Электр энергетика саласы ары кетсе 20 жылдан кейін толық өзгеруі мүмкін

Қазақ

  «KEGOC» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры Айбек Ботабеков «Самұрық-Қазына» АҚ бірінші жастар сараптама-консультативтік кеңесі шеңберінде өткен «ULES» сана трансформациясы (ауд. – ортақ іске үлес) конференциясында Электр энергетикасының даму перспективасы туралы осындай ойлармен бөлісті. Аталған іс-шара «Самұрық-Қазына» қорының компаниялары тобындағы бизнесті трансформациялау бағдарламасына қатысушы жас көшбасшылары және белсенді қатысушыларын біріктіреді және жаңа өзгерістер және тәжірибе алмасуға қатысты алдыңғы қатарлы идеяларды жылжытуға бағытталған. 

  Бүгінгі таңдағы трансформация бағдарламасы –  қызметтің тиімділігін арттыру, біртұтас ақпараттық кеңістік  және басқарудың біріктірілген жүйесін қалыптастыру, сонымен қатар тұрақты жетілдірудің корпоративтік мәдениетін қалыптастыру мақсатында жасалған және іске асырылатын «KEGOC» АҚ қызметі шеңберіндегі жобалар жиынтығы.  Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қадамдық бағдарлама әзірленген, олар бойынша өзгерістержөніндегі агенттер командасын дайындау жүргізілген, компания процестерін диагностикалау және болашақ іс-қимылдар архитектурасының дизайны жүргізілген. Компания басшылығы әлемде қазіргі кезде болып жатқан өзгерістерге жедел жауап қату дағдыларын енгізу қажеттілігін толықтай сезінеді. 

  - Біздің компаниямыз бұдан әрі қай бағытта дамуы мүмкін? Біз монополистерміз. Бір қарағанда, отырып алып табысқа масаттануға болатын сияқты. Алайда, олай емес. Технологиялар тез өзгеруде, ары кетсе 20 жылда барлық электр энергетикасы саласы толықтай өзгеруі мүмкін. Біз қазірден бастап 20 жылдан кейін немен айналысатынымызды ойлауымыз қажет. Біз  қаласақ та, қаламасақ та, бәрібір өзгереміз. «Сондықтан, егер біз өзгермесек, онда өмірдің негізгі ағымынан шетке шығып қаламыз», -деп санайды Айбек Ботабеков.

  Дәл қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ бизнестің барлық процестерін үздіксіз жетілдіру бойынша қуатты механизмді іске қоса отыра басым жобаларды іске асырудың басы болып табылатын «Іске асыру» Бизнесті трансформациялау бағдарламасының үшінші сатысында тұр. 

  Процестер мен ең жаңа технологияларды жұмысқа енгізуден басқа, ең басты капитал – адамдар да транформацияға ұшырайды. Бұл негізгі бағыт қызметкерлердің барлығының Трансформацияның мақсаттарына сәйкес жаңа білім мен дағдыларының дамуына ықпал етеді.  Өзгерістер процесіне жұмылдыру - қызметкерлердің кәсібилігін арттыруға, құнды тәжірибе алуына, бойындағы жасырын әлеуетін ашуға, көшбасшылық қасиеттерін, бастамашылдығы мен командадағы танымдық жұмысын дамытуға мүмкіндік береді.

  «Өзіңді өзгерте отыра, әлемді өзгертесің» - жастар кеңесі осындай ұранмен өтті және бұл іс жүзінде де осылай. Форум спикерлері трансформациялаудың өзін өзі жетілдірудің қызықты оқиғаларымен бөлісті, осы арқылы жастардың жақсы сезімі мен әсерлерін туындатты. Қазіргі замандағы әсер етудің негізгі құралы ретінде әлеуеттік желілер мен медиадағы үдерістер туралы әңгіме еткен атақты блогерлер және медиалық тұлғалармен кездесу де тартымды іс-шара болды. Көптеген экскурсиялар, семинарлар, тимбилдинг, өзіндік TED форматтарындағы кездесулер мен таныстырылымдар және «көрпешка-патилар» ешкімді бей-жай қалдырмады. «KEGOC» АҚ-ның жас көшбасшылары форумда белсенді іс-қимылдарға оң бағыт алғандарын және жаңа дос тапқандықтарын атап өтті.  Осы іс-шараға қатысушылардың пікірлері мындай.

   Байтурова Айгүл, Бизнесті трансформациялау орталығының Өзгерістерді басқару блогының басшысы:

  «Сараптама-консультативтік кеңесі -  уақтылы және қажет іс-шара. Сананы трансформациялау саласындағы үздік спикерлермен кездесу өткізу, депутаттармен сараптамалық клуб,  «workshop», blogcamp «Корпоративтік блогерлік» форматындағы өзгерістерді басқару жөніндегі ақпараттық сессия, спорттық-сауықтыру және мәдени-ойын-сауық іс-шаралары өзгерістердің 15-тен аса көшбасшысын Қордың бұрынғы өткізіп жүрген кеңестері және жұмыс кездесулерінен артығырақ дәрежеде біріктірді. Форумның барлық қатысушыларында рух бірлігі мен өз ұйымдарында өзгерістерді бірлесе жүргізу және өзгерістердің көшбасшысы болсам деген үлкен ниет пайда болды! Ал бұның өзі-өз бетінше үлкен нәтиже!»

  Ерлан Шалбаев, «Оңтүстік ЖЭТ» филиалы бас инженерінің орынбасары:

  «Форум өте ұнады. TED нысанындағы таныстырылым спикер мен тыңдаушы аралығындағы шекараны жоюға мүмкіндік береді. Сапалы іріктелген спикерлер заманауи жастарды қызықтыратын техникалық, экономикалықтан бастап спорттық-шығармашылыққа дейінгі мәселелердің кең шеңберін қамтыды. Спикерлер қалыптасқан тұлғалар болды, олар өздерінің бай тәжірибелерімен бөлісіп, жас көшбасшыларды жетістіктерге бағыттады. 

  Менің жеке басым үшін осы форум табысты жұмысқа деген қуатты құлшыныстан бөлек жаңа адамдармен, «SAMRUK KAZYNA» холдингінің басқа еншілес компанияларындағы әріпетестеріммен танысуға,одан әрі бірлесе табысты қызмет атқаруға бағытталған «networking» қалыптастыру үшін мүмкіндік берді. Біздің «KEGOC» АҚ компаниямыз өзінің корпоративтік рухын көрсетті, спикер А.Т.Ботабековтың баяндамасы үздіктердің бірі болды, біз әртүрлі тренингтерге қатыстық, ең бастысы форумға қатысушылар өз компанияларында қолданылатын үздік тәжірибелермен бөлісті.»

  Бахтияр Дюсебаев, БТО Бизнес-шешімдерді әзірлеу блогының «Активтерді басқару және жеткізу» тобының «ТОРО» бағытының бас сарапшысы:

  «Сараптамалық-консультативтік кеңестің өткен отырысы Қордың барлық портфельдік компаниялары көшбасшыларының пікірі пулының қалыптасуы үшін тамаша алаң болып табылады,сонымен қатар, трансформация, корпоративтік коммуникацияларды дамыту, қоғамдық сананы жаңғырту, жақсарту және олардан туындаған өзгерістердің идеясын тарату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және өңдеуге арналған платформа болып танылды.»

  Алмагүл Жакеева, Мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл және коммуникациялар жөніндегі департаменттің бас маманы:

  «Тартымды формат және қызықты тақырып. Өз басым трансформацияны тереңірек, атап айтқанда, өзіңнен бастау қажет процесс деп түсіндім. Себебі, өзіңді өзгерте отыра, ғаламдық процестерге әсер етуге болады. Дами, оқи және өзімізді компания қызметкерлері ретінде жаңа дүниелерді сынап көре отыра, бизнесті алға жүргіземіз. 

  Марафоншы Марат Жыланбаевтың жеке басын мысалға алып сөйлеген сөзі ұнады, сонымен қатар біздің компаниямыздың басқарушы директоры Айбек Ботабеков трансформация процесін және оны не үшін жасайтындығымызды қарапайым да түсінікті сөздермен сипаттады. Форумда тағы да көптеген қызықты баяндамалар болды. 

  Қатысқаныма және өз орындарында өзгерістердің катализаторлары болу әуестіктері болып табылатын жаңа адамдармен танысқаныма қуаныштымын.»