«500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу» жобасы

Қазақ

 

«500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу» жобасының 1-кезеңін  іске асырудың мақсаты Солтүстік-Шығыс қимасындағы желілердің өткізу қабілеттілігін арттыру, Шығыс Қазақстан облысының тапшылығын электр энергиясын Ресей БЭЖ тораптары арқылы транзитіне қатыссыз қамтуды қамтамасыз ету және Бұлақ ГЭС-і контрреттегішін енгізу кезінде Шүлбі ГЭС-інің толық қуатын беруді қамтамасыз ету болып табылады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2011-2017 жж.

Жобаның құны ҚҚС-ны есепке алғанда49,9 млрд. теңге.

Жобаны қаржыландыру «KEGOC» АҚменшік қаржысы есебінен жүзеге асырылады.

Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңінде 747 адам, пайдалану кезеңінде 19 адам.

Іске асыру орны: Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары

Жобаның қазіргі уақыттағы жағдайы:

Қазіргі уақытта барлық объектілер Қабылдау комиссиясы актілерімен пайдалануға енгізілген. Жалпы ұзындығы 598,5 км 500 кВ «Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен және жалпы ұзындығы 106 км 220 кВ «Семей – Шүлбі ГЭС» 500 кВ «Семей» ҚС-ға кірумен электр жеткізу желілері салынған. 500 кВ «Семей» жаңа қосалқы станциясы салынған,  500 кВ «Өскемен» ҚС, 1150 кВ «Екібастұз»ҚС және 220 кВ «Шүлбі ГЭС» ҚС кеңейтілген.