Электр энергиясын теңгерімдеуші нарықтың имитациялық режімдегі жұмысы туралы

Қазақ

ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрінің м.а. 2007 жылғы 30 қарашадағы №269 бұйрығы негізінде 2008 жылғы 1-тоқсаннан бастап теңгерімдеуші нарықтың жұмысы теңгерімдеуші нарықтағы сатып алынған-сатылған электр энергиясы үшін нақты ақшалай өзара есеп айырысу рәсімін өткізбей имитациялық режимде жүзеге асырылады. Жұмыстың имитациялық кезеңі электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілеріне электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы (бұдан әрі - ЭТН) жұмыс істеген жағдайда  өзара іс-қимыл механизмін пысықтау, Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерімсіздіктерінің нақты өлшемдерін анықтау, қуат резервтеріне қажеттіліктерді нақтылау, теңгерімдеуші электр энергиясы бағаларының диапазонын анықтау үшін қажет. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимдегі жұмысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды. 

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 6-тармағына, сонымен қатар «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидасының» (бұдан әрі – Қағида) 4-тармағына сәйкес Қазақстан БЭЖ электр энергиясының көтерме суда нарығының әрбір субъектісі ЭТН-ға қатысуға міндетті.                                                         

Бұл ретте Қағидаға сәйкес электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі ЭТН-да электр энергиясын өндіру/тұтынумен байланысты өз теңгерімсіздіктерінің теңгерім провайдері болуға немесе электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу жауапкершілігін электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы басқа субъектіге онымен тиісті шрт жасай отырып, беруге құқылы.                                                            

ЭТН имитациялық жұмыс режимі есеп айырысу орталығымен жасалған шарттар бойынша электр энергиясын теңгерімдеуші нарықта сатып алғаны-сатқаны үшін ақшалай нақты өзара есеп айырысу рәсімдерінен басқа Жүйелік оператордың электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуін, көтерме сауда нарығының субъектілері Жүйелік оператормен жасаған шарттар негізінде электр энергиясының теңгерімсіздіктерін физикалық және қаржылық реттеуді қоса алғанда Қағиданың талаптарына сәйкес теңгерімдеуші нарықтың жұмыс істеуін көздейді.                                                         

Теңгерім провайдері имитациялық режим кезінде өз бетінше теңгерім провайдері ретінде қызмет көрсете алмайтын және осы жауапкершілік оған тапсырылған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерімен электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу қызметін көрсетуге шарт жасауы тиіс.                                                                       

Имитациялық режим ішінде Жүйелік операторы және есеп айыру орталығы көтерме энергия нарығы субъектілерін – Теңгерім провайдерлері персоналын, сондай-ақ «KEGOC» АҚ ЖЭТ филиалдары қызметкерлерін теңгерімдеуші нарық жүйесінің бағдарламалық жасақтамасымен жұмыс істеу қағидалары мен әдістері бойынша оқытады, соның ішінде: тәуліктік кестені құру үшін электр энергиясын өндіру-тұтынудың жоспарланған көлемі туралы деректерді, реттеуге қатысуға өтінімдерді беру, Жүйелік оператордың ЭТН әрбір субъектісі бойынша электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты сағаттық мәндерін қалыптастыру жөніндегі ақпараттық деректер базасына қол жеткізу тәсілдері бойынша.                                                                           

Теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу/сату шарттары талаптарын орындау аясында имитациялық режим кезінде теңгерімдеуші нарық жүйесінің бағдарламалық жасақтамасын сынау үшін теңгерім провайдері мен есеп айырысу орталығы арасында «тестілеу» белгісін қоя отырып, теңгерімдеуші нарықта электр энергиясын сатып алу-сатудың салыстырып тексеру актілері жасалады, есеп айырысу кезеңінің қорытындысы бойынша ақы төлеуге шот-фактуралар жіберіледі.                               

Әрбір теңгерім провайдері бойынша теңгерімсіздіктің сағаттық көлемі туралы ақпараттық деректер, теңгерімдеуші электр энергиясының баға көрсеткіштері көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру/тұтынумен байланысты бизнес-процестерін оңтайландыруға көмектеседі. Имитациялық режим қорытындысы бойынша әрбір теңгерім провайдері алдағы кезеңдегі бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жоспарлау үшін қажетті талдамалық ақпаратты ала алады. Жүйелік оператордың теңгерімдеуші нарығы жүйесінің ақпараттық деректер базасына қол жеткізу мына тәртіпте жүзеге асырылады:

1. Теңгерімдеуші нарықтың әрбір субъектісі жүйенің ақпараттық деректер базасында тіркеледі, бұл үшін ол Жүйелік операторға (ЖО) қажетті байланыс ақпаратын, соның ішінде субъектінің заңды мекенжайы, деректерді қабылдау-тапсыруға жауапты тұлғаның фамилиясы мен лауазымы, e-mail, байланыс телефондарының нөмірлері бойынша ақпаратты ұсынады.                      

2. Тәуліктік кестені ЖО e-mail-ына жіберу мүмкіндігі байланыс ақпаратын ұсынған барлық субъектілерге беріледі. Сондай-ақ тәуліктік кестені құрастыру үшін үлгісі жіберіледі.                                                       

3. Субъектілерге ЖО-мен «Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету туралы», есеп айырысу орталығымен «Теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатуға» шарт жасалып, оның аккаунты жүйеде жұмыс істей бастағаннан кейін субъектілерге жүйенің веб-интерфейсіне ену мүмкіндігі (есептік жазбаның аты, кіру поролі) беріледі.                                                                             

4. Жүйеге қол жеткізген субъектілердің өздері берген тәуліктік кестелерін, электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты сағаттық мәндерін, теңгерімсіздіктер көлемін (өздерінің және солармен провайдерленетін субъектілердің), сағаттық теңгерімсіздіктер бағасын қарап отыруға мүмкіндіктері бар.                                                                                                                               

Қазақстан Республикасында ЭТН-ның енгізілуіне байланысты жиі қойылатын сұрақтар                                                 

Теңгерімдеуші нарықтың жұмыс істеу қағидаты қандай?                               

Теңгерімдеуші нарық моделі төмендегідей қысқаша түсіндіріледі:                   

1. Нарық субъектілері арасындағы электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі екіжақты шарт бойынша өзара есеп айырысулар тәуліктік кестеде көрсетілген (түзетулерді есепке ала отырып) көлеміне сай жүзеге асырылады;                                                 

2. Жүйелік оператор берілген тәуліктік кестеден ауытқуға жол берген нарық субъектілерін анықтап отырады;                             

3. Жүйелік оператор электр энергиясын ЭТН-да белгіленген баға бойынша сатып алуға немесе сатуға өтініш білдірген нарық субъектілерінен сағаттық тапсырыстарды қабылдайды;

4. Тәуліктік кестеден барлық ауытқуларды реттеу (теңгерімсіздіктерді табиғи реттеу) Жүйелік оператордың қуаттың жедел резервтерін іске қосуы немесе жұмыс істеп тұрған энергия блоктарының жүктемесін азайтуы, сонымен қатар реттеуші-тұтынушылардың электр энергиясын тұтыну көлемін өзгерту мүмкіндігін пайдалануы жолымен жүзеге асырады; 

5. Теңгерімсіздіктерді реттеуге қатысатын нарық субъектілері туралы Жүйелік оператордан ақпарат алған есеп айырысу орталығы олармен теңгерімдеуші нарықта түсімсіз негізде пайда түспеген жағдайда (теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу) қалыптасқан баға бойынша өзара есеп айырысады.                                                                                                               

6. Қазақстан БЭЖ-де қажетті қуат резервін қалпында ұстау Жүйелік оператордың энергия өндірушілерден қуат резервтерінің дайындығын қолдау қызметін сатып алуы есебінен жүзеге асырылатын болады .                              

Теңгерімдеуші нарықтың енгізілуіне орай қуатты реттеу бойынша қызмет көрсету нарығында не болмақ?          

Қазіргі уақытта белгіленген тәуліктік кестеден ауытқу «KEGOC» АҚ (ауыспалы құрам) және Орталық Азия энергия жүйелері (негізгі құрам) көрсететін қуатты реттеу бойынша қызметі мен энергия көздерінде электр қуатына қосымша тапсырыс беру арқылы тәуліктік кестеге түзету енгізу есебінен өтеледі.                                                                                                 

Теңгерімдеуші нарық енгізілгеннен кейін «KEGOC» АҚ нарық субъектілеріне қуатты реттеу бойынша қызмет көрсетуді тоқтатады. Тәуліктік кестеден болатын барлық ауытқулар теңгерімдеуші нарықта реттеледі. Бұл ретте Орталық Азияның энергия жүйелерінен базалық құрауышы бойынша қуатты реттеу қызметін сатып алу және тәуліктік кестені түзету мүмкіндігі сақталады. 

Көтерме сауда нарығында біріктірілген ЭКЕАЖ болмаған жағдайда тәуліктік кестеден нақты сағаттық ауытқу қалай анықталады?

Тәуліктік кестеден нақты сағаттық ауытқуды есепке алу нарық субъектісінің есепке алу құралдарымен жабдықталуына байланысты бірнеше тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін:                                               

1) егер барлық коммерциялық есепке алу нүктелері микропроцессорлық аспаптармен жабдықталған болса, ауытқулар солардың көрсеткіштері бойынша анықталады, бұл ретте Жүйелік оператормен деректерді беру форматы мен регламентін келісу қажет;   

2) егер есепке алу нүктелері микропроцессорлық аспаптармен толық жабдықталмаған болса, қолда бар микропроцессорлық аспаптардың көрсеткіштері негізінде есептік кезең үшін жүктеме профилі жасалады, бұл шама есептік мерзім ішіндегі нарық субъектісінің электр энергиясын тұтыну/өндірудің жиынтық көлемін есептеуде қолданылады. Жүйелік оператормен есеп айырысу алгоритмін, форматын және жеткізу регламентін келісу қажет;                                                                                                   

3) телеөлшемдер болған жағдайда, солардың негізінде есептік кезең ішінде нарық субъектісінің электр энергиясын тұтыну/өндірудің жиынтық көлемін есептеуде қолданылатын есептік кезеңдегі жүктеме профилі жасалады. Жүйелік оператормен есеп айырысу алгоритмін, деректерді беру форматы мен регламентін келісу қажет;

4) телеөлшемдері болмаған жағдайда, жүктеме профилі маусымдық сағат сайынғы бақылау өлшемдер, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің жұмыс режимінің басқа да өлшемдерінің статистикалық ақпараты негізінде қалыптасады;   

5) тұтынушының келісілген жүктеме профилі болмаған жағдайда, тұтынудың сағат сайынғы мәндерін анықтау үшін тұтынудың ұқсас құрылымымен немесе аталған тұтынушының жыл сайынғы жүргізілетін сағат сайынғы бақылау өлшемдерінің деректері бойынша тұтынушының үлгілі жүктеме профилін пайдаланады. 

Жүктеме профилі барлық қолданыстағы теңгерімдеуші нарықта тұтынудың сағаттық мәндерін анықтау үшін қолданылатынын атап өту қажет. Мысалға, Швецияда шамамен тұтынушылардың 40%-ы ЭКЕАЖ жүйесін орнатудың қымбат болуына байланысты теңгерімдеуші нарықта жүктеме профилі бойынша жұмыс істейді.

Теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу қалай жүзеге асырылатын болады?                                                                    

Электр энергиясы теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді Жүйелік оператор теңгерім провайдерлерімен жасалған теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету шарты бойынша жүзеге асырады, бұл ретте  теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату операцияларын есеп айыру орталығы теңгерім провайдерлерімен жасалған теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу/сату шарты бойынша жүзеге асырады.

Теңгерім провайдері үшін электр энергиясының теңгерімсіздігі Жүйелік оператордың бекітілген тәуліктік кестесінде осы сағат үшін көрсетілген көлемнен бір сағат ішінде қабылданған (босатылған) электр энергиясы нақты көлемінің алгебралық сомасы ретінде есептеледі (келісілген реттеулерді есепке ала отырып). Әрбір он күн сайын Жүйелік оператор теңгерімнің әрбір провайдері бойынша теңгерімсіздіктер бойынша өзара есеп айырысу ведомосын жасайды, онда әрбір сағат бойынша теңгерімсіздік көлемі мен белгісі, әрбір сағат бойынша теңгерімдеуші электр энергиясының бағасы, есеп айырысатын он күндіктегі дебет пен кредиттің жиынтық көлемі көрсетіледі. Есептік кезең (ай) нәтижелері бойынша Жүйелік оператордың есеп айырысу орталығы мен теңгерім провайдері арасында Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме нарығында электр энергиясын өндіру/тұтынудың нақты теңгерімі мен теңгерімсіздіктер бойынша өзара есеп айырысудың айлық ведомостары негізінде түпкілікті өзара есеп айырысулар  жүзеге асырылады.