«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бизнесті трансформациялау бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстың ағымдағы дәрежесі жөніндегі есепті тыңдады

Қазақ

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы, Бизнесті трансформациялау бағдарламасының демеушісі Б.Т.Қажиевтің Бизнесті трансформациялау орталығының қызметкерлерімен кезекті кездесуі өткізілді. Кездесу барысында трансформациялау қызметінің бағыттары бойынша үш есеп қарастырылды, олар: 1 және 2-деңгей процестерінің картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстың алғашқы дәрежесі, қолданыстағы АТ-архитектурасының диагностикасы бойынша есеп және өзгерістерді басқару жөніндегі дәреже-есеп.

Бизнес-шешімдер блогының жетекшісі Х.А.Қазиев 1 және 2-деңгей процестерінің картасы бойынша жасалған бірінші есеп шеңберінде бағдарламаға қатысатын компаниялар үшін Қордың референттік  моделіне негіз болған стратегиялық жоспарлау, операциялық қызмет және корпоративтік басқару туралы әңгімелеп берді. Компания қызметінің негізгі құрамдас бөліктері қатар жүретін 1 және 2-деңгей процестеріне бөлінеді. Процестер картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстың ағымдағы дәрежесі «жылу картасы» түрінде көрсетілді. Тұтастай алғанда қазіргі таңда портфелдік компаниялар үшін жалпыға бірдей стандартталған процестер бизнеспен келісілді. Компанияның «KEGOC» АҚ-ға тән, жекелеген қызмет бағыттарын келісу барысында бұдан әрі талқылауды талап ететін мәселелер баршылық. Қатысушылардың назарына ұсынылған «ҚНК құрылымының» моделі ҚР заңнамасының қызмет спектрлерін кеңейту жөніндегі өзгерістеріне және 2016 жылғы қаңтардан бастап жаңа нарықтың пайда болатынына байланысты сыртқы түрін өзгертеді деп болжамдалуда. Активтер мен сатып алу бағыттары бойынша процестер картасы да өзгеріске ұшырауы мүмкін. 

АТ-архитектурасының диагностикасы жөніндегі есеп жобасында деректер архитектурасы, қосымшалар архитектурасы және технологиялық архитектура деген үш кеңістікте жүргізілетін талдау көрсетілді. АТ-архитектурасы элементтері жай-күйінің, компанияның өндірістік және қамтамасыз ететін процестері бөлігінде бағдарламалық жасақтама лицензияларын пайдаланудың аралық нәтижесі алынды. Іс жүзінде қолданылатын жүйелердің жағдайына сараптамалық баға дайындалды. Есеп бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс жалғасуда.   

Трансформациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде өзгерістерді басқару туралы таныстырылым өзгерістерді бағалаудың негізгі құралдарын ашып көрсетті, өткен кезеңдегі өзгерістерді басқару блогының 7 әсері және алдағы кезеңдерге арналған жоспарлар туралы әңгімеледі. «Бір де бір ұйым өз бетімен өзгермейді, кез келген өзгерістер адамдардың өзгеруі арқасында ғана орын алмақ» - деген пікірді Бақытжан Қажиев та қолдап отыр.  

Талқылау қорытындылары бойынша Басқарма төрағасы Б.Т.Қажиев Орталықтың атқарған жұмысына қанағаттанғанын білдіріп: «Барлық бағыттар бойынша бағалай келе, талай жұмыстар атқарылғанын, ал  консультанттардың болмауын ескеретін болсақ, сіздер атқарған жұмыстардың бағасы одан әрі арта түсетінін айтқым келеді» - деп атап өтті. «Біз бүгінгі таңда процестер бойынша  жұмысқа кіріспес бұрын адамдармен жұмыс жүргізуіміз қажет» - деп адамдарды трансформациялауға тарту жұмыстарын жүргізу қажеттігіне ерекше назар аударды. Басқарма төрағасы трансформациялау бағыттары жөніндегі мәселелерді талқылау үшін компания басшылығының қатысуымен ресми емес түрде кездесу өткізуге болатынын атап өтті.