KEGOC топ-менеджерлері өңірлік филиалдар қызметкерлеріне Бизнесті трансформациялау бағдарламасының жаңа жобалары туралы баяндады

Қазақ

«МЭС» филиалдарындағы мүдделі тұлғалар Трансформациялау бағдарламасын іске асырудың жаңартылған Жобалар портфелі және Жол картасымен танысты.

Кезекті ақпараттық сессия филиалдарды  бейне-конференц байланыс арқылы қосылудың онлайн режимінде өтті. Қосылу барысында Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев қатысушыларға Компания қызметі тиімділігін арттыру бойынша қабылданатын шаралар және осыған байланысты жүргізілетін өзгерістер туралы баяндады.

Компания Бизнесті трансформациялау бағдарламасын табысты іске асыруды жалғастырудажәне алғашқы нәтижелері бар– Бағдарламаның 3 жобасы табысты аяқталды. Іске асырылған жобалар жоспарланған мақсаттарға қол жеткізді. Бөлінген бюджеттер мерзімдерінде және шеңберінде жүйелік қызметтер көрсету процестерін толықтай автоматтандыру, сатып алуды санаттық басқаруды, сонымен қатар Оқиғалар мен дау-дамайларды басқару жөніндегі ақпараттық жүйе (SIEM) ендірілді және нәтижелі қызмет атқарып отырған ақпараттық қауіпсіздіктің мақсатты процестерін ендіруге  қол жеткізілді.

«Біз қол жеткізілген жетістіктермен тоқталмаймыз. Қазіргі уақытта компанияда Қордың цифрландыру бойынша жаңа бастамаларын да іске асыруға бағытталған Бизнесті трансформациялау бағдарламасының жобалар портфелі жаңартылды. KEGOC-та бұрынғыша жаңа бастамаларды ендірудің негізділігі және өзектілігіне олардың бизнеске және компанияның тұрақты дамуына ықпалы тұрғысынан ерекше назар аударылады» - деп Бақытжан Қажиев атап өтті.

Жаңа портфельде 6 жоба және соншалықты іс-шара бар. Оларды іске асыру барысы туралы Демеушілердің өздері - Басқарушы директорлар баяндады.

Трансформацияның маңызды бағыттарының бірі «Бизнесті технологиялық дамыту және цифрландыру» атты үш құрамдастан тұратын, еліміздің Біртұтас электр энергетикалық жүйесі режимдерін автоматтандыруға бағытталған кешенді жоба іске асырылады.

Қазіргі кезде синхрофазорлық технологиялар (Wide Area Measurement System) негізінде мониторингілеу жүйесі ендірілді.ЖабдықКомпанияның Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы қосалқы станциялары мен диспетчерлік орталықтарында орнатылған. WAMS жүйесінің архитектурасы «Шымкент-500 кВ» және «Жамбыл-500 кВ» қосалқы станцияларын қоса алғанда «Қазақстанның Солтүстік- Оңтүстігі» транзитінің бағытындағы 14 қосалқы станцияны қамтиды. Желілердегі өлшемдер туралы деректердің мониторингі Phasor Analytics және Phasor Point бағдарламалық жасақтама көмегімен және оларды талдау негізінде жүргізіледі, алдағы уақытта WAСS (Wide Area Control System) басқару жүйесін ендіру жоспарлануда. WAСS жүйесіне жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге шарт жасалды. Аталған цифрлық технологиялар энергия жүйесінің мүмкіндіктерін нақты уақыт режимінде желілердің тұрақтылығы қорын талдау жай-күйін бағалау есебінен неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.  Жұмыстарды 2020 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.

Тағы да екі  «Аварияға қарсы автоматиканың орталықтандырылған жүйесін (ААОЖ) ендіру» және «Жиілік пен қуатты автоматты түрде реттеу жүйесін (ЖҚАР) ендіру» құрамдас бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталуда. Бұдан әрі жабдықты сатып алу және құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарлануда. ЖҚАР ендірумен бірге жедел-диспетчерлік басқару деңгейі артады, ал ААОЖ жүйесінің арқасында желінің ағымдағы схемасына және энергия жүйесі жұмысы режиміне қарамастан Қазақстан БЭЖ-інің сенімділігі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар аварияға қарсы автоматиканың тұтынушыларды ажырату және генерацияғы ықпалының деңгейі мейілінше азайтылады.

Портфельдегі «KEGOC» АҚ ақпараттық қауіпсіздігін 2022 жылға дейінгі дамыту бағдарламасын іске асырудың жалғасы болып табылатын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы киберқалқаны деген атаумен құруға бағытталған  «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету» жаңа жобасы. KEGOC жобасы шеңберінде технологиялық жүйелердің ақпараттық қорғаныс құру жоспарлануда. Жобаның ұйымдастырушылық периметріне Атқарушы дирекция, «ЖО ҰДО» филиалы, компанияның 9 өңірлік филиалы, «Энергоинформ» АҚ еншілес ұйымы кіреді. Жобаны іске асыру мерзімі - 2021 жылдың аяғына дейін.

Сонымен қатар бизнесті диверсификациялау бойынша «Байланыстың талшықтық-оптикалық желілерін деректерді жеткізу үшін дамыту» жобасын іске асыру жалғасуда. Шығыс транзитін есепке ала отырып шамамен 5 000 км салынды. Желі ҰЭТ-ты қалпына келтіру және батыс энергия торабын күшейту жобаларымен бірге дамиды. Жоба өтімділік қабілеті 100 Гбит/с дейінгі жоғары жылдамдықты желі арқылы (IP VPN) деректерді жеткізуден түскен қосымша кірісті алуға бағытталған. Сонымен қатар, БТОЖ дамуы Компанияны жеке қажеттіліктері үшін телекоммуникациялар қызметінің толық спектрімен қамтамасыз етеді. Ресей, Қытай және Орталық Азия елдері аталған жобаның транзиттік әлеуеті болып табылады.

Жоғары өнімділік мәдениетін дамтуға қатысты бастама шеңберінде, KEGOC -та үш бағыт бойынша өзгерістер жоспарлануда: көшбасшылықты, корпоративтік мәдениетті және HR-құзыреттерін дамыту. Олардың барлығы әлеуметтік тұрақтылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, еңбек ресурстарын сапалы дамытуға және олардың нәтижесінде компанияның брендін үздік жұмыс беруші ретінде арттыруға бағытталған.

Ақпараттық сессия барысында филиалдардың директорлары спикерлерге сұрақтар қойды. Оларды филиалдардың өндірістік және операциялық қызметтеріне өзгерістердің ықпалдары аспектілері қызықтырды. Сонымен қатар, олар Трансформация жобаларын түпкілікті таныстырғандары үшін алғыс айтты және барлық жерде бірлесе қызмет атқаруға дайын екендіктерін білдірді.