«KEGOC» АҚ-ның жобалары жөніндегі басқарушы комитет

Қазақ

Ағымдағы жылдың 11 мамыры бейсенбіде Бизнесті трансформациялау бағдарламасының жобаларын іске асыру шегінде Басқарушы комитеттің кезекті отырысы өтті. Алдағы Жаңғырту жөніндегі кеңестің  шегіндегі мәселелерді алдын ала талқылау жиналғандардың негізгі мақсаты болды. Талқылау 2017 жылға арналған Жол картасының бақылау нүктелерін іске асыру мәртебесі, «KEGOC» АҚ-ның кейбір жобаларын қаржыландыру, KEG23 «БЭЖ жұмыс режимдерін басқарудың аварияға қарсы орталықтандырылған жүйесін ендіру» жобасын іске асыру мәртебесі туралы ақпарат беруге қатысты болды.

Күн тәртібінің жалпы мәселелері бойынша Бизнесті трансформациялау бағдарламасының менеджері Е.Т.Ахметов сөз сөйледі, ол ағымдағы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау жол картасының (ДК-2017) 2017 жылға жоспарланған сегіз бақылау нүктесінің жетеуі іске асқандығын нақтылады. Сонымен қатар, ДК-2017 іс-шараларын іске асыру мерзімдерінің бұзылуы тәуекелдерін азайту үшін бірқатар шешімдер қабылданды.

KEG23 «БЭЖ жұмыс режимдерін басқарудың орталықтандырылған аварияға қарсы және режимдік автоматикасының орталықтандырылған жүйесін ендіру» жобасы бойынша ЖО ҰДО Бас диспетчерінің орынбасары Дидоренко Е.В. сөз сөйледі. Ол 2017 жылғы бірінші тоқсандағы жоба бойынша атқарылған жұмыс туралы есепті, сонымен қатар оны іске асырудың көзделген келесі негізгі кезеңдері туралы ақпартты ұсынды. Аталған жоба командасының оны іске асырудың ең басынан жобаға кірістірілгендігін ерекше атап өткен жөн. Ағымдағы жылдың қаңтарының аяғында аталған жобалар бойынша Бағыт беретін және Бастапқы  мәжілістер өткізілгендігін анықтама үшін айтылады. Жоба менеджерлері Жоба демеушісінің белсенді ұстанымы мен оның тарапынан жұмысты орындаудың мұқият мониторингін атап өтіп отыр. 2017 жылғы ақпан-наурыздың ішінде әлеуетті жоба орындаушыларымен бірқатар кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында жобалардың техникалық тапсырмалары бойынша маңызды ұсыныстар алынды, сонымен қатар басқа елдерде осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесімен алмасты. Әлеуетті орындаушылар мен Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, ААОЖ және ЖҚРА ТЭН-деріне техникалық тапсырмалар жасалған. ААОЖ және ЖҚРА -да тиісті тендер өткізу үшін құжаттар пакеті дайындалды (техникалық ерекшелігі, шарт жобасы, қызметтерді сатып алу төлқұжаты).

Басқарушы комитеттің қарауына шығарылған барлық ұсыныстар қаралып және түзетулерімен бірге мақұлданды. Төраға KEG23 «БЭЖ жұмыс режимдерін басқарудың аварияға қарсы және режимдік автоматикасының орталықтандырылған жүйесін ендіру» жобасы шегінде істелген жұмысты ерекше атап өтті және Демеуші мен командаға жұмыстың белгіленген қарқынын бәсеңдетпеуге кеңес берді.