Ұлттық электр торабын жаңғырту, ІІ кезең

Қазақ

«Қазақстан ҰЭТ-ын жаңғырту, II кезең» жобасын іске асырудың мақсаты болып электр энергиясы нарығы қызметінің тиімділігін арттыру, Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді тұрақты дамуын ұзақ уақытты перспективаға қамтамасыз ету, электр жабдығының нарық жағдайындағы тұрақты тиімді жұмысын қамтамасыз ету, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыру, жоғары вольтты жабдықтың техникалық және экологиялық қауіпсіздігін арттыру, жабдыққа қызмет көрсету және жөндеуге пайдалану шығыстарын азайту, техникалық деңгейді арттыру және Қазақстан ҰЭТ-ы жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету табылады.

 

Жобаны іске асыру мерзімі: 2010-2019 жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 49,7 млрд. теңге.

Жобаның сипаттамасы:

1-кезек 

55 қосалқы станцияда жоғары вольтты жабдықты ауыстыру;

220 кВ 1 шунттаушы реакторды орнату;

автотрансформаторларды орнату және ауыстыру: 500 кВ - 12 фазалық, 220 кВ - 11 жиынтық;

релелік қорғау құралдарын жаңғырту және ауыстыру.

2-кезек 

220 кВ Түлкібас   Бурное (т) ӘЖ салу (ұзындығы 61,3 км). 

 

Жобаның қазіргі уақыттағы жағдайы:

1-кезек 

1-кезең бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2014 жылы толықтай аяқталды. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілерімен 55 ҚС ішінен 55 ҚС пайдалануға  енгізілген. 

2-кезек

Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2019 жылғы 17 маусымда аяқталды. 

Объект 30.09.2019 ж. салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісімен пайдалануға енгізілді.