Трансформацияның нәтижесі: өңір бойынша электр энергиясының өндірілуі, келіп түсуі мен тұтынылуы теңгерімін жасаудың регламенттелген бірыңғай әдістемелік тәсілі

Қазақ

Ағымдағы жылғы 28 тамызда Басқарма төрағасының бұйрығымен ішкі нормативтік құжат- Өңір бойынша электр энергиясының өндірілуі, келіп түсуі мен тұтынылуы теңгерімін жасау және келісу регламенті(бұдан әрі-Регламент) бекітілді. 2017 жылға Бизнесті трансформациялау бағдарламасы Жол картасының негізгі бақылау нүктелерінің бірі болып табылады және KEG21 «Жүйелік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру» жобасы бойынша негізгі жұмыстар құрамына кіреді.

KEGOC компаниясы – Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу, диспетчерлендіру және өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша жүйелік қызметтер көрсетуші Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы. Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде компанияның жобалар портфеліне жергілікті басым жобалардың бірі - жүйелік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру енгізілген. Жобаның мәні – аты айтып тұрғандай, жүйелік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру, сонымен қатар өңір бойынша энергияны өндіру және тұтыну теңгерімін жасау және келісу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды біріздендіру оның негізіне енгізілген.

Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме нарығында тұтыну-өндірудің нақты теңгерімін жасау үшін филиалдардың теңгерімдік есеп жасауы компанияның бір де бір нормативтік құжатында сипатталмауы тарихи қалыптасқан. Әр филиалдың осы теңгерімді дайындауға өз тәсілі бар.

Қазіргі кезде өңір бойынша электр энергиясының өндірілуі, келіп түсуі мен тұтынылуы теңгерімін (бұдан әрі - Баланс) жасаудың  регламенттелген бірыңғай  әдістемелік тәсілін әзірлеу қажеттілігі туындады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы сальдо-ағындарды, өңіраралық ағындарды, электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің өндіруі және тұтынуын көрсетуші бір өңір шеңберіндегі теңгерімдік әдістерді пайдалана отыра Өңірлік теңгерімді жасау  әдістемесін әзірлеу  Регламент жасаудың негізгі мақсаты болып табылады.

Жұмыста аталған мақсатты іске асыру үшін кешенді сипаттағы мына негізгі міндеттер қойылған және шешілген болатын:

1) «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалының теңгерімін жасау ерекшеліктерін анықтау;

2) теңгерімсізідікті анықтау бойынша әдістемелік тәсілдерді талдау және бағалау.

Бекітілген Регламенттің бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, ЖЭТ филиалдары қызметкерлерінің теңгерімді жасау бөлігіндегі барлық іс-қимылдары бір құжатта реттелген. Регламентте операцияны орындауға қатысушылар, сонымен қатар  олардың функциялары, теңгерімді жасау үшін бастапқы құжаттар тізімі, өзара қарым-қатынас және функционалдық бөлу қағидаттары,  есептік деректерді жинау кезінде «KEGOC» АҚ-ның контрагенттермен өзара іс-қимыл тәртібі белгіленген, теңгерімді есептеудің айқын әдістемесі белгіленген және бар процесс толықтай жазылған және кестелер шаблондары толтыру үшін дайындалған.

Компанияның негізгі қызметі процестеріндегі өзгерістер бөлігіндегі елеулі оқиғалардың бірі Регламентті жасау болып табылды.