Озық тәжірибелерге жылдам қадаммен!

Қазақ

Ағымдағы жылдың 25 тамызында БТО Өзгерістерді басқару блогы Атқарушы дирекцияның құрылымдық бөлімшелері басшылары үшін басқарушылық сабағын ұйымдастырды. 4 сағаттық іс-шараның негізгі тақырыптары: «Жобаларды басқару. Тиімді басқарудың қазіргі заманғы құралдары». Жаттығу сабағының мақсаты – басқарудың басым тәжірибелерінің нысаналы мәндеріне қол жеткізу үшін басшылардың басқарушылық деңгейін арттыру.   

Сессияны IPMA стандарттары бойынша «Жобаларды басқару» саласында сертификатталған D санатты жоба менеджері  Семембаев Зкаил және Soft Skills дамыту жөніндегі сертификатталған жаттықтырушысы Мұратова Әсел өткізді.

Бірнеше сағат барысында қатысушылар жобаларды басқару бағдарламасының теориясы мен тәжірибесін тереңінен зерделеді. Олар кез келген жобаның ойластырудан бастап соңғы өнімді алумен аяқталатын барлық сатысында жобалау командасының негізгі міндеттері мен жобаларды басқару әдіснамасы туралы білді. Тыңдаушылар сонымен қатар «Эмоциялық интеллект» негіздерімен танысты. Бұл басшылықпен, әріптестермен және қарамағындағы қызметкерлермен іскери қарым-қатынас және тиімді өзара байланыс жасаған жағдайда басшыларда сындарлы әсер ету дағдыларын дамытуға айтарлықтай көмектеседі.  

Курстың тәжірибелік бөлігінде қатысушылар топтарға бөлінді. Олар топтарда «Зефирден жасалған мұнара» ойыны түрінде жобаны құру үлгісін жасады. Жаттықтырушылар қатысушылардың жемісті еңбектерін, жаттығу сабағына белсене қатысып, сабақ тақырыбына қызығушылық білдіргенін және өте жақсы нәтижелер көрсеткенін атап өтті.