KEGOC-та «Кәсіпорын процестерін ендіру» жобасының бағыттары бойынша жобалау кезеңінің нәтижелері көрсетіледі

Қазақ

          27-28 наурызда «KEGOC» АҚ орталық кеңсесінде KEG01 «Кәсіпорын процестерін ендіру» жобасының 8 бағыты бойынша негізгі процестерді жобалау кезеңінің нәтижелерін көрсету жөніндегі басқарушы комитеттің отырысы өтті.Бұдан бұрын 19 наурызда кадрларды басқарудың нысаналы моделінің негізгі процестерін жобалау кезеңінің нәтижелері бойынша осыған ұқсас таныстырылым өткен болатын.

Іс-шараға Басқарма төрағасы, Басқарушы директорлар – демеушілер, жоба бағыттарының жетекшілері, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері және жобалау тобының мүшелері қатысты. Таныстырылым тұжырымдамалық жобалау кезеңінің шеңберінде жасалған жұмыстар туралы баяндамалар түрінде өтті. Трансформация бағдарламасы жобаларының портфелінде KEG01 «Кәсіпорын процестерін ендіру» жобасы ең ірі жобалардың бірі болып табылады, себебі компанияның барлық қызметкерлерінің жұмылдырылуын қамтиды және негізгі процестерді автоматтандыру және болашақта компания процестерінің кеңейтілген тізімін ендіру сияқты  екі кезеңмен жүзеге асырылады.

Аталмыш жобаның бірінші кезеңінде компанияның өндірістік активтерін, бизнес бастамалар портфелін және жобалау қызметін басқару, персоналды басқару, сатып алуларды және қорларды өткізу процестерін басқару, қазынашылық және корпоративтік қаржы, бухгалтерлік және салықты есепке алу, басқарушылық есеп, сонымен қатар компанияның деректерін басқару сияқты қызмет бағыттары бойынша негізгі процестер ендіріледі. Жобалық шешімдерде процестердің нысаналы моделдерінің егжей-тегжейлі талдамасы және қызметтің ағымдағы жай-күйімен салыстырмасы көрсетілді, бизнесті өзгерту, деректерді көшіру сценарилері жазылды, әдістемелік құжаттама әзірленді, орын алуы мүмкін тәуекелдер және жоспарлы өзгерістердің пайдасы аталды. Жобаның бірінші кезеңі бойынша жасалған жұмыстар «KEGOC» АҚ-дағы автоматтандырудың дамуы және болашақта кеңейтілген бизнес-процестерді ендіру үшін негіз болады деп күтілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін жүйеде қажетті баптаулар жасау, қолданушыларды оқыту, тестілеу жүргізу және сынама пайдаланудан кейін жаңа жүйені өндірістік пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.

Таныстырылым соңында қатысушылар бизнестегі жоспарланған өзгерістердің компанияның өндірістік және өзге қызмет түрлерінің тиімділігін, анықтылығын және сапасының жоғарылауына, кертартпа операциялар мен адами фактор әсерінің азаюына, деректердің есебін және талдауын жылдам құруға әсерін атап өтті. Сонымен қатар бизнес-процестердің жаңа моделі «KEGOC» АҚ-дағы басқарушылық шешімдерді қабылдау сапасына әсерін тигізеді, сонымен қатар тұрақты түрде жетілдіру мәдениетін дамытуға және ары қарай тұрақты дамуды ұстап тұратын компания қызметкерлері арасынан «құзыреттер орталығын» құруға мүмкіндік береді. Компанияның
Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев жасалған жұмысқа жоғары баға берді және жобалау тобына алға қойған мақсаттарға жетудегі қосқан елеулі үлестері үшін алғыс білдірді.