Трансформациялау бағдарламасы

Қазақ

Бизнесті трансформациялау бағдарламасы

«Біздің бүгінгі қол жеткізген жетістіктеріміз – бұл келешекте компания дамыту үшін берік негіз болып табылады.Қазіргі таңда әлемде болып жатқан  оқиғалар, құбылыстар көз ілеспейтін жылдамдықпен өзгеріп жатыр,  еліміздегі және әлемдегі өзгерістердің,  шапшаң және үздіксіз дамып келе жатқан  технологиялардың,  ұрпақтардың ауысуы мен  жұмыс күшінің  жас кадрлармен белсенді түрде толыға түсуінің куәсі болып жүрміз.Мұның барлығы  өзіміздің компанияны қоса алғанда,  кәсіпорынның дамуына айтарлықтай ықпалын тигізеді.  Бизнесті трансформациялау бағдарламасы  біздің мықты жақтарымызды көрсетуге, сондай-ақ өз саламызда  алдыңғылардың бірі болып қалуымыз үшін  бұдан былай да  компания жан-жақты  жетілдіру саласын анықтап алуға көмектеседі.»

Б.Т. Қажиев, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы

Трансформациялау бағдарламасы не үшін қажет?

«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің алдына 2050 жылға қарай әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына кіру туралы міндет қойған болатын.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ (Қор) Қазақстан Республикасының бір қатар ірі активтерін иеленеді және Стратегияның мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті жағдайларда қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қордың және оның портфелдік компанияларының инвестициялық және операциялық қызметі тиімділігінің көрсеткіштері мемлекеттің Стратегиясының мақсаттарына  қол жеткізу жөніндегі  жағдайларды жасау үшін  жеткіліксіз. Қордың инвестициялық және операциялық қызметінің тиімділігін арртыру қажеттілігін қамтамасыз ету үшін  Қор  өз қызметін және портфелдік компанияларының қызметін кең көлемде түрлендіру бағдарламасын әзірледі.

Бизнесті трансформациялау дегеніміз не?

Бизнесті трансформациялау бағдарламасы – бұл қызметтің тиімділігін арттыру, біртұтас ақпараттық кеңістік пен біріктірілген басқару жүйесін құру және сондай-ақ үнемі жетілдіріліп отырылатын корпоративтік  мәдениетті құру мақсатында  қалыптасқан және  іске асырылаын «KEGOC» АҚ операциялық қызметі жобаларының жинағы.

Трансформациялау бағдарламасының мақсаты

·         Бизнес-процестер мен құрылымдарды стандарттау және оңтайландыру

·         Қызметтің тиімділігін арттыру

·         Біртұтас ақпараттық кеңістік пен біріктірілген басқару жүйесін құру

·         Үнемі жетілдіріліп отырылатын корпоративтік  мәдениетті құру

Трансформациялау бағдарламасын іске асыру кезеңдері

Трансформациялау бағдарламасын енгізудің барлық процесі және оны іске асыру нақты кезеңдерге бөлінген:

·         0-кезеңі: Дайындық – негізгі құжаттар дайындалады және бекітіледі, команда жасақталады, консультантты тарту процесі басталады.

·         1-кезеңі: Диагностика және дизайн – мүдделі адамдардың тізімі және өзара іс-қимыл жасау әдістері,  Қоғамды трансформациялау үшін  бағыттар тізбесі, құндылықтар тізбесін талдау, жоғарғы деңгейдегі процестер картасы, автоматтандыру басымдылығы және т.б. анықталатын болады.

·         2-кезеңі: Жоспарлау – трансформациялау жобаларын іске асыру кестесі бекітіледі.

·         3-кезеңі: Іске асыру – іске асыруға бекітілген жобаларды  кестеге сәйкес іске қосу.

Трансформациялаудың негізгі бағыттары

Процестер

•      Ішкі процестерді  олардың тиімділігін арттыру және процестер иелерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында  қайта қарау

•      Жетекші техникалық және жүйелік операторлармен бэнчмаркинг

•        Энергия тиімділік пен өндрістің экологиялығын арттыру

•      Төрешілдікті азайту

•      Ұйымдық құрылымның тиімділігін арттыру

Адамдар

•      Сақтау жүйесін жетілдіру және бірегей арнайы білім беру және  жоғары білікті кардларды ұстау

•      Барлық қызметкерлерге  бөлінетін компаниялар құндылықтары жүйесін нысандандыру

•      Жаңашылдықты ынталандыруға бағытталған  басқарушылық дағдыларды дамыту

•      Жалпы мақсаттар шеңберіндегі  бірлік мәдениетін күшейту және жалпы өзекті мәселелерді шешу

•      Еңбеккерлердің  жалпы іске  өз үлесін қоса білу саналылығын арттыру

Технология

•      Процестерді  осы заманғы үрдістерге сәйкес автоматтандыру

•      Біртұтас ақпараттық кеңістікті құру

•      Белсенді-бейімделген ҰЭТ-ты құру

 

Трансформациялау бағдарламасы компанияның барлық еңбеккерлерін қамтиды

Адамдар – бұл компанияның басты ресурстарының бірі, сондықтан Трансформациялау бағдарламасы персоналмен жұмыс істеуге басты көңіл бөледі. Компания Бағдарлама мақсаттарына сәйкес жаңа білімдер мен дағдыларды қоспағанда, барлық қызметкерлердің дамуына қолдау көрсетеді. Трансформациялау процесіне тарту қызметкерлерге  кәсіби шеберлігін арттыруға,  құнды іс-тәжірибе алуға, өзінің барлық әлеуетін көрсетуге,  көшбасшы болу қасиетін дамытуға және бастамашыл болуға  мүмкіндік береді.

Компанияның  мамандары Трансформациялау бағдарламасын іске асыу қажеттілігін түсіне білуі және  күрделі, бірақ  командадағы қызық және танылатын жұмысқа икемделуі тиіс.

Компания қызметкерлері үшін негізгі пайда:

  • Жоғары кәсіби шеберлік пен  құзыреттілікті бағалайтын  осы заманғы және озық компаниядағы жұмыс

  •  Өнімсіз жұмысты қысқарту

  • Еңбеккерлерді жеке еңбек нәтижелерін жақсартуға тарту

  • Біріктіретін және сенімді жұмыс ортасы

Бағдарламаны іске асыру үшін арнайы кәсіби шебер және компанияға немқұрайлы қарамайтын адамдардан команда жасақталады.