Компания қызметі

Қазақ

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (АО «KEGOC»)  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.07.14 күнгі Қаулысымен құрылды. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес акционерлік қоғам жеке меншік түріне жатқызылады.

2006 жылға дейін «KEGOC» АҚ акциясының 100 %-ы мемлекеттің меншігінде болатын. 2006 жылы (100%) акцияның мемлекеттік пакеті «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларының төлеміне берілді. Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ-ның 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның меншігінде.

«KEGOC» АҚ Жарғылық қоры «Қазақстанэнерго» Ұлттық энергетика компаниясының мүліктік кешені негізінде құрылды.

Компанияның мүліктік кешеніне кернеуі 110 кВ-тан 1150 кВ-тқа дейінгі электр жеткізу желілері және мемлекетаралық ағындарды, жалпы қолданыстағы электр станцияларынан қуат беруді, өңірлік электр тораптары компаниялары мен ірі тұтынушылар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін қосалқы станциялар енеді.

Ұлттық электр торабы электр энергиясын энергия өндірушілерден тікелей Ұлттық электр торабына және осы торапқа қосылған көтерме сауда нарығындағы тұтынушыларға (таратушы электр желілері компаниялары, ірі тұтынушылар) тасымалдауды қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 61 бұйрығымен «KEGOC» АҚ Жүйелік оператор болып белгіленді, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жүйелік оператор мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

1) шартқа сәйкес ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша жүйелік қызмет көрсетеді, оған техникалық қызмет көрсетіп, пайдалануға дайындығын қолдауды қамтамасыз етеді;   

2) нақты теңгерімдерді жасау мен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін қалыптастыруды қоса алғанда, шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жұмыс режимдерін орталықтан жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлендіру бойынша жүйелік қызмет көрсетеді;   

3) Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының сенімділігін қамтамасыз етеді;   

4) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша жүйелік қызмет көрсетеді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте электр энергиясының теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді жүзеге асырады;

6) энергия өндіретін ұйымдар арасында қуат резервтерінің көлемін, құрылымын, оларды таратуды және Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйеде қуат резервтерін іске қосуды айқындайды;

7) нақты уақыт режимі мен жүйелік және қосалқы қызметтер нарығында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жұмысын жүзеге асырады;  

8) қатарлас жұмыс режимдерінің орнықтылығын басқару мен қамтамасыз ету және электр қуатын реттеу бойынша шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара байланыста жұмыс істейді;  

9) электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектілерінің біртұтас ақпараттық жүйесін, электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін,  релелік қорғау және аварияға қарсы автоматиканың түйіндес құрылғыларын құру бойынша техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; 

10) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің ұлттық электр торабына қол жеткізуі үшін теңдей жағдайлармен қамтамасыз етеді;

11) Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа да құпиядан тұратын мәліметті қамтымайтын ақпаратпен қамтамасыз етеді;

12) электр станцияларының, қосалқы станцияларының, электр жеткізу желілерінің, релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, технологиялық басқару жүйелерінің негізгі жабдықтарын жөндеуге шығаруды және олардың жұмыс істеуге дайындығын қамтамасыз етуді келіседі;

13) су-шаруашылығы теңгерімдерін және Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жұмыс режимдерін есепке ала отырып, гидроэлектр станцияларының жұмыс режимдерін әзірлеуге қатысады;

14) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;

15) электр қуаты нарығының жұмысын ұйымдастырады;

16) өндіруші қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;

17) қуат берудің келісілген схемалары туралы ақпаратты уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынып отырады;

17-1) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін растайды;

18) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының заңымен және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасымен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Қызметтің негізгі түрлері болып табылады:

  • электр энергиясын өңіраралық деңгейдегі желілер бойынша жеткізу;
  • желіге босату мен электр энергияны тұтынуды техникалық диспетчерлеу;
  • электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгеруді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету.

Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ-ның қызмет түрлерімен айналысуға арналған мынадай лицензиялары бар:

1) құрылыс-монтаждау жұмыстарына байланысты (МҚЛ мемлекеттік лицензиясының нөмірі 07.09.2006ж. № 0001816 және 08.12.2014ж. МҚЛ лицензиясына қосымша), мерзімсіз қолданылады;

2) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуға байланысты (мемлекеттік лицензия нөмірі 17.03.2015ж. №15005114), мерзімсіз қолданылады;

3) прекурсорлар айналымына байланысты (мемлекеттік лицензия нөмірі 10.02.2016ж. 16002311 және лицензияға қосымшаның нөмірі 10.02.2016ж. №001), 09.02.2021ж. дейін қолданылады.