«Кәсіпорын процесстерін ендіру» KEG01 бастапқы кеңесі

Қазақ

Ағымдағы жылдың қазанында «KEGOC» АҚ-да «Кәсіпорын процестерін ендіру» жобасы бойынша бастапқы кеңес өтті. Іс-шара автоматтандыру жобасын ендіруге қатысты «Самрұқ-Қазына» АҚ әдістемесінің талаптарына сәйкес Компанияның жобалық тобының кеңесшісін мен Жоба демеушісі – Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор Айбек Төлеубекұлы Айтбековтің белсенді қолдауымен ұйымдастырылды. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Төлеуқажыұлы Қажиев жобаның ерекше маңыздылығы мен кешенділігін ескертіп,  кеңесті ашты.

Аталмыш жоба трансформация жобаларының жаңартылған портфелі құрамындағы негізгісі  болып табылады. Портфель жақында іріленіп, бүгінгі күні 7 жобадан тұрады. «Кәсіпорын процестерін ендіру» жобасының негізгі мақсаты Бизнесті трансформациялау бағдарламасы шеңберінде «Самрұқ-Қазына» АҚ талаптарына сай кәсіпорын процестерін жетілдіру және автоматтандыру болып табылады. Жоба компанияның операциялық қызметінің  негізгі 12 бағытын қамтиды және 2018 жылдың соңына дейін негізгі базалық функционалды ендіруді аяқтау, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап нәтижелі пайдалануға енгізу жоспарланды. Жобаның жалпы құны 5858 млн. теңгені құрайды. Операциялық, басқарушылық және коммерциялық шығындардың төмендеуі, айналымдағы қаржыны үнемдеу, материалдық қорлардың айналымдылығының артуы және негізгі қорларды пайдаланудың жақсаруы жобаның сапалық тиімділігі болып табылады. Жобаның ұйымдастырушылық периметріне Атқарушы дирекция, ЖЭТ филиалдары, «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС, «Энергоинформ» АҚ енді.

         Жалғыз демеушіге қарамастан, жоба интеграциялайтын жоба болып табылады, компанияның көптеген процестерін қозғайды, сәйкесінше, жауапкершілік Басқарушы директорлар – бағыт бойынша жетекшілер арасында бөлінді. Жоба 4 кезеңді жүзеге асырады, алдымен процестер жобаланады, содан кейін оларды автоматтандыру жүргізіледі. Компания ресурстарын қолдануды оңтайландыру және тиімді ету мақсатында барлық процестер негізгі және кеңейтілгендер болып бөлінді. Алдымен негізгілері, кейін кеңейтілгендері ендіріліп, дәйекті түрде өтеді. Жобаның бірінші кезеңінің шеңберіне базалық процестерді автоматтандыру үшін жүйені жобалау, сонымен қатар осы процестер үшін ІНҚ әзірлеу кіреді. Бұдан әрі кеңесші жоба тобымен бірге өз кезегінде автоматтандырылған платформаны ендіруді жүзеге асыратын интегратор үшін техникалық тапсырма жасайды. Интегратор қызметін сатып алу келесі жылдың басына жоспарлануда.