2022 жылға қарай KEGOC технологиялық жүйелердің киберқауіпсіздігін арттырады

Қазақ

24 қыркүйекте Жоба демеушісі, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор Төлеген Сафуанидің төрағалық етуімен трансформацияның жаңа жобасы «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету» бойынша бағыт беретін кеңес өтті. Іс-шараға жобаның ұйымдастырушылық периметріне кіретін мүдделі тұлғалардың өкілдері, сонымен қатар Қордың цифрлы трансформациясының Орталық кеңсесінен бағыт жетекшілері қатысты. 

Бұл бастама «KEGOC» АҚ ақпараттық қауіпсіздігін дамытудың 2022 жылға дейінгі бағдарламасын іске асырудың жалғасы болып табылады, сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының киберқалқанын құруға бағытталған. 

Жоба шеңберінде KEGOC-та желінің технологиялық сегментінің қорғанысын құру және қолданушылардың өндірістік технологиялық жүйелерге қолжетімділігін бақылау бойынша шаралар ендіру жоспарланып отыр. Жобаның ұйымдық периметріне Атқарушы дирекция, «ЖО ҰДО» филиалы, компанияның 9 аймақтық филиалы және «Энергоинформ» АҚ еншілес ұйымы кіреді. 

Киберқауіпсіздіктің архитектуралық құрылымын анықтау үшін «KEGOC» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлері Компанияның ақпараттық инфрақұрылымын бірлесе зерттеді. Оның нәтижелері бойынша технологиялық желідегі ауытқуларды талдайтын және Компанияның өндірістік технологиялық жүйелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін екі автоматтандырылған жүйе ендіру қажет деп шешілді. 

Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздікті жоғары білікті қолдау және сарапшылық қызмет көрсету мақсатында «Қазақтелеком» АҚ негізінде ұлттық компаниялардың ақпараттық қауіпсіздік жүйелері қосылатын Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы құрылады. Орталық мамандары келіп түскен деректерді талдайды және қажет болған жағдайда техникалық қолдау көрсетеді, сараптама жасайды және белсенді іс-шаралар өткізеді. Стратегиялық ұлттық компаниялар үшін техникалық және сараптамалық қолдауды орталықтандыру экономикалық тұрғыдан тиімді, себебі мұндай қызметтер жоғары шығынды және жеке тәртіпте жұмылдыру үшін тиімсіз болып табылады. 

Жоба демеушісінің айтуы бойынша Киберқалқан құру мемлекет үшін стратегиялық маңызды технологиялық жүйелерді бақылау ғана емес, соған қоса қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін алынған деректерді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз бұрын қабылдаған ақпараттық қауіпсіздік бағдарламасы Компанияның өндірістік, операциялық және корпоративтік қызметін қорғаудың тәуекелге бағытталған және тиімді жүйесін құруға бағытталған. Қойылған міндеттерді іске асыруда жоба қатысушыларының белсенді көмегіне сенеміз,- деді Төлеген Сафуани. 

Жобаны іске асыру 2022 жылдың соңына дейін 28 айға жоспарланған. Бұдан бұрын компанияда «АҚ нысаналы моделін ендіру» жобасы іске асырылды. Оның шеңберінде KEGOC корпоративтік секторының барлық ақпараттық жүйелерін қамтитын SIEM ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын басқару жүйесі сатып алынды және енгізілді, «KEGOC» АҚ Ақпараттық қауіпсіздігінің 2022 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленді және жеке ұйымдық құрылым құрылды.