WAMS электр желілерін мониторингілеу жүйесі тәжірибелік пайдалануға енгізілді

Қазақ

WAMS электр желілерін мониторингілеу жүйесі орнатылды және 2019 жылғы тамызға дейін тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Бұл шешім а.ж. 27 наурызында KEG08 жобасы бойынша Басқарушы комитетте қабылданды. 

Жүйелік оператор жаңа мониторингілеу жүйесінің арқасында синхрондалған векторлық өлшемдер құралдарынан (PMU-есептегіштер) анық деректер алады және энергия жүйесінің нақты жай-күйін көретін болады. 

WAMS жүйесін жеткізу, іске қосу мен жөндеу және техникалық қолдауды General Electrics компаниясы қамтамасыз етті. Кездесуде General Electrics-тің өкілі Сергей Чеботарь орнатылған жүйенің мүмкіндіктерін,онлайн режимдегі оның жұмыс істеу қағидатын көрсетті, сонымен қатар WAСS басқару жүйесі жобасының екінші құрауышын іске асыру бойынша өзінің пайымын айтты. Жобаның «Іске асыру» кезеңінде жасалған жұмыстар туралы есепті жоба менеджері Нұртаза Нұрбол ұсынды. 

Жоба шеңберіне енетін компанияның бес филиалында жабдық орнатылды және іске қосу-жөндеу жұмыстары және жүйенің сынаулары жүргізілді. WAMS жүйесінің архитектурасы ЕГРЭС-1, «500 кВ Шымкент» және «500кВ Жамбыл» қосалқы станцияларын қоса алғанда «Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан» транзиті бағытында 14 объектіні қамтиды. Оларда өлшемдердің синхрондалуы қамтамасыз етілетін және Ұлттық диспетчерлік орталықтың (Астана) серверлеріне жіберілетін, сонымен қатар Алматы қ. өңірлік диспетчерлік орталыққа қоса жіберілетін векторлық өлшемдердің PMU-құрылғылары, GPS-сағаттар мен коммутаторлар орнатылған. Бұл шара резервтік ресурстарды қамтамасыз ету үшін қажет. 

 Өлшемдер туралы деректердің мониторингісі e-terraphasorpoint бағдарламалық қамтамасыз етуінің көмегімен жүзеге асырылады. 

Барлық қабылдау жұмыстары бойынша тиісті актілерге қол қойылды. Осылайша жобаның бірінші компонентін іске асыру тәжірибелік пайдалану кезеңіне көшіріледі. 

Басқарушы комитет «WAMS синхрофазорлық өлшемдері негізінде алгоритмдер әзірлеу және WAСS автоматикасын құру» екінші компонентінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге техникалық тапсырманы бекітті. 

ТЭН әзірлеу бойынша қызметтерді сатып алу мерзімдері – 2019 жылғы сәуір-мамыр.