Отандық ұлттық компанияларды цифрлы трансформациялау жоспары ұсынылды

Қазақ

Биылғы жылы 14 тамызда Қордың Басқарма төрағасы А.С.Есімовтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ Жаңғырту жөніндегі кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. 

Іс-шара Қазақстан Республикасының Цифрлы даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Қ.Жұмағалиевтың қатысуымен өткізілді, сонымен қатар портфельді компаниялардың бірінші басшылары мен трансформациялау командалары отырысқа онлайн қосылды.      

Портфельді компаниялардың басшылары Қордың Трансформациялау бағдарламасы бойынша бизнесті цифрландыру жөніндегі бастамалар есепке алынған жобалар мен іс-шаралардың жаңартылған портфельдерін ұсынды. Министр Жұмағалиев А.Қ. ұлттық компанияларда өткізіліп жатқан цифрлы трансформациялау деңгейін жоғары бағалап, ұлттық компаниялардың 16 жобасына енгізілген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың қазіргі жағдайы туралы әңгімеледі.    

Осындай жобалар арасында KEGOC компаниясының «Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі режимдерін басқаруды автоматтандыру» жобасы бар. Бұл жоба ауқымды болып табылады және мынадай үш құрамнан тұрады: аварияға қарсы автоматиканың орталықтандырылған жүйесін, жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесін ендіру және WAMS/WACS синхрофазорлық технологиялары негізінде мониторингтеу және басқару жүйесін ендіру.   

KEGOC Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев энергия жүйесін цифрландыру қолда бар генерацияланатын қуатты өте тиімді пайдалануға, желілердің өткізу қабілетін арттыруға, сонымен қатар Қазақстан энергия жүйесінің көрші Ресей мемлекетінің электр станцияларының маневрлік қуатына тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді деп атап өтті.   

KEGOC компаниясының жаңартылған портфелі 6 жобадан және тура сондай көлемдегі іс-шарадан тұрады. Олар Компанияның Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 26 тамыздағы отырысында қаралатын болады.