Интеллект жоғары болса, нәтиже де жоғары!

Қазақ

2016 ж. 9-10 тамыз аралығында «KEGOC» АҚ-ның трансформациялау командасы «Эмоционалдық интеллект, коммуникативтікдағдылар, ықпал ету және сендірудағдылары» тақырыптары бойынша оқудан өтті. Бұл әр қатысушыға эмоционалдық және коммуникативтік құзыреттілігін дамытып, жетілдіруге, сондай-ақ ықпал ету және сендіру дағдыларын дамытуға, ал ол өз кезегінде қызметкерлерге команданың аса тиімді мүшелеріне айналуға және бірлесіп тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Семинарға сондай-ақ «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалының өзгерістер агенті Кенжеғарина Салтанат қатысты.

Керемет атмосфера, әр қатысушының қатысып, ашық болуы, жақсы эмоциялар мен тамаша әсер!

Оқытуды «DarmenConsulting» ЖШС-ның құрылтайшысы және жаттықтырушы Әсел  Мұратова өткізді. Эмоционалдық интеллект негіздерін білу жеке бастың дамуы мен жетістігінің маңызды факторы ретінде танылады және көшбасшылық әлеуетті дамытудың қажетті компоненті болып табылады. Аталған оқыту қызметкерлерге одан да жақсы өзара түсіністікке қол жеткізуге, маңызды және ұсақ мәселелерді шешу үшін ортақ тіл табуға, командадағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ ақпаратты ауызша және жазбаша жеткізу саласындағы білімдер мен дағдыларды жеткілдіруге, серіктеспен және аудиториямен іскерлік қарым-қатынас стилін, белсенді тыңдау және сұрақтар қою техникасын, жеткізу және кері байланысты қабылдау техникасын, іскерлік қарым-қатынас жағдайларында конструктивтік ықпал ету техникасын анықтауға мүмкіндік береді.   Осының барлығы, сөзсіз, «KEGOC» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау бағдарламасының 3-сатысы шеңберінде жаңа жобаларды сәтті іске асыру үшін әріптестермен, клиенттермен және жеткізушілермен өзара тиімді іс-қимыл жасауға және жобалық шешімдерді келешекте пайдалануға ықпал ететін болады.

Семинар соңында, қатысушылар эмоциналдық интеллект деңгейін анықтау үшін жеке тесттен өтті. Сонымен қатар жаттықтырушының жоғары кәсіби қабілетін және жетілдірілген білімдер мен дағдыларды бұдан әрі жұмыста қолданудың тиімділігін атап өтті.