СHANGE MANAGEMENT іске кірісті! Өзгерістер агенті - бізді бастаушы топ

Қазақ

Бизнесті трансформациялау бағдарламасының жобалары бұдан әрі қарқынды іске асырыла отырып, кеңінен қанат жая түсуде. Осыған байланысты өзгерістер агенттерінің рөлі өзімен өзі алдыңғы қатарға шығып отыр. Орналасқан жерлерде адамдармен тікелей байланыс жүргізу үшін жеткілікті қызметкерлер штатының болмауы, сонымен қатар трансформациялау командасы мүшелерінің өздеріне қарым-қатынастың әрқашан да біржақты емес болуы өзгерістер агенттері рөлін арттырудың негізгі себептері болып табылады. Яғни бұл өзгерістер агенттері өздері орналасқан жерлерде трансформация жаршылары болып табылады. 

Біздің өзгерістер агенттеріміз – жүйеде болған өзгерістерді «таратушылар».  Біздің классикалық тәжірибемізде агенттердің негізгі міндеттері ең алдымен басты стратегиялық міндеттер мен компания құндылықтарын тарату, қызметкерлерді болып жатқан өзгерістер туралы хабардар ету, олардың себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру, персоналды өзгерістерге және алға қойылған міндеттерді іске асыруға тарту, қажетті білім беру және тиісті дағдыларға үйрету болып табылады.    

12 шілдеде Өзгерістерді басқару блогы өзгерістерді басқару мәселелерінің базалық курсы бойынша бір күндік практикалық семинар ұйымдастырды. 9 «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарынан келген әріптестеріміз өзгерістерді басқарудың озық тәжірибелерімен танысты, Атқарушы дирекцияның  құрылымдық бөлімшелері мен «ЖО ҰДО» филиалынан келген әріптестермен бірлесе жобалардың жай-күйін бағалау нысанын зерттеді. Москвадан шақыртылған өзгерістерді басқару жөніндегі сарапшы Юрий Проскурнямен өткізілген кездесу және Трансформациялау бағдарламасының нақты жобаларында практикалық дағдыларды шыңдай отырып, командада қатарлас жұмыс істеу семинарға қатысушылар үшін үлкен мотивация болды.      Әріптестеріміз өзгерістер жобаларының «жағдайын» бағалауға, өзгерістердің тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды жоспарлауға үйренді, басшылармен және орта буынды менеджментпен жұмыс жөніндегі іс-шаралар тізбесі бар өзгерістерді басқару жөніндегі жоспарларды, әртүрлі байланыс құралдарын, оқыту іс-шараларын кедергілерді азайту бойынша әрекет ете отырып, әзірледі. Командада жұмыс істеу семинарға қатысушыларды өзгерістерді басқарудың цифрлы KPI әзірлеуге үйретті және өзгерістер мәдениетін қабылдау үшін негіз қалады.   

Барлық сұрақтарға, соның ішінде тыңдалған курстан алатын болжамдар бойынша сұрақтарға жауаптар берілді, қатысушылардың әрқайсысына ерекше, тіпті кейде әріптестердің қойған құйтырқы сұрақтарына жауап бере отырып, өздерін командадан сайланған спикер ретінде байқап көру мүмкіндігі берілді.    

Алайда, трансформациялаудың және өзгерістерді ендірудің табысты болуы үшін ADKAR Prosci өзгерістерді басқару моделіне сәйкес стейкхолдерлер модельдің барлық бес элементінен, атап айтқанда  Awareness (өзгерістердің қажеттілігін түсіну), Desire (өзгерістерге қатысуды қалау), Knowledge (жаңадан қалай әрекет етуді білу), Ability (Жаңадан әрекет ете білуге қабілеттілік), Reinforcement (жаңа мінез-құлықты бекіту) элементтерінен өту қажет екеніне барлық тыңдармандар көз жеткізді.  

Деректерді басқару жөніндегі департаменттің директоры Анна Абрамованың пікірі бойынша семинар өзгерістерді басқаруды, менеджмент пен жобалық басқаруды қоса алғанда әртүрлі бағыт бойынша бұрын алған білімдерін жүйелендіруге мүмкіндік берді, ал ең бастысы оларды тәжірибеде, қазіргі уақытта компанияда іске асырылып жатқан нақты жобаларда қолдануға үйретті.  

Семинарға қатысушылардың барлығы қажетті материалдар мен ақпаратты алды, енді KEGOC компаниясының өзгерістерді таратушыларына бірлесе атқарған еңбектеріне жеміс тілейміз!