Энергия жүйесінің 2019 жылы ендірілген WAMS мониторингісі жүйесі негізіндегі жұмыс нәтижесі алынды

Қазақ

28-29 қаңтарда KEGOC-та  жүйе жұмысын синхрондалған векторлық өлшемдердің WAMS (Wide Area Monitoring System) негізінде мониторингілеу нәтижелері бойынша ақпараттық сессия өтті. Жүйелік есепті жобалау командасының мүшелеріне  және негізгі қолдаушыларға General Electric Company жеткізуші компанияның өкілдері таныстырды. 

Кездесу шеңберінде қатысушылар жасалынған жұмыстар көлемімен танысты, қосымшалардың және коммуникациялардың функционалдарымен байланысты жүйе жұмысының ерекшеліктерін талқылады, сонымен қатар  PhasorAnalytics қосымшасында бірлесе жұмыс істеді және жүйеге қажетті баптауларды енгізе алды.

WAMS жүйесі e-terraPhasorPoint заманауи бағдарламалық кешені базасында тәжірибелік пайдалануға 2019 жылғы бірінші тоқсанда енгізілді және өткен жылдың ішінде 500 кВ «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитінің энергия жүйесіндегі динамикалық процестерінің мониторингін жүзеге асырды. Шешім энергия объектілерінен синхрондалған деректерді өлшеу мен жинауды қоса алғандағы міндеттердің кең спектрін, сонымен қатар алынған деректерді диспетчерлік орталықтарда өңдеу мен талдауды қамтиды.

E-terraPhasorPoint бағдарламалық жасақтамасы шешімдерді қабылдау кезеңдерін тәулік бойғы жедел басқару шеңберінде оңтайландыруға мүмкіндік береді. Өлшеулердің жоғары дәлдігі мен жоғары синхрондауы тұнықтығы жоғары (секундына 50 өлшеу) деректер ағындарын өңдеуге, сонымен қатар энергия жүйесінің табиғи тербелістерінің мониторингін жүзеге асыруға  және теріс электр механикалық тербелістерінің көздерін аз ауытқулары кезеңінде жедел айқындауға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, жүйелік аварияны дамыту туралы куәлік ететін технологиялық бұзушылықтарды уақтылы айқындауға, сонымен қатар сақтандыратын іс-қимылдарды дайындау үшін қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

 

WAMS жүйесінен алынған деректер негізінде жобаның мына құрамдасының - WAСS басқару жүйесінің алгоритмдері әзірленеді.