KEGOC АНМ CMG қабылдайды

Қазақ

Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде All Hands Meeting (АНМ) кезекті кездесуі өтті. Дәстүрге айналған кездесу бұл жолы «KEGOC» АҚ базасында өткізілді. Кездесу өзгерістерді басқару бойынша ағымдағы мәселелерді талқылау үшін Қордың портфельдік компанияларының барлық өкілдерін жинайды.

Осы жолы кездесудің негізгі тақырыбы шаблонды оқшаулау жобасы жұмыстарының құрылымын талқылау болып табылады. Құжатты СТТ Өзгерістерді басқару блогының жетекшісі Юрий Проскурня СТТ өзгерістері жөніндегі жаңа куратор Павел Колесниковпен бірлесе әзірледі. Процесті автоматтандыру жобасын мысалға ала отырып, Қордан келген әріптестер, команда ішінде рөлдерді бөле отырып, жоба бойынша жұмыстар пакетін түсіндіріп өтті. Авторлардың пікірінше, корпоративтік шаблонды оқшаулау 5 негізгі сатыны қамтуы тиіс. Олар өз кезегінде жобалық топтағы шағын міндеттер мен рөлдерге бөлінеді. Әр жаңа жоба стандартты жоба кезеңдерінен тұратын «трансформацияның шағын жобасына» айналады. Өзгерістерді басқару командасының рөлі, бұрынғысынша, жобалық шешімдерді пайдалануды қамтамасыз етуде болып табылады. Юрий Проскурня: «Жобалық шешімдерді іске асырып қана қоймай, сонымен қатар олардың орындалуын да қамтамасыз ету маңызды, ал оның нәтижесі жобалардан пайда алу болып табылады. Және осы мәселеде өзгерістерді басқарудың рөлі арта түспек» - деп тағы да атап өтті. Шаблонның түпкілікті жобасы, барлық мүдделі тұлғалардың пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, Қор Бағдарламасының барлық деңгейлерінде басшылары құжатты талқылағаннан кейін бекітілетін болады.  

Кездесу нәтижелі режимде өтті. Портфельдік компаниялардан келген әріптестер компаниялардағы күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді талқылады. Бағалау шаблондарын, басты мүдделі тұлғаларды тарту құралы ретіндегі жеке қатысу жоспарларын, сонымен қатар  ұйымдастыру периметрі мәселелерін қоса алғанда, жобаның мүдделі тұлғаларын басқару жөніндегі бірыңғай әдіснаманы әзірлеу аса жоғары деңгейде талқылауға шығарылды.