«KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясында жобалау командаларының мүшелеріне оқыту өткізілді

Қазақ

Ағымдағы жылғы наурыздың 13-і мен 15-і аралығында «KEGOC» компаниясының портфелі жобаларын іске асырудың бірінші кезеңі аясында  жобалау командалары, қызметтік топтар мүшелеріне және Жоба демеушілеріне оқыту өткізілді.Бизнесті трансформациялау, жобаларды және өзгерістерді басқару әдістемесі оқудың негізгі тақырыбы болды. Оқытуға шамамен 100-ден аса адам қатысты.Олардың барлығы жобалар бойынша ағымдағы білім деңгейіне қарай үш топқа бөлінді. Оқуды Бизнесті трансформациялау орталығы Өзгерістерді басқару блогы ұйымдастырды. Бұл ретте «Самұрық-Қазына»АҚ «СКБС» ЖШС-нің өкілдері-ЖББбас менеджері А.Салқымбаева, «Басқарушылық есепке алу» бағытының бас менеджері Горелик Д., «Өзгерістерді басқару» бағытының жетекшісі П.Колесник, ЖББ бас менеджері А.Пак, бағдарлама қаржыларын басқару жөніндегі менеджер А.Мусан негізгі спикерлер мен баяндамашылар ретінде сөз сөйледі. Жаттықтырушылардың бірі ретінде біздің компанияның БТО ЖББ блогының жетекшісі Юрий Марулин сөз сөйлеп, қатысушыларға Трансформациялау бағдарламасындағы жобаларды басқару ерекшеліктері туралы түсіндірді.

Оқыту кезінде ұсынылған тақырыптар жеңіл болып көрінсе де, жобалау командаларының барлық қатысушыларының жаңа рөлге енуге тура келгенін  атап өту қажет. Сондықтан да оқытуда жобалар мен өзгерістерді басқаруға үлкен көңіл бөлінді.

Оқыту қатысушылар мен спикерлер арасында сындарлы сұхбат түрінде өтті. Болашақ менеджерлер мен Жоба демеушілерін қызықтырушы бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Өткізілген оқыту сапасы мен тиімділігін анықтау үшін барлық қатысушылар кері байланыс түрінде сауалнама толтырды. Сауалнамаларғы жүргізілген талдау Жобалардың демеушілері, яғни жоғары буын басшылары үшін оқыту неғұрлым пайдалы да тиімді болғанын көрсетті.Қалған қатысушылар үшін бұл алған білімдерін құрылымдап, жаңартуға жақсы негіз болды.