«KEGOC» Компаниясы Бизнесті трансформациялау бағдарламасының 2-кезеңін ресми түрде аяқтады

Қазақ

2017 жылғы 18 мамырда, бейсенбіде кезекті Жаңғырту кеңесі өтті, оның барысында Бизнесті трансформациялау бағдарламасының «Жоспарлау» жөніндегі 2-кезеңінің жабылуы туралы шешім қабылданды. Жабылудың 99%-жоғары нәтижесін «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ Трансформациялау және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюстың өзі атап өтті.

2-кезеңді іске асыру шегінде компания, Нәтижелер сапасын бақылау матрицасына сәйкес, базалық жоспар бойынша жоспарланаған нәтижелердің 26-ның 22-сін табысты аяқтады.

2-кезең шегінде мына негізгі нәтижелер әзірленген:

  • жобалардың ұзақ және қысқа тізбелері әзірленді;
  • жобалар портфелі  бекітілді;
  • АТ дамыту бағдарламасы бекітілді;
  • АТ транзиттік сәулеті;
  • АТ мақсатты сәулеті;
  • деректерді басқару бағдарламасы бекітілді;
  • сонымен қатар, бизнес-кейстер, 2-кезеңнің бюджеттік есебі, 3-кезеңге арналған бюджет, алынған сабақтар бойынша есеп, 2-кезең жұмысы бойынша есеп және басқалар.

Отырысқа Жаңғырту кеңесінің мүшелері, сонымен қатар шақыртылған «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау орталығы басшылары қатысты. Кезеңді жабудан басқа, отырыстың күн тәртібіне  2017 жыл жол картасына өзгерістер енгізу мәселелері және соңғысының негізгі нүктелерін іске асыру мәртебесі кіргізілді. Күн тәртібінің мәселелері бойынша баяндаманы Бизнесті трансформациялау бағдарламасының менеджері Е.Т.Ахметов ұсынды.  Ағымдағы жылдың 1-тоқсаны бойынша Жол картасының барлық негізгі нүктелері іске асырылған болатын. Бұл ретте, Жол картасындағы жекелеген іс-шаралары мерзімдерінің бұзылу тәуекелдерін азайтуға бағытталған шешімдер отырыс барысында қабылданған болатын. Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері барлық ұсынылған өзгерістерді қабылдады.

Сонымен қатар, жоғарыда тізбеленген нәтижелерден басқа, портфель жобалары бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқандығы атап өтілді. Қазіргі кезде барлық жобалар бойынша бағыт беретін  мәжілістер өткізілді, ресурстық және базалық жобалық жоспарлар бекітілді. Портфель жобалары шегінде консультациялық қызметтерді сатып алу процедуралары басталды. Демеушілер  қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетіп отыр.