2016 жылғы 14 қыркүйекте «KEGOC» АҚ трансформациялау командасы Бизнесті трансформациялау бағдарламасы жобаларының ұзын тізімін берді

Қазақ

«KEGOC» АҚ-да Бизнесті трансформациялау бағдарламасы толығымен іске асырылуда. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Диагностика және дизайн» атты 1-сатысы аяқталды. Компания «Жоспарлау» атты 2-сатысына кірісті. Бұл саты аяқталғаннан кейін компанияның трансформациялау шеңберіне кіретін бизнесінің рөлі айтарлықтай артатын болады. 

2016 жылғы 14 қыркүйекте Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор С.Катышев, Бизнесті трансформациялау орталығының басшылығы мен Атқарушы дирекцияның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары арасында кездесу өткізілді. Бұл кездесуге Қордың СТТ Пайдаларды іске асыру блогының жетекшісі Ержан Елекеев қатысты. Кездесудің негізгі мәселелері бұл Бағдарлама жобаларының ұзын тізбесі, жобалардың, жобалау командаларының қысқа тізбесі мен портфелін жасау кезеңдері, жобаларды іске асырудың бұдан кейінгі процесі және Трансформациялау бағдарламасының 2-сатысы бойынша күтілген негізгі нәтижелерді талқылау болды.    

Бизнесті трансформациялау орталығының менеджері Е.Ахметов, Бағдарламаны басқару блогының жетекшісі Ю.Марулин және «Дамыту, жүйелік қызметтер және өндіру» тобының жетекшісі А.Асқаров кездесудің модератолары ретінде сөз сөйледі. 

Бағдарлама менеджерінің айтуы бойынша ұзын тізбе 19 жобадан тұрады. Олардың ішіндегі анағұрлым басымдары іске асырылатын жобалардың қысқа тізбесіне енгізілетін болады. Бұдан әрі қысқа тізбе жобалардың портфелінде трансформацияланады. Ерекшелігі Компания басшылығымен және жаңғырту жөніндегі кеңеспен келіскеннен кейін Компания таңдап алынған жобаларды бес жыл ішінде іске асырады. Портфельде жергілікті жобалардан басқа Қор орталықтандырған бірқатар жобалар да болады.   

Қазіргі уақытта басым жобалар тізбесін анықтау және оларды бизнеспен талқылау бөлігінде белсенді жұмыстар жүргізілуде. Онымен қатар жобалау командаларының ықтимал мүшелері айқындалып, жобалар бойынша мерзімдері мен жұмыстарды толтыру зерттелуде.