Оқытудың дәстүрлі стандарттарын қолдану арқылы

Қазақ

Бизнесті трансформациялау бағдарламасы тағы да жаңа үрдістердіталап етеді.Озық жұмыс – Бағдарламаға енген компанияның жаңа постулаты. Қызметкерлерді оқыту бұл мәселеде алғашқы орындардың бірінде тұр. Осылайша, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниялар үшін кәсіпорындардың процестерін енгізу жөніндегі жобаларды іске асыру және деректерді басқару шегінде автоматтандырылған жүйе бойынша TERP10, «SAP Master Data Governance – Functions and Consolidation» және «SAP Master Data Governance Configuration»базалық курстарынан ағымдағы жылдың сәуірінде өту мүмкіндігін қамтамасыз етті.Біздің компаниямыз  алғашқылардың бірі болып оқытылды. Курсқа қатысу үшін кандидаттар қатаң іріктеуден өтті. Жаңа жүйемен жұмысқа енгізу кезеңінде тікелей тартылатын мамандарға артықшылықтар берілді. Барлығы екі базалық курстар шегінде компанияның жобалық командаларға енген 22 қызметкері, атап айтқанда, Бизнес шешімдерді әзірлеу блогының жетекшісі, жобаның функционалдық топтарының жетекшілері мен мүшелері, жоба менеджерлері, сонымен қатар еншілес ұйымның («Энергоинформ»АҚ) қызметкерлері оқып шықты.Екі курс та кіріспелік сипатта, бірақ, оқып шыққандардың сөздері бойынша, одан әрі өз бетінше оқу үшін маңызды негізді қамтамасыз етті. Өзі оқу жүйесі компанияда бағыт алуда. Шындығына келгенде, жобаға тартылған қызметкердің қолы жетуі тиіс ақпарат көлемі оның күндізгі оқуға бөле алатын уақытпен салыстыруға келмейді.Бұл мәселеде өзі оқу және өзара оқыту жүйесі көмекке келеді. Компанияда біліктілігін жоғарылату курсынан кейін бірін бірі оқыту тәжірибесі дәстүрлі түрде қалыптасқан, Трансформациялау орталығында бұл тәжірибені табысты қабылдады, екі базалық курс та оқытуға қатысу мүмкіндігі болмаған жобалау командаларындағы әріптестерге таныстырылды.

Сонымен қатар, Қор портфельдік компанияларға SAP Learning Hub құралын ұсынды. Бұл SAP кез келген шешімдеріне 24/7 режиміндеоқыту,  персоналдарды-консультанттарды, жобалық командалар мүшелерін және SAP қолдау қызметін, сонымен қатар бизнес-пайдаланушыларды дайындау және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыруға мүмкіншілік беретін ғаламдық онлайнпортал. Осы жылы SAP Learning Hub Success Factors бұлттық платформаға табысты көшті және икемді интерфейс, жүйелі сараптама сессияларына қатысу үшін виртуалды оқу бөлмелері, алдын ала бапталған тренингтік жүйелерге сағат сайын қосылу, демо нұсқа шегінде тегін танысу және көптеген басқалар сияқты инновациялық опциялардың бірқатарына ие болды. Қазіргі кезде бұл жүйеде біздің компанияның шамамен үш қызметкері оқытылып жатыр.