Метрологиялық қамтамасыздандыру

Қазақ

Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларының талаптарына сәйкес АСКУЭ-ні құру кезінде көтерме сауда нарығының субъектісі мыналарды қамтамасыз етеді:

  • белгіленген дәлдік сыныптарын өлшеу құралдарын қолдану;
  • өлшеулерді белгіленген қателік нормаларымен атқару.

Өлшеу құралдары «Өлшеулер бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының талаптарына жауап беруітиіс, атап айтқанда:

  • сериялық шығарылым сынақтарға осы өлшеу құралдары тұрпатын ҚР СТ 2.21 талаптарына сәйкес ары қарай бекіте отырып жатқызылады;
  • бір данада даярланып не енгізілгендері метрологиялық аттестациялауға ҚР СТ 2.30 талаптарына сәйкес ұшырайды;
  • олардың тұрпатын бекіткен не метрологиялық аттестациялаудан соң өндірістен немесе жөндеуден шығарған, пайдалану және импорт бойынша кіргізу кезінде өлшеулер бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйе тізілімінде ҚР СТ 2.4 талаптарына сәйкес тексеріске ұшырайды;

Коммерциялық есепке алу нүктесінде электр энергиясын есепке алуды өлшеу кешендері РД 34.09.101 талаптарына сәйкес хаттама төлқұжатына ие болуы, сондай-ақ электр энергиясын есепке алуды өлшеу кешендерін аттестациялау ережелеріне сай аттестациялануы тиіс.

АСКУЭ шеңберінде жүзеге асырылатын өлшеулер көтерме сауда нарығы субъектілері әзірлеген және мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (ҚазИнМетр ГМК) бекіткен өлшеулерді атқару әдістемелері бойынша ҚР СТ 2.18, МЕМСТ 8.010 талаптарына,сондай-ақ мыналарға сәйкес жүргізілуі тиіс:

  • ҚР СТ 2.121–2006 «ГСИ РК. Электр энергиясын өлшеуді атқару әдістемелеріне талаптар»;
  • ҚР СТ 2.120–2006 «ГСИ РК. Электр қуатын өлшеуді атқару әдістемелеріне талаптар»;
  • ҚР СТ 2.122–2006 «ГСИ РК. Энергообъектілерде Электр энергиясы мен қуатының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесін пайдалана отырып электр энергиясы мен қуатты өлшеуді атқару әдістемелеріне талаптар».

Нұсқаулықтарды әзірлеу қажет, соның ішінде:

  • Ток, кернеу трансформаторларындағы екінші тізбек жүктемелері мен кернеу трансформаторларынан электр есептеуіштерінің клеммалық қыспағына дейінгі кернеу ысыраптарын өлшеуді атқару бойынша;
  • кернеу трансформаторларынан электресептеуіштерінің клеммалық қыспағына дейінгі кернеу түсуін айқындау бойынша;
  • қателіктерді айқындау үшін өлшеу трансформаторларының вольтамперлік сипаттамаларын алу бойынша.