«KEGOC» АҚ-да трансформациялау жобалары бойынша бағыт беретін кеңестер аяқтады

Қазақ

Өткен сейсенбіде «KEGOC» АҚ-да трансформация жобалары бойынша бағыт беретін кеңес өтті. Барлық өткізілген кездесулер топтамасын Компания портфелінің СТТ 17 «Кәсіпорын процестерін ендіру» атты ең ірі жобасы бойынша өткізілген кеңес аяқтады. Аталған жоба компанияның «Самұрық-Қазына» Қорының референстік модельдері негізінде құрылған қолдаушы процестерді автоматтандыруға арналған. Барлығы СТТ 17 автоматтандыруға арналған 9 жобаны біріктіреді. Оны іске асыру үшін ресурстардың ауқымды көлемі қажет және бұл жерде жоба демеушісі А.Т. Ботабековтің (экономика жөніндегі басқарушы директор) айтуы бойынша мәселе қаржы жағын ғана емес, адам жағын да қамтиды. Айбек Төлеубекұлының пікірі бойынша «бұл жобаның табысы бүкіл компания жұмысының реттілігі мен айқындылығына тұтастай және толықтай байланысты». Жоба бойынша негізгі жұмыстар бұндай мәселелерді енгізу үшін жеткілікті тәжірибесі бар консультанттардың көмектесуі арқылы жүзеге асырылады. 

Еске салуға тұратын тағы бір бағыт беретін кеңес бір апта бұрын өткізіліп, сатып алу бойынша «Сатып алудың нысаналы моделін ендіру» және «Сатып алуды санаттық басқару» атты екі жобаға арналды. Жобаның демеушісі Б.Ж. Темірбековтің айтуынша бұл жобалар барлық компанияның күнделікті үздіксіз жұмыс істеуінің негізі болып табылады. «Компанияның стратегиялық мақсаты – Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмысын қамтамасыз ету, осыған сәйкес жоба мақсаты - жеткізілетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің (ТЖҚ) сенімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ тұтынушыға ТЖҚ-ны керекті уақытта және қажетті жергеазғантай шығындармен жеткізу», - деп атап өтті Жоба демеушісі өз баяндамасында.Сатып алу қызметіндегі негізгі өзгерістердің бірі – бұл сатып алынатын ТЖҚ-ны санаттау және басым бағыттар бойынша сатып алудың ұтымды стратегияларын әзірлеу арқылы шығындардың тиімділігін арттыру болып табылатын «Санаттарды басқару» процесін енгізу. Жобаларды іске асыру аясында тауарлы-материалдық иеленудің жиынтық құнын төмендетуге әсер ету рычагы анықталатын болады. Сонымен қатар, логистикалық инфрақұрылым айтарлықтай оңтайландырылып, ТМҚ-ны сақтау мен тасымалдау шығыны азайтылады және қосалқы бөлшектер оңтайлы деңгейде сақталады деп күтілуде.

Ертеректе портфельдің 17 жобасы бойынша 9 бағыт беретін кеңес өткізілгенін еске сала кетейік.Қаржы-экономикалық блок және HR жобалары бойынша бағыт беретін кеңестерге Басқарма төрағасы, Бизнесті трансформациялау бағдарламасының демеушісі Б.Т. Қажиев қатысты.

Бағыт беретін кеңестерді өткізуге дайындық жаңа жылға дейін біраз уақыт бұрын басталған еді.Материалдарды әзірлеу, форматтарды талқылау және жобаның негізгі позицияларын анықтау компанияның әртүрлі бөлімшелері өкілдерін жұмылдырды.Базалық және ресурстық жоспарлардың, жарғылар мен жобалардың негізгі параметрлерінің жобалары қысқа мерзімде әзірленді.ЖЭТ филиалдары командалар құру және ресурстарды жоспарлау жұмысына белсенді қатысты. Жобалау командаларының сұратуы бойынша, функционалдық командалар үшін қызметкерлер тізімі қысқа мерзім ішінде ұсынылды. Солардың бастама жасауы арқасында автоматтандырудың таңдалып алынған платформасын тестілеуді іске асыру үшін бастапқыда Солтүстік және Орталық ЖЭТ  филиалдары таңдалынып алынған еді. Директорлары бастаған ЖЭТ филиалдарының мүдделі өкілдері Бағыт беретін негізгі кеңестерге бейне-конференц байланыс арқылы қатысты.