«KEGOC» АҚ компанияның жаңа ұйымдық құрылымымен ресми түрде таныстырды

Қазақ

Ағымдағы жылдың екінші қыркүйегінде, бейсенбі күні «KEGOC» АҚ-да компанияда белсенді ендіріліп жатқан ауқымды және кешенді Бизнесті трансформациялау бағдарламасы шеңберінде әзірленген компанияның жаңа ұйымдық құрылымы бойынша Таун холл өткізілді. Отырысты Басқарма төрағасы ашты, сонымен қатар сахнада компанияның үш Бас директоры, сондай-ақ Бизнесті трансформациялау орталығы Бизнес шешімдерді интеграциялау блогының жетекшісі қатысты. Басшылық пен қызметкерлер жиналысының негізгі мақсаты компаниядағы оның құрылымдық бөлігінде болатын ұйымдық өзгерістерді айқындау болып табылады. Іс-шараның ең басында Басқарма төрағасы «ұйымдық құрылым – бұл «статикалық» емес, «жанды» құжат, оған қажеттілігі бойынша біз өзгерістер енгізіп, компаниямыздың Директорлар кеңесінде оларды бекіте аламыз», деп атап өткені есте қаларлықтай болды.  

Ұйымдық құрылымы бойынша негізгі спикер болып Адами ресурстарды басқару жөніндегі бас директор Мұхамеджанова Анар Амантайқызы сөз сөйледі. Оның айтуы бойынша анағұрлым «жатық», Қормен ұқсас, стратегияның, бизнес-процестердің, ҚНК құрылымы мен операциялық моделінің өзара байланысын көрсететін, сондай-ақ құрылымның ашықтығын, рөлдер мен жауапкершілікті бөлудегі айқындықты қамтамасыз ететін нысаналы ұйымдастыру құрылымы қалыптасқан.

Сөз ететін болсақ, жаңа ұйымдық құрылымды әзірлеу айтарлықтай ұзақ уақытты алды. Оның негізіне мыналарды біріктірген 15 негізін қалаушы қағидаты жатыр: компанияның стратегиялық міндеттері, заңнама талаптары, үздік әлемдік тәжірибелері және «ФНБ «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ талаптары. Қағидалардан басқа құрылым «Оператордың элементтері бар стратегиялық контролер» ретінде анықталған Корпоративтік орталық рөлін қамтиды. Жүргізілген талдауға сәйкес «KEGOC» АҚ Корпоративтік орталығының рөлі Қазақстан БЭЖ үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында өңірлік филиал желісін басқаруды орталықтандыру тұрғысынан әлемдік озық тәжірибелерге сәйкес келеді. Басқарушылық құрамдағы құрылымды өзгерту бөлігінде ірі өзгерістердің бірі бүкіл желілік-функционалдық вертикалі бойынша орынбасарлар институтын қысқарту болды. «Басқарушы директор» және «Бас директор» лауазымдарының атауы бірыңғайландырды. Басқарма төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін функцияларды өзіне біріктіретін аппарат құрылды. Басқарушы құрамындағы трансформациядан басқа, жаңа ұйымдық құрылымның жаңа департаменттерге тығыз байланыста кіріктірілген, бірнеше жаңа бөліп көрсетілген функциялары бар.  Олардың қатарында мыналар бар: стратегиялық жоспарлау, тиімділікті басқару және тұтастай алғанда компанияның техникалық саясатына жауап беретін өндірістік-технологиялық бағыт. Бұдан басқа, компанияда Ақпараттық технологиялар саласындағы стратегиялық мәселелерге жауапты болатын Ақпараттық технологиялар блогы енгізілген. Қайта құрылымдау шеңберінде «KEGOC» АҚ-ның Алматы қаласындағы Өкілдігі қысқартылып, «ЖО ҰДО» филиалы компанияның құрамына кіргізілді. 

Жаңа ұйымдық құрылымды ендіру көбінсе болжамдалған тәуекелдерді алдын ала біліп отыруға, сондай-ақ Атқарушы дирекцияның рөлін кеңейтуге және жергілікті жерлерде жүйелік оператордың рөлін арттыруға мүмкіндік береді. Атқарушы дирекцияда 18 жаңа бірлік енгізіледі деп күтілуде.     

Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен және Трансформациялау бағдарламасы Жол картасының ағымдағы нәтижелері жөнінде хабардар етумен аяқталды. Компания қызметінің картасы, ҚНК құрылымы және «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС консультанты жүргізген бенчмаркинг нәтижелері жиналғандардың назарына ұсынылды.