Алдын ала қамдан: трансформациялау командасы Жобалардың демеушілерін оқытуды ұйымдастырды

Қазақ

«KEGOC» АҚ-да Бизнесті трансформациялау бағдарламасы Компанияның аса маңызды күйі бола отырып, даму үстінде. Трансформациялау командасы «жағдайды бақылауда ұстауда», себебі алда 3-кезең - Жобаларды іске асыру күтіп тұр.  

Бизнесті трансформациялау орталығының басты міндеттерінің бірі бүгінгі таңда Жобалар және жобалау командалары демеушілерін дайындау болып табылады.

«KEGOC» АҚ мен «КПМГ Такс энд Эвайзори» ЖШС арасында жасалған ағымдағы жылдың 3 қазанынан бастап 3 қарашасы аралығындағы кезеңде консалтингтік қызметтер көрсету шарты шеңберінде: «Бизнес-кейстерді бағалау әдістемесі», «Стратегиялық менеджмент», «Жобаларды басқару» және «Жобалар портфелін басқару» тақырыптары бойынша семинарлар сериясы өткізілді.

«Бизнес-кейстерді бағалау әдістемесі» бойынша семинарға БТО сарапшылары мен бизнес өкілдері қатысты. Аталған оқыту БТО командасына, жобалар портфеліне Іске асыру кезеңіне кірген жобалардың бизнес-кейстерін уақтылы және сапалы бағалауға мүмкіндік берді. Осы білімдер келешекте, сондай-ақ іске асыру барысында бизнес-кейстерді бағалау кезінде қажет болады.

Бизнесті трансформациялау бағдарламасы бұдан әрі дами түсу үшін де күшті ынталандыру болып табылады, осыған орай «KEGOC» АҚ стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ деректерді басқару, АТ, өзгерістерді басқару, тиімділікті басқару, адами ресурстарды басқару жөніндегі стратегиялар жалпы Компания үшін өзекті және маңызды болып табылады. Осыған орай, келесі болып «Стратегиялық менеджмент» бойынша семинар өткізілді. Оған стратегияның әзірленуіне жауапты БТО мен Компания бизнесінің қызметкерлері қатысты. Оқуға қатысушылар компания стратегияларына әсер ететін заманауи үрдістермен және факторлармен, стратегияны енгізу кезеңдерінің негіздерімен және стратегияны әзірелеуді ұйымдастыруға қойылатын талаптармен танысты. Семинардың басты бөлімі топтардағы практикалық жұмыстар болды. Олар теориямен бірлесе отырып,  қатысушыларға стратегияларды ғана емес, сонымен қатар басқарылатын режимде дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеуге мүмкіндік берді. Стратегиялық даму жоспары жайында айтқан кезде, белгілі-бір уақыт кезеңінде Компания операциялық қызметті жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар дамып, яғни қызметтің сапалық өзгерістерін жүзеге асыратын болады деп болжанады.

 

«Жобаларды басқару» семинарының мақсаты 3-кезең - Іске асыруға арналған жобалардың болашақ менеджерлерін дайындау болды. «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС сарапшылары жобаларды басқарудағы заманауи трендтермен және жобалық менеджментке оқыту практикаларымен таныстырды,  жобалау менеджменті саласындағы халықаралық стандарттар және оларды пайдалану әдістері, жобалау тәсілі призмасы арқылы ұйымдағы трансформацияны және өзгерістерді басқару мәселелерінде және жобалар үшін ықтимал тәуекелдерді төмендетуде жобалау менеджменті тиімділігінің негіздерін қарастырды. Оқытудың практикалық бөліміне практикалық кейстер бойынша топтардағы жұмыстар мен Microsoft Project бағдарламасындағы жұмыстар кірді. Басқарма төрағасы Б. Қажиевтың, Компанияның Басқарма мүшелері мен Бас директорларының, БТО Блоктары мен топтары басшыларының, сондай-ақ болашақ жобалау менеджерлерінің қатысуымен өткен  «Жобалар портфелін басқару» қорытынды семинары Компания үшін маңызды оқиғаға айналды. Себебі, бір жағынан оқытудағы басты мақсат – «Іске асыру» кезеңіне арналған болашақ Жобалар демеушілерін дайындауға қол жеткізілді, екінші жағынан – «KEGOC» АҚ ТОП-менеджменті алғаш рет топтағы оқытудан өтті. Қатысушылардың қызығушылықпен қатысуы, олардың жобалар портфелін басқару процестерін зерттеуге дайындығы мен ашықтығы, практикалық топтық жұмыстардағы жоғары белсенділігі арқасында семинар барысында орын алған қолайлы атмосфераны атап өткен жөн.