Бір команда – ортақ табыс!

Қазақ

«KEGOC» АҚ-ның менеджменті дұрыс адами капиталдың жинақталуына,  еңбеккерлердің және компанияның табысы мен игілігіне қамқорлық жасай отырып, Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде корпоративтік мәдениетті нығайту және команда құру үшін корпоративтік семинар өткізу туралы шешім қабылдады.

Семинардың мақсаты мынадай болатын: 

•        Ұжымның біртұтастығы, ұйымшылдық пен ауызбіршілік сезімін қалыптастыру;

•        Қызметкерлердің бәсекелестік сезімін ынтымақтастық сезімге алмастыру;

•        Ұжым мүшелері арасында тиімді өзара іс-қимылға үйрету;

•        Командада сенім мен түсіністікті ояту;

•        Команданы біріктіру, «командалық рухты» жаңа деңгейге шығару;

•        Компанияда көлденең байланыстарды нығайту;

•        Қызметтің ынталануын арттыру. 

Жобалық командаларға қатысушылар, Атқарушы дирекцияның құрылымдық бөлімшелерінің, «ЖО ҰДО» және «Ақмола ЖЭТ» филиалдарының, еншілес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері «Green park» демалыс аймағында болған «Командалық өзара іс-қимыл» семинарына қатысты. Алға қарай табысты жылжу үшін ұтқыр, икемді, тартымды және жан-тәнімен беріле білу керек. Болашақтағы жұмысқа мүдделілік, тартымдылық, командалық рух, біздің қанағаттануымыз «KEGOC» АҚ-ның айқындаушы бәсекелестік артықшылықтары болып табылады.

Семинар жобалық командалардың «Іске асыру» 3-сатысындағы тағы бір баспалдақ болды, командаларда тиімді коммуникацияларды және сенімді дамытуға, командалардың белсенділігі мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, нәтиже үшін жеке жауапкершілік деңгейін арттыруға көмектесті.                                                                                                  

Компаниядағы жобалық командаларға қатысушылармен бірге команда құрушы семинарға «KEGOC» АҚ трансформация жобаларының портфелін  басқару жөніндегі директор, Қордың орталық трансформация командасының жетекшісі Виталий Жадовиннің қатысқанын атап өту қуанарлық жәйт.

Күндізгі  семинардың барлық бағдарламасы бір демде өте шықты.

Жаттығулардың барлығы сайыстық рухта өтті және тәртіптің табиғи модельдерін көрсетті, бұл қатысушыларға олардың өз тәртібі мен әріптестерінің тәртібінің команданың мәдениетіне және нәтижелеріне, яғни тұтастай компанияға қалай әсер ететінін тұжырымдауға  жәрдемдесті. Командаларға арналған барлық тапсырмалар болып жатқан өзара байланыстардың баршасы команда мүшелерінің арасында ортақ түсіністік тудыру үшін тамаша құрал болып қызмет етті.

Әрбір жаттығудан соң «қанат қағысты талдауға» толық мән беріле, игерілген сабақтарды осылайша белсенді талқылау барлық белсенділіктер қатысушылардың тәртібін өзгертетіндей және біртұтас команданы қалыптастыратындай жүргізілді.

Іс-шараға қатысушылар үшін компанияның құндылықтары туралы «Біз бір отбасымыз- біз күштіміз!» атты фильмнің түсірілімі кешкі ас кезіндегі командалық жұмыстар нәтижелерін таныстырумен, тиісті музыка таңдаумен және түсініктемелер жиынымен бірге өте қызықты тапсырмалардың бірі болды. Барлық үш команда осы тапсырманы «өте жақсы» деген бағаға орындағандығын атап өткен жөн.

Команда құрушы семинарға қатысушылардың бәрі де орасан зор жақсы әсер, қуат зарядын алды және ең бастысы, жобаларды іске асыру сатысындағы командалардың өзара іс-қимылының маңыздылығын  ұғынды.  

Мұндай іс-шаралар –трансформация жобаларын бар ынтасымен беріле іске асыруға қабілетті ниеттестердің табысты командасын құрудың тұтқасы.