Компания тарихы

Қазақ

1997


 

11 шілде

Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқару жөніндегі құрылымдық реформалар аясында «Қазақстанэнерго» Ұлттық холдингі құзіретті кешенінің базасында «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы құрылды

1998


 

қазан

Ұлттық потенттік ведомствасына Компания атауы мен логотипін тіркеуге өтінім берілді

Жетекші халықаралық рейтингілік агенттіктер компанияның қаржылық жағдайын растады

25 қараша

ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесінде ТМД-ға мүше – мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету туралы шартқа қол қойылды

1999


 

қаңтар

Ұйымдастырушылардың бірі ретінде «KEGOC» қатысқан Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы құрылды

Жалпы құны шамамен 185 млн. АҚШ доллары болатын «ҰЭТ жаңғырту І кезең» жобасын қаржыландыру үшін Халықаралық және Еуропа Қайта құру және Даму банкімен несиелік келісімге қол қойды

2000


 

Ресей – Қазақстан – Орталық Азия қатарлас жұмысының тұңғыш электрлік жүйесі қалыптасты

2003


 

Қазақстан тарапының бастамасымен Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәджікстан ұлттық электр компанияларының қатысумен Орталық Азияның Үйлестіруші Электр энергетикалық кеңесі (ОА ҮЭК) құрылды 

«KEGOC» АҚ қызметкерлерінің бастамасымен «Энерготехкәсіподағы» Қазақстанның электр энергетикасы саласындағы қызметкерлердің кәсіподағы» қоғамдық ұйымы құрылды

2004


 

Қаңтар

«KEGOC» АҚ дәрежесін, құқықтары мен міндеттерін анықтайтын «Электр энергетика туралы» заң қабылданды

Наурыз

Жалпы құны 81 млн. АҚШ долларын құрайтын «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кв екінші электр жеткізу желісінің құрылысы» жобасы аясында ЕҚДБ және ҚДБ несиеслік келісімге қол қойылды

Маусым

Орталық кеңсе республикамыздың астанасына – Астана қаласына ауыстырылды

Тамыз

Энергетика және минералды ресурстар министрлігі бұйрығымен компанияға Қазақстанның Біртұтас энергетика жүйесінің Жүйелік операторы қызметі жүктелді

Директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақстанның БЭЖ-ін Орталық диспетчерлік басқару (ОДБ) Бас филиалы» «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» деп өзгертілді

2005


 

10 маусым

Астанада Орталық Азия Үйлестіруші Электр энергетикалық Кеңесінің 1-ші отырысы өтті

Қараша

Құны 187,8 млн. АҚШ доллары немесе 6 970,1 млн. теңге болатын «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желілері құрылысы» жобасы аясында ХҚДБ, ЕҚДБ, ҚДБ-мен несиелік келісімге қол қойылды

2006


 

Ақпан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен мемлекеттік акция пакеттері «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ орналастырылатын  акцияларын төлеуге берілді

қыркүйек,  Өлке қосалқы станциясы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» 500 кВ өңіраралық электр жеткізу желілері құрылысына рұқсат берді. Жоба мемлекеттік-жеке әріптестік қағидатында «Батыс транзит» АҚ жүзеге асырды, концессионердің акциялар пакетінің 20% «KEGOC» АҚ иелігінде.

22 желтоқсан

Еліміздің астанасы Астана қаласына Алматы қаласынан ҰДО филиалын көшіру аяқталды. Диспетчерлік бақылаудың жаңа қалқаны шетелдік қонақтарға, ТМД Электр энергетикасы кеңесі отырысының қатысушыларына таныстырылды.

Ұлттық Электр Торабын жаңғырту жобасын жүзеге асыруға сәйкес, SCADA/EMS жүйесі пайдалануға берілді.

«ҰЭТ жаңғырту, І кезең» жобасы аясында аналогты байланыс жүйелері сандық байланыс жүйелеріне (АТС, РРЛ, ВЧ байланыс) көшіру жүзеге асырылды

2007


 

«ҰЭТ жаңғырту, 1 кезеңі» жобасының негізгі құрамдас бөліктері жүзеге асырылды

Біріктіріліген менеджмент жүйесін (БМЖ) енгізу туралы шешім қабылданды

Компания  жыл сайын сапа менеджмент жүйесі (ISO 9001:2008), экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001:2004 және кәсіби қауіпсіздік пен еңбекті қорғау менеджмент жүйесі (OHSAS 18001:2007) саласында сертифиткатты растайды

Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу қолға алынды

2008

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы имитациялық режимде жұмыс істей бастады.

«KEGOC» АҚ мен «Энерготехкәсіподақ» қызметкерлері арасында үшжақты Ұжымдық шартқа қол қойылды.

Маусым

Атырауда Шетелдік инвесторлар кеңесі барысында ЕҚДБ-мен «ҰЭТ-ты жаңғырту, ІІ кезең» жобасын қаржыландыру үшін 255 млн.еуро сомасына кепілсіз қарыз беру туралы кредиттік келісімге қол қойылды.     

22 қазан

500 кВ-тық Шу (Жамбыл облысы) қосалқы станциясында 500 кВ «ОҚМАЭС-Шу» ӘЖ-ні пайдалануға қосудың салтанатты рәсімі өтті. «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасының бірінші кезеңі сәтті аяқталды.  ӘЖ  ЭМРМ-нің  2008 жылғы 03 желтоқсандағы № 298 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға қабылданды. 

Желтоқсан

17  желтоқсанда Үлке қосалқы станциясында 500 кВ «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» ӘЖ кернеуге қосылды.  500 кВ «Жітіқара-Үлке» ӘЖ ЭМРМ 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға берілді.           

Жалғыз акционердің шешімімен Корпоративтік басқару кодексі бекітілді.  

2009


«Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасы шеңберінде алғаш рет талшықты-оптикалық байланыс желісі ендірілді.  

27 мамыр

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен 500кВ «Ағадыр-ОҚМАЭС» ӘЖ «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасының үшінші кезеңі пайдалануға берілді. ӘЖ  ЭМРМ-нің 2009 жылғы 10 қыркүйектегі № 243 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға қабылданды.  

 

Қыркүйек

17 қыркүйекте 1150 кВ «Екібастұз» ҚС-да мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 500кВ «Екібастұз-Ағадыр» ӘЖ учаскесі салтанатты түрде пайдалануға берілді.  ӘЖ ЭМРМ-нің 2009 жылғы №327 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға қабылданды.   
Мегажобаның арқасында 1096 км 500кВ әуе желілері салынды – Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын энергокөпірдің қуаты екі есеге – 1350 МВт дейін артты.    

Қараша

«Мойнақ ГЭС қуатын беру» жобасын іске асыру үшін Халықаралық қайта құру және даму банкімен 48 млн. АҚШ доллары сомасына кредиттік келісімге қол қойылды.  

Желтоқсан

«ҰЭТ-ты жаңғырту» жобасы шеңберінде релелік қорғау және қосалқы станцияларды автоматтандыруды жаңғыртудың соңғы компоненті аяқталды.  

2010


Ақпан

Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының электрондық жүйесінде алғашқы мәміле жасалды.   

Сәуір

Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шарттардың толық пакетіне қол қойылды. БЭЖ РАО ИНТЕР, БЭЖ ФСК, БЭЖ ЖО серіктестік қарым-қатынастың жаңа қарым-қатынасы басталды.  

  
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында  компанияның 2025 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы бекітілді.   

Қараша

Директорлар кеңесінің шешімімен «Энергоинформ» АҚ еншілес кәсіпорыны құрылды.  

Желтоқсан

«500, 220кВ желілері Қазақстан БЭЖ-іне жалғанатын 500/220 кВ Алма ҚС салу» жобасын іске асыру үшін Халықаралық қайта құру және даму банкімен 78 млн. АҚШ доллары сомасына кредиттік келісімге қол қойылды.     

«ҰЭТ-ты жаңғырту, І кезең» жобасы шеңберінде жеткізілген РҚА мен МжәнеБЖ (Мониторинг және басқару жүйесі) жаңа микропроцессорлық жабдығын жұмысқа қосу аяқталды. РҚА мен МжәнеБЖ жабдықтарын жаңғырту «KEGOC» АҚ 67 қосалқы станцияларында орындалды.

2011


Қаңтар  

Компания Халық  ІРО жобасына қатысушылардың бірінші эшалонына енді. 

Наурыз

 «Стэндарт энд Пурс»  агенттігі GAMMA корпоративтік басқару рейтингін GAMMA 5+ рейтингіне дейін көтерді.

Мамыр

«220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ қайта құру» жобасы шеңберінде 220кВ ӘЖ қайта құруға 14,8 млн. US,  қалғаны  ЕҚДБ мен ҚДБ алдыңғы қарыздарын қайта қаржыландыруға арналған  соманы қоса алғанда ЕҚДБ-мен 156 млн. АҚШ доллары сомасына Кредиттік келісімге қол қойылды.

Қазан  

«Мойнақ ГЭС қуатын беру» жобасы шеңберінде гидростанцияны Қазақстан БЭЖ-мен және оңтүстік энергия торабының тұтынушыларымен байланыстырып тұратын 220 кВ әуе желілерінің жаңа учаскесі енгізілді.  

Қараша

500кВ «Екібастұз-Шүлбі ГЭС-Өскемен» ӘЖ-ні салу жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді.   
Мемлекет басшысының астаналық энергия торабын күшейту жөніндегі тапсырмасы орындалды. 500кВ ОБТҚ қосалқы станциясында жаңа автотрансформаторды орнату жөніндегі жұмыстар аяқталды – Астананың қуат резерві  25%-ға дейін -  500 МВА дейін артты. 20.10.2011ж. бастап  автотрансформатор кернеуге қосылды.

Желтоқсан

2025 жылға дейінгі инновациялық-технологиялық даму стратегиясы бекітілді 

«Электр энергетикасы саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі шеберлік жоспары» ғылыми-техникалық кеңесте мақұлданды.   

2012


Шілде

Мемлекет басшысы KEGOC бастамасымен көтерілген қуат нарығын құруды көздейтін Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. 

2013

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

Наурыз 

«Сенiм 2012» конкурсының  «Жұмыс беруші ең озық ұлттық компания» («Лучшая национальная компания работодатель») 2-дәрежелі дипломы берілді. 

Мамыр

«KEGOC» АҚ БҰҰ Ғаламдық шартына қосылды 

Шілде 

Кезекті бақылау аудитінің қорытындылары бойынша KEGOC қолданыстағы біріктірілген менеджмент жүйесі (БМЖ) халықаралық стандартқа сай деп танылды.

Қараша 

Fitch Ratings агенттігі эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (ЭДР) «BBB+». Болжам – тұрақты деңгейінде растады.

Желтоқсан 

«KEGOC» АҚ ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында алтын жүлдені иеленіп, Парыз-2013 сыйлығының лауреаты атанды    

Желтоқсан 

500 кВ «ОҚМАЭС-Алма» ӘЖ-нің құрылысы мерзімінен бұрын аяқталды.

2014

_____________________________________________________________________________________________________________

11 сәуір

«KEGOC» АҚ «Сенiм 2014» байқауында «Ең үздік жұмыс беруші-ұлттық компания» болып танылды

11 маусым

«KEGOC» АҚ «КӘЖ электр энергетикалық компаниялар үшін: бизнес тиімділігін арттырамыз» атты тұңғыш салалық бірегей бизнес-құралын әзірлеп, баспадан шығарды

 

2 шілде

Үкіметтің «Жаңа индустрияландыру: 2014 жылғы І жартыжылдық нәтижелері» ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары туралы есебі аясында өткен республикалық телекөпір барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ірі ауқымды жоба - «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транизитінің 500 кВ ӘЖ құрылысын» бастауға рұқсат етті

21 мамыр

«KEGOC» АҚ Әкімшілік ғимаратының құрылысы» нысаны бойынша жұмыстар аяқталды

 

18 желтоқсан

«Халықтық IPO» бағдарламасы аясында қазақстандық қор нарығына жазылу арқылы «KEGOC» АҚ қарапайым акцияларын алғашқы орналастыру жүргізілді. Қазақстандық ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жарияланған «KEGOC» АҚ қарапайым акцияларының саны – 25 999 999 дана.

2015

_____________________________________________________________________________________________________________

30 сәуір

«KEGOC»АҚ жылдық қаржылық есебі, таза табысты бөлу тәртібі бекітілген, 2014 жыл бойынша компанияның бір қарапайым акциясы есебінде төленетін дивиденд көлемін бекіту және қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімі қабылданған «KEGOC»АҚ акционерлерінің бірінші жылдық жалпы жиналысы болып өтті.  

 

13 мамыр

«KEGOC» АҚ өз қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған KEGOCбизнесін трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру басталғаны жөнінде хабарлады

 

25 мамыр

«KEGOC» АҚ 2014 жылдың қорытындысы бойынша 8 613 800 000 (сегіз миллиард алты жүз он үш миллион сегіз жүз мың) теңге көлемінде «KEGOC» АҚ қарапайым акциялары бойынша дивиденд төлемін жасады

 

21 қыркүйек

Қазақстан ұлттық министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC»АҚ-ның 2016-2020 жылдарға арналған шекті тариф деңгейін бекітті

 

25 қыркүйек

«KEGOC» АҚ Бригадалардың 110 кВ және одан жоғары ӘЖ қызмет көрсету және жөндеу бойынша халықаралық жарысыТМД қатысушы-мемлекеттері электр энергетика саласындағы персоналдарының кәсіби шеберліктерінің ХІІ халықаралық бәсекесінің нәтижесінде жалпыкомандалық екінші орынға ие болды.

 

16 қазан

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережесі, сонымен қатар қайта редакцияланған  «KEGOC» АҚ Жалғысы, Корпоративтік басқару кодексі, Директорлар кеңесі туралы ережесі бекітілді. 

 

2016

_____________________________________________________________________________________________________________

«KEGOC» АҚ 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылдық қаржылық есебі қаралған және бекітілген «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының отырысы өтті. 

 

Шілде

 

«KEGOC» АҚ Жоғары кернеулі үлкен электр желілері бойынша халықаралық кеңестің (Conseil International des Grands Réseaux Électriques – CIGRE) мүшесі болды. Электр энергетикасының барлық салаларында жұмыс істеп келе жатқан 1000-нан астам ұйымдар мен 6000-нан астам сарапшылар CIGRE мүшелері болып табылады. 

 

9 қыркүйек

 

«KEGOC» АҚ және еңбек ұжымының өкілдері арасында 2016-2020 жылдарға аналған жаңа ұжымдық келісімге қол қойылды.

 

23 қыркүйек

 

«KEGOC» АҚ командасы Қазақстанда өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы персоналдың кәсіби шеберлігі ХІІІ халықаралық жарысының-110 кВ және одан жоғары қосалқы станциялардың жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету бойынша халықаралық жарысында бірінші орынға ие болды.  

 

28 қазан

 

«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезекті жалпы жиналысы өтті, онда таза табысты бөлу тәртібі қарау, қарапайым акциялар үшін дивиденд төлеу және 2016 жылдың бірінші жарты жылдығы үшін «KEGOC» АҚ бір қарапайым акциясы есебінде дивиденд мөлшері туралы шешім, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын өзгерту туралы және 8 (сегіз) мүше есебінде құрамды анықтау туралы шешім талқыланды.  «KEGOC» АҚ  Директорлар кеңесінде  «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесіне өкілеттік мерзімі тұтастай алғанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі біткенге дейін тәуелсіз мүшелер сайланды. 

 

17 қараша

 

Орталық Азияның Үйлестіруші Электр энергетикалық кеңесінің 25-ші мерейтойлық отырысы өтті. 

 

18 қараша

 

«KEGOC» АҚ 2016 жылғы 18 қарашада «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша (KZ1C34930012) 2016 жылғы бірінші жартыжылдыққа жалпы сомасы 6 481 800 000 (алты миллиард төрт жүз сексен бір миллион сегіз жүз мың) теңге көлемінде дивидендтер төленді.    

 

6 желтоқсан

 

« 500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен ӘЖ салу»  жобасы бойынша нысандар пайдалануға берілді. 

 

12 желтоқсан

 

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтың қатысуымен «KEGOC» АҚ Жаңғырту жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді, онда 2017 жылға арналған KEGOC Бизнесті трансформациялау бағдарламасының жол картасы, жобалар портфелі, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының 2015-2020 жылдарға арналған болжамды қаржылық көрсеткіштері талқыланды. 

 

29 желтоқсан

 

2016 жылғы RAEX(Эксперт РА Казахстан) жылдық есептер конкурсының қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ «Орнықты даму туралы ең үздік есеп», «Ең үздік интерактивтік есеп» номинацияларында лауреат, ал «Дизайн және полиграфия» номинациясы бойынша номинант атанды.