Трансформациялау жобаларының бағыт беретін кеңестері – басталды

Қазақ

Өткен бейсенбіде «KEGOC» АҚ-да Трансформациялау жобалары бойынша Бағыт беретін кеңестер басталды. Бағыт беретін кеңестер топтамасын «Өндірістік қауіпсіздіктің нысаналы моделін енгізу» жобасы және Қаржы-экономикалық блоктың (ҚЭБ) жобалары бойынша өткізілген кеңес бірінші бірінші болып бастады. Кеңеске осыған қатысы бар құрылымдық бөлімшелердің өкілдері, жобалардың демеушілері, басшылары мен менеджерлері, сонымен бірге ЖЭТ филиалдары бөлімшелерінің директорлары, бас инженерлері, басшылары мен қызметкерлері (бейне-конференция байланысы арқылы) болды. Іс-шараны өткізуге дайындық барынша қысқа мерзімде жүзеге асырылғанын атап өту қажет. Бұл ретте компанияның жоғары басшылары мен Қордың Трансформациялау орталығы командасы (СТТ) кеңеске қатысушылардың асқан қызығушылығы мен белсенділігін айқындады. Кеңестердің негізгі мақсаты жобаға компания қызметкерлерін барынша уақытылы тарту, жобаны іске асыру жауапкершілігін бекіту және оның параметрлерін келісу. Бағыт беретін кеңестердің басты нәтижесі жобаның Демеушісі қол қойған, тапсырмалар берілген Хаттама болды. Жобаның Демеушісі осындай іс-шараны өткізуге жауапты болып табылады.

Бағыт беретін кеңес топтамаларын дайындау және өткізу жаңа жылға дейін, көп уақыт бұрын басталды. Материалдар әзірлеу, форматтарды талқылау және жобадағы негізгі ұстанымдарды анықтау компанияның әртүрлі бөлімшелерінің өкілдерін жұмысқа тартты. Өте қысқа мерзімде базалық және ресурстық жоспарлардың, жарғылар мен жобалардың негізгі параметрлерінің жобалары әзірленді. ЖЭТ филиалдары командаларды құру және ресурстарды жоспарлау жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Команда құру және ресурстарды жоспарлау жұмысына ЖЭТ филиалдары белсенді қатысты. Жобалау командаларының сұратуы бойынша функционалдық командалар үшін қызметкерлер тізімі өте қысқа мерзімде ұсынылды. Олардың бастамасы арқасында, таңдалған автоматтандыру платформасын тестілеуді іске асыру үшін бастапқы филиалдар таңдалды: Солтүстік және Орталық ЖЭЖ.

Бекітілген портфельдің көп бөлігінің негізін әдістемелік құрамдас бөліктер мен автоматтандыруды қамтитын жобалар құрайды. ҚЖБ жобаларына келсек, бұл жерде жаңа ІНҚ әзірлеуден басқа, ағымдағы ERP-жүйесін жаңа, аса тиімді және заманауи жүйеге ауыстыру жүргізіледі, ол ҚЭБ-дағы нысаналы модельдердің қажеттіліктеріне толық сай келеді.  Жобаның бірінші кезеңінде команда консультантпен бірігіп, өзгерістердің әсерін бағалайды, оның нәтижесі бойынша, соңында жаңа платформаның базасын қалыптастыру үшін негіз болатын, қайшылықтар тізілімін жасайды. Бұдан әрі, автоматтандыру компонентімен барлық жобалар «Кәсіпорын процестерін енгізу» бірыңғай жүйесіне тұтасады. Ол өз негізінде автоматтандыру жобасы болып табылады. Портфель жобаларының негізгі тізімі 2017 жылдың соңында аяқталады деп күтілуде.

Компанияның жергілікті жобаларына көп көңіл бөлінді. Барлық үш жоба компанияның қолда бар мүмкіндіктерін жетілдіруге қатысты: «Мәліметтер беру үшін оптикалық-талшықты байланыс желісін дамыту», «Жүйелік қызмет көрсету процестерін жетілдіру» және «БЭЖ жұмысы тәртіптерін басқарудың апатқа қарсы және тәртіптік автоматикасы орталықтандырылған жүйесін енгізу» (ААОЖ). СТТ өкілдері белсенді қатысты. Атап айтқанда, ААОЖ жобасы шеңберінде Қазақстан энергия жүйесі сұлбасының математикалық моделін құруды талқылау барысында, Бизнесті трансформациялау бағдарламасы бойынша компанияның жетекшісі Виталий Жадовин «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және басқа портфельді компанияларда математикалық модель құру тәжірибесі бар сарапшы-математиктер пулын пайдалануды ұсынды. Жалпы алғанда, барлық үш жоба компанияның стратегиялық міндеттерін іске асыруға және қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Барлық Бағыт беретін кеңестерді ағымдағы айдың соңына дейін өткізу жоспарланды. Содан кейін Бағыт беретін кеңестің барлық тапсырмаларын рәсімдеу жұмысы, сонымен бірге жобаны бастау туралы бұйрыққа қол қою жұмыстары жүргізіледі. Бұйрық барлық жобалар үшін біртұтас болып, онда жобаны басқару командаларының құрамы мен құрылымы мәселелері енгізіледі деп болжамдалып отыр.

Бірінші Бағыт беретін кеңестер тәжірибеде өзінің сапалы құндылығын көрсетті. Қатысушылардың кең ортасын тарту мүдделі тұлғалардың жобаның ағымдағы көрінісі жөнінде хабардарлығын арттыра отырып, жобаның жекелеген әлеуетті қатысушыларының күмәні мен теріс ойларын сейілтуге мүмкіндік берді.