АТ мақсатты моделін енгізу жобасының бірінші кезеңі аяқталды

Қазақ

KEG03 «АТ басқарудың мақсатты моделін енгізу» жобасы бойынша Басқару комитетінде жоба кезеңдерін іске асыру мәселелері талқыланды 

«Мониторинг және қолдау» жобасы бірінші кезеңінің соңғы фазасын орындау туралы есебі қабылданды. 2018 жылғы қарашада ITSM тиімді пайдалануға енгізген сәттен 2019 ақпаны бойынша жүйе жұмысын талдау бойынша жұмыстар атқарылды. Жүйені пайдалану, техникалық қолдау сапасын бағалау және ITSM функционалы жұмысына мониторинг жүргізілді. Алынған деректер негізінде қол жеткізген физикалық нәтижелер мен жобаның ПӘК туралы есеп дайындалды. 

Осылайша, пайдаланушылардың келіп түскен өтініштерді шешуге жұмсалатын уақыт едәуір азайтылды. Барлық КАТ қызметінің 50% өзіне қызмет көрсету порталы арқылы ұсынылады. Компанияның АТ активтерінің 20% жуығы ITSM енгізілді және олардың сипаттамасымен толықты. Оның үстіне, ұзақ мерзімді шарт аясында "Энергоинформ" АҚ ұсынылған  КАТ көрсеткен қызметтері бойынша SLA мониторингі және бақылау жөніндегі есептілігі ITSM жүктеп алу үшін қол жетімді.    

Мамандар үш ай ішіндегі жүйені пайдалану статистикасы жөніндегі есебіне сай, 11 639 бір кезеңді және 1 071 көп кезеңді өтініштерге өңдеу жасады. Пайдаланушылар техникалық сүйемелдеу алуға үш тәсілмен: өзіне қызмет көрсету, телефон қоңыраулары және электрондық пошта арқылы жүгінеді. Өтініштердің негізгі тақырыптары ERP жұмысы, дербес компьютерлер, құжат айналымының жүйесі, есеп жазбасын бұғаттаудан шығаруға қатысты және басқа да мәселелер.   

Орындаушылар арасында өңделген өтініштер саны бойынша көшбасшылар анықталды. Ең озық бестікке Бас кеңсе мамандары Квасов Александр, Симағамбетов Нартай, Прмағамбет Аслан және «Оңтүстік ЖЭТ» және «Ақтөбе ЖЭТ» филиалдарының техсүйемелдеу тобы кірді.   

Жобаның екінші кезеңі бойынша «Іске асыру» фазасының аяқталуы туралы есебі қаралды. Фазаның жоспарланған көлеміне сәйкес үш автоматтандырылған және алты автоматтандырылмаған АТ процесстері бойынша алшақтықты жою бойынша жұмыстар іске асырылды, автоматтандырылған процесстер бойынша функционалды өрістету және негізгі жүйелерді шоғырландыру жүргізілді. Сондай-ақ, ретке келтіру тетіктерін тестілеу, жүйенің негізгі пайдаланушыларын оқыту және тәжірибелік пайдалану үшін іске қосуға дайындау орындалды. Тестілеу қорытындысы бойынша табылған бірқатар кемшіліктер мен ескертулер өңделді, қалғаны жүйені тәжірибелік пайдалануға іске қосқанға дейін жойылатын болады.    

Жоба аясында барлығы 10 автоматтандырылған және 6 автоматтандырылмаған АТ процесстер енгізілетін болады. Жобаны іске асыруға 301 млн. теңге бөлінді. Іске асыру мерзімі – 2019 жылдың 3 тоқсаны.