Отандық энергия нарығының шамамен 280-дей субъектісі KEGOC Биллингтік жүйесін қолданушы болды. KEGOC-та Биллингтік жүйені ендіру бойынша жоба аяқталды

Қазақ

Жоба демеушісі Бекенов Мұхтардың төрағалығымен өткен «Жүйелік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру» жобасы бойынша басқарушы комиеттің отырысында Биллингтік жүйенің мониторингі және жобаны іске асыру бойынша қол жеткізген нәтижелер туралы есеп қаралды.

Жоба жетекшісі Жәнібек Қуанышбаев қатысушыларға оны пайдалануға енгізген сәттен бастап Биллингтік жүйенің нәтижелері туралы әңгімеледі. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жарты жыл ішінде үш шағын жүйенің жұмысы талданды: шарттарды басқару, есептеулер және қаржылар. Жаңа жүйеде картотека құрылды, оған 5 912 шарт енгізілді, ал осы есептеулердің және теңгерімдердің негізінде  тұтынушыларға төлемге 4 626 электрондық құжаты шығарылды. Жаңа жүйенің негізгі пайдаларының бірі болып көрсетілген жүйелік қызметтер үшін төлемдердің жоғары жиналымдылығы (KPI 102,78%) және Компанияның клиенттерінің қанағаттануы деңгейінің өсуі (4.66 балл).  

Автоматтандырылған процестермен жұмыстың қолайлылығын KEGOC тұтынушыларының пікірлері де растайды. Олар жұмыстағы оң өзгерістерді, соның ішінде деректерді өңдеуге кететін уақыттың қысқаруы, барлық қажетті ақпаратты, соның ішінде төлем құжаттарын орталықтан алу мүмкіндігін атап өтеді. Сонымен қатар, тұтынушылар, бұл энергия нарығының шамамен 280 субъектісі, Биллингтік жүйенің Жеке кабинеттері арқылы аталған шарттардың бірыңғай базасына, қаржылық құжаттарға, сонымен қатар есептесулердің жай-күйін бақылау және осылайша  KEGOC-пен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігіне қол жеткізді.

Жалпы алғанда жоба шеңберінде жобаның 68 негізгі және 172 соңғы пайдаланушылары оқытылды. Сонымен бірге жобалау командасы өзіндік роуд-шоу өткізді: мамандар тобы ҚР ЭКН субъектілерімен компанияның 9 өңірлік филиалдарының барлығында таныстыру-оқыту кездесулерін өткізді. Пайдаланушыларды жүйедегі жұмысқа қосымша тартуға келер болсақ, Компанияда Биллингтік жүйенің ең белсенді пайдаланушыларының конкурсын өткізу бастамасы көтерілді, оның нәтижесі бойынша үш жеңімпаз анықталады және ағымдағы жылдың аяғында жоспарланған қорытындылаушы іс-шарада алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жоба демеушісі Бекенов Мұхтардың пікірі бойынша, енгізілетін өзгерістердің ауқымына қарай, KEGOC-тағы Биллингтік жүйені ерекше деп атауға болады. 

- Біз Компания қызметінің тиімділігін тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету, сонымен қатар өзара есептесу рәсімдерінің жеделдігі мен тазалығы есебінен арттыруды күтудеміз, бұған Биллингтік жүйені енгізу арқылы қол жеткізілді. Компания атынан жобалау командасына және жүйені пайдаланушыларға аталған бастаманы іске асырудағы үлесі үшін алғыс білдіремін. Жоба жетекшісі Жәнібек Қуанышбаевты, жоба менеджері Құралай Айтжанованы, «ЖЭТ» филиалдары басшыларын және жүйелік қызметтер бөлімдері мен топтарының қызметкерлерін, жүйені әзірлеушілер Александр Личаченко мен Андрей Патакинді жеке атап өткім келеді. Олардың аянбай еңбек етуінің, кей кезде олардың өте батыл да креативті идеяларының арқасында Биллингтік жүйе сапалы және мерзімінде ендірілді, - деп атап өтті ол.

Биллингтік жүйені ендіру бойынша жоба тұтынушылармен өзара есептесулер процестерін жақсарту мақсатында 2018 жылы басталды. Жоба шеңберінде қолданыстағы деректерді есептесу жүйесіне қолмен енгізу әдісі автоматтандырылды, сонымен қатар есепке алу құжаттары электр энергиясын есепке алудың сыртқы жүйелерінен алынған деректердің негізінде қалыптасады.