі бойынша ТЭН әзірленіп жатыр. 18.07. 2019 жылы «RBM Sweko Producktions» ЖШС-мен ТЭН әзірлеуге шарт жасалды.  Шарт бойынша құны 476,9 млн. тг (ҚҚС-мен) құрады.                                                                                      

Жобаның «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарында 220-500 кВ ӘЖ реконструкциялау» ІІІ кезеңі бойынша «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» (220 кВ 9 ӘЖ), «Орталық ЖЭТ» (220 кВ 13 ӘЖ), «Оңтүстік ЖЭТ» (220-500 кВ 19 ӘЖ) балансындағы жалпы ұзындығы 4200 км 220-500 кВ 41 ӘЖ қалпына келтіру объектілері болып табылады. Қазіргі уақытта бұл кезең бойынша ТЭН әзірлеуге тендер дайындалып жатыр. ТЭН әзірлеу мерзімі – 2021-2023жж.