«KEGOC» АҚ-дағы ақпарат күні. «Трансформация – жаңа деңгей». Қорытындылар.

Қазақ

Ағымдағы жылдың 9 маусымында трансформация командасы «Жоспарлау» 2-саты нәтижесі бойынша есеп бере отыра, ақпарат күнін өткізді. Іс-шараны ұйымдастырушылар – трансформация командасының ойы бойынша TED-конференция стилінде  ұйымдастырылды. TED (technology, entertainment, design – технологиялар, ойын-сауықтар, дизайн) конференциялары бірегей идеяларды тарату алаңы болып табылады. Спикердің міндеті – нақты өз идеясына назар аудару, оны іске асыруға мүмкіндік беру.

Жобалардың демеушілері, жетекшілері және менеджерлері  ақпарат күнінің спикерлері ретінде сөз сөйледі. Компанияның барлық қызметкерлерінің назарын аудару және жобаның мәнін барлығына және әрқайсысына жеткізу үшін жоба туралы әңгімелеу- әрқайсысының алдына қойған міндеті болды.10 спикердің барлығы сөз сөйлеудің бұл стиліне үйренбеген болатын. Мәлімденген тақырыптардың көпшілігінің қарапайым болмағандығы да оның күрделілігі болып табылды. Қатысушыларды дайындау үшін жеке коучинг және ұстаздық әдісімен спикерлердің табысты сөз сөйлеуі және шешендік шеберлігі дағдысын қалыптастырған арнайы жаттықтырушы шақыртылды.Оқуға Басқарма төрағасын қоса алғанда, шамамен компанияның барлық топ-менеджерлері қатысты. Іс-шара, атап айтқанда, өзгерулердің маңыздылығы туралы оның оқиғасымен ашылды. Өзінің қысқаша сөзінде Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы бір кездерде SONY компаниясы жүзеге асырған өзгерістерді мысалға келтіре отыра әңгімеледі. Басқарма төрағасы компанияның баршасын жетілу жолымен жүруге кезекті рет шақыра отыра,  трансформация бөлігіндегі өзінің белсенді ұстанымын атап өтті  – «Трансформация бізге жаңа корпоративтік дағдыларды үйретеді, өр мақсаттарды белгілейді және барлық жағынан өсуге ынталандырады. Компанияның әр қызметкерінің күнделікті ырғағына трансформацияның тұрақты жетілу мәдениеті ретінде біртіндеп тамыр жайып келе жатқандығына мен қуаныштымын. Әлі бізбен бірікпегендерге қосылуға кеңес беремін! Алдағы уақытта бұдан да қызығырақ болады!».

Кей спикерлер бір қарағанда шошынарлық мәлімдемелермен сөз сөйледі - Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор Ботабеков Айбек Төлеубекұлы  өзінің СТТ17 Кәсіпорындар процестерін енгізу жобасы табысты іске асырылған жағдайда шашын алып тастауға уәде етті.Аппарат басшысы неге әр қызметкердің бастама білдіруі және жауапкершілікке ие болуы жөн екендігін компанияның барлық қызметкерлеріне қарапайым тұспалдау арқылытүсіндірді.СТТ27 Стратегиялық жоспарлау және тиімділікті басқару  мақсатты моделін енгізу жобасының жетекшісі Қазиев Хабибулла Асанұлы соқаны мысалға ала отырып, өзгерістерді қабылдаудың тиімділігі мен маңыздылығы туралы әңгімеледі. Компанияның техникалық жобалары жөніндегі спикерлердің сөздерін «басты мәселе туралы қарапайым әңгіме» деп атауға болады. Олар туралы  Шынасылов Е.Т., Қуанышбаев Ж.Б. және Дюсебаев Б.Б. әңгімелеп берді. Жалғыз спикер-әйел, Мұхамеджанова Анар Амантайқызы негізгілігі және шебер шешендік стилімен ерекшеленді. Ол өз сөзінде жиналғандарға іріктеудің жаңа жүйесі - job-matching және өздігінен білім алудың жеке жүйесі туралы айтты. Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі жаңа басқарушы директор Сафуани Төлеген Есенқұлұлы тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру тақырыбын ашты. Бұрын атап өтілгендей, барлығы 10 тақырып мәлімделді, әрқайсысы спикердің жеке, кей кезде күтпеген көзқарасына сай ұсынылды.

Ақпарат күніне Қордың бірнеше портфельдік компанияларының өкілдері: «ҚМГ» ҰК АҚ, «Казпочта» АҚ,  «Самұрық-Энерго» АҚ,  «ҚТЖ»  ҰҚ» АҚ және  «Казатомөнеркәсіп» АҚ шақырту алды.Одан басқа, іс-шараға жаңа басшысы  Рүстем Сауранбаев бастаған «Самұрық-Қазына» АҚ «Электроэнергетика» Дирекциясы және Орталық трансформациялау командасының мүшелері («СКБС» ЖШС) қатысты. Өзінің алғы сөзінде Сауранбаев мырза компанияның трансформация жолымен өсуі мен дамуына компания топ-менеджментінің үлес қосуы және мүдделілігінің жоғары маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі табысты KEGOC компаниясы, бұл ойластырылған және уақтылы өзгерістердің маңыздылығы мен мәнін сезінетін топ-менеджменттің сауатты да топталған стратегиясының нәтижесі. 

Іс-шараның аяғында жобалық және функционалдық командалар мүшелері Басқарма төрағасының алғысымен атап өтілді.