«KEGOC» АҚ-да трансформацияның 2017 жылға арналған жол картасына қол қойылды

Қазақ

2016 жылғы 12 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің және «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевтің қатысуымен «KEGOC» АҚ Жаңғырту жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді. Кеңесте талқыланатын негізгі тақырыптар бұл Бағдарламаны іске асырудың екі сатысы бойынша қорытындылар, «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының 2017 жылға арналған жол картасы, жобалар портфелі, сондай-ақ «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының 2015-2020 жылдарға арналған болжамды қаржылық көрсеткіштері болды.  

«Біз компанияның ағымдағы ахуалын диагностикалау және оның дизайны бойынша көп жұмыс жасадық. Ұқсас компаниялармен салыстырмалы талдау нәтижесінде компанияның тиімділігі мен пайдалылығын арттыру бөлігінде бізде өсім нүктелері бар екенін байқауға болады. Бенчмаркинг нәтижелері  жобалар портфелін саналы да сапалы қамтамасыз ету негізін қамтамасыз етті», деп атап өтті Компанияның Басқармасы төрағасы Кеңестің отырысын аша отырып.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде компанияда бизнес-процестер оңтайландырылды, компания қызметін бағалаудың жаңа жүйесі әзірленді, есептіліктің оңтайлы жүйесі даярланды, тұрақты түрде жетілдіру мәдениеті ендірілуде. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның стратегиялық жоспарлау, қызметкерлерді басқару және ақпараттық технологиялар үдерістері бойынша эталондық (референстік) модельдері негіз болып табылатын жаңа ұйымдық құрылым трансформацияның басты өзгерістерінің бірі болып саналады. Модель стратегия, бизнес-процестер, ҚНК құрылымы мен операциялық модель арасындағы өзара байланысты көрсетеді, сондай-ақ құрылымның айқындығын, рөлдер мен жауапкершілікті бөлудегі нақтылықты қамтамасыз етеді. Персоналды басқару үдерісі де өзгереді. «Бизнес үшін HR» ұстанымы басқарушылық кадрлық шешімдерді қабылдау кезіндегі ең бастысы болып саналады. Тұтастай алғанда, өзгерістер барлық корпоративтік және жекелеген өндірістік процестерге қатысты болмақ. Бірыңғай және орталықтандырылған автоматтандырылған жүйені ендіруден ірі сапалы тиімділік күтілуде. 

Талқылаудың маңызды тақырыбы бұл компанияның Жобалар портфелі болды. Жобалар портфелі бағдарламаның ірі аралық нәтижесі болып табылады. Онда бағдарламаның алдыңғы кезеңдерінде жасалған компания қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі бастамалар топтасқан. Портфель барлығы 23 жобаны қамтиды, олардың 20-сы орталықтандырылған және 3-еуі жергілікті жоба. Бұл жобалардың көпшілігі 2018 жылдың аяғына дейін іске асырылады. Портфель жобаларын ендіруден болатын экономикалық нәтиже оны іске асыруға арналған инвестициялар көлемінен үш есе асып түсетінін атап көрсеткен жөн. 

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы қызметкерлер жұмысына оң баға берді және Компания Бизнесті трансформациялау бағдарламасының  «Диагностика мен дизайн» атты алғашқы сатысын табысты аяқтағанын атап өтті. «Жоспарлау» атты екінші кезеңі аяқталу сатысында тұр. Қор басшысы компанияның жекелеген жергілікті жобаларын атап өтіп, көзделген бастамалардың табысты іске асырылатынына сенімділік білдірді.

Өмірзақ Шөкеев компания ұжымына болашақта еліміздегі басты электр желілік компанияның орнықтылығын қамтамасыз ететін және ішкі, сыртқы факторлардың ықтимал өзгерістеріне қарай жылдам әрекет етуге көмектесетін Қордың бастамаларына белсенді қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Отырыс қорытындылары бойынша Қордың Басқарма төрағасы және «KEGOC» АҚ-ның бірінші басшысы Бизнесті трансформациялаудың 2017 жылға арналған жол картасына қол қойды. Өз кезегінде Бақытжан Қажиев Жобалар демеушілерінің жеке қатысу жоспарларын тапсырды.