Өз күшімен оқыту – бұл жалған ба әлде шындық па?

Қазақ

Ағымдағы жылғы тамыздың 21-25-і аралығында  «Энергоинформ» АҚ Оқыту орталығында  «Басқарушылық есеп» бағыты бойынша практикалық семинар өткізілді. Семинардың өткізілуіне Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор, СТТ17 «Кәсіпорын процестерін ендіру» жобасының демеушісі – А.Т.Ботабеков пен Жоспарлау және экономикалық талдау департаменті бастама жасады. Семинарға компанияның 20 қызметкері: ЖЭТ филиалдары жоспарлау-экономикалық бөлімдерінің бастықтары, Жоспарлау және экономикалық талдау департаменті бөлімдерінің бастықтары мен мамандары, сонымен қатар Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Электр энергетикасы басқармасының өкілдері қатысты. Семинардың негізгі мақсаты компаниядағы басқарушылық есеп пен бюджеттеудің қазіргі заманғы тәжірибелері негіздеріне шолу жүргізу, сонымен қатар тарифтік заңнамада болуы мүмкін өзгерістердің бөліктерін талқылау болып табылады. Бұдан басқа аталған бастама тәжірибелік сипатта болып, ағымдағы мәселелерді бірлесе талқылау есебінен құрылымдық бөлімшелердің жұмыс тиімділігін арттыруға байланысты міндеттерді шешуге бағытталды.   

Күнделікті операциялық қызметте мамандар шешімдер қабылдау бөлігінде өте шектеулі уақыт шеңберінде қалғанын байқауға болады, ал бұл семинар қалыпсыз жағдайларды талқылау және күнделікті жұмыс жағдайында дұрыс шешімдер қабылдау үшін керемет тұғырнама болды.    

ЖжәнеЭТД басшылары, БТО қызметкерлері семинар кезіндегі талқылау барысында да, кешкі уақытта да филиалдардың қызметкерлерімен тікелей пікір алмасты. Филиалдардың экономистерінің өздері жұмыстары бойынша тәжірибелерін бөлісті. Осылайша, семинар компаниядағы коммуникация деңгейін аса жоғары сапаға көтерді.  

Трансформация компаниядағы «мүлгіген» бастамаларды іске қосқанын жеке атап өту қажет. Компанияда ішкі жаттықтырушылар институты бұрыннан жұмыс істеп келеді. Бұл ретте бағдарлама олардың алдында жаңа перспективалар ашты. Көбінесе қызметкерлер өздері жаттықтырушы болып, ақпараттық және оқу сессияларына белсенді түрде бастама жасап отырады. Қызметкерлердің айтуы бойынша жаттықтырушылар институтын компания ішінде дамыту қажет және бұл маңызды. Көп жағдайда семинарлар мен шеберлік кластарын өткізу компаниядағы үш проблеманы шешуге: қызметкерлерді оқытуға, бюджетті үнемдеуге, үздіктерді анықтап, ынталандыруға көмектеседі. Осындай оқыту әдістемесіне қарсы келетіндер ішкі жаттықтырушыларда қажетті дағдылар мен құзыреттер бола бермейді деп қынжылады, бұл ретте қызметкерлердің инсайдерлік ақпаратты білетіні, соның нәтижесінде оқыту шындыққа жақын болатыны сөзсіз. Бұл семинарларда Жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры Ахмедова Гүлмира Ермұханбетқызы мен Бизнесті трансформациялау орталығы «Қаржы» тобының жетекшісі Джанбаулиева Шолпан Сағитқызы жаттықтырушы болды. Семинар басталғаннан  тыңдаушыларға басқарушылық есеп негіздері және бөлек есепке алуды ұйымдастыру міндеттерінің маңыздылығы, сонымен қатар тұтастай алғанда компанияның ғана емес, сонымен қатар өндірістік те, Атқарушы дирекцияның да жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің де жұмыс нәтижелерін бағалау үшін кәсіпорын қызметіне талдау жүргізу қажеттілігі туралы кіріспе дәріс берілді. Автоматтандыру мәселелерін шешуді есепке ала отырып, шығындарды жіктеуге, сонымен қатар компания қызметтері арасындағы шығындарды бөлу талаптары мен ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.  

Теориялық білімдерден басқа дәріс берушілер тәжірибелік бөлімге көбірек назар аударды. Материалдар, еңбекақы төлеу, өндірістік құжаттық шығындар бойынша шығыстардың ауытқуларына есеп жүргізілді, ауытқулар, олардың қаржылық нәтижелерге әсер ету себептері талқыланды.   

Семинар соңында қатысушылар «Бюджеттен тыс» тәжірибелік бизнес-кейсін талқылады. «Бюджеттен тыс» жоспарлау тәжірибесі банк қызметтерінде қолданылған болатын және бақылаудың қағазбастылық рәсімдерін қысқартуды, құрылымдық бөлімшелерге (орындаушыларға) көбірек жауапкершілік (дербестік) жүктеуді, нәтижеге бағытталуын болжамдайды.  Семинарға қатысушылар тіпті компания қызметінің ерекшелігін есепке ала отырып, ВВ тұжырымдамасының жекелеген ережелерін, мысалы, орналасқан жерлерінде ТМҚ сатып алу бөлігін ұйымдастырудағы дербестікті қолдануға болатынын атап өтті.     

Семинар қорытындысы бойынша «Кері байланыс» сессиясы өткізілді, күнделікті туындайтын проблемалық мәселелерді талқылау және тәжірибе бөлісу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты осындай іс-шаралардың пайдалылығы мен әлеуеті жоғары екенін көрсетті.  Барлық қатысушылар осындай іс-шараларды тұрақты түрде ендіру қажеттігін айтып,  іс-шараны ұйымдастырып, қызықты материалдар ұсынғаны үшін А.Т.Ботабековке, Г.Е.Ахмедоваға, Ш.С.Джанбаулиеваға алғыс білдірді.