Қазақстан Республикасының электр энергетикасы жүйесі

Қазақ

Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жиынтығын құрайды.

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

  • энергия қуатын тұтынушылардың сұранысын жоғары-деңгейде қанағаттандыру және тұтынушылардың ішкі нарықта электр мен жылу энергиясын жеткізушілерді таңдау құқығына кепілдік беретін бәсекелестік жағдай тудыру жолымен электр және жылу энергиясы қатысушыларының құқықтарын қорғау;
  • Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенінің сенімді де тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
  • еліміздің шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешенінде тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды  құралы саналатын Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенін басқарудың тұтастығы.

Электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі  болып табылады.Төмендегідей негізгі мәселелерді шешу министрлік құзыретіне жатады:

  • электр энергетикасы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын әзірлеу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
  • электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
  • электр энергетикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
  • өз құзыретінің шегінде электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу және пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;
  • техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы саласындағы техникалық регламенттерді, жабдықтарды пайдалану сипаттамасын, энергия өндіруші, энергия жеткізуші, энергиямен  жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне  электр және жылу энергиясының шығыс нормаларын қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
  • жобалау, салу, техникалық пайдалану және электр энергетикасы объектілерінің қауіпсіздік техникасы, жабдықтарды пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамаларын, табиғи монополиялардың субъектісі болып табылмайтын энергия өндіруші ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне электр және жылу энергиясының шығыс нормалары салаларындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;
  • инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге техникалық тапсырманы  бекіту;
  • энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер мен инвестициялық шарттар жасасу;
  • энергия өндіруші  ұйымдармен келісімдерде, инвестициялық бағдарламаларда, инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалу  мониторингі;
  • энергия өндіруші  ұйымдардың тобын құру;
  •  кепіл беруші жеткізуші мен оның жауапкершілік аймағын анықтау тәртібін бекіту;
  • энергетикалық сараптама жүргізу әдістемесін, тәртібін және мерзімдерін анықтау;
  • электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін құру тәртібін белгілеу;
  • жүйелік оператор мен электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық операторын анықтау;
  • Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесімен электрлік байланысы жоқ өңірлер үшін электр энергиясы көтерме нарығын ұйымдастыру және жұмыс ерекшеліктерін анықтау;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындайды

Электр энергетикасы саласындағы қадағалау мен бақылауды мемлекеттік энергетиканы қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган-Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетиканы қадағалау комитеті жүзеге асырады.

Мемлекеттік энергетиканы қадағалау комитеті мыналарды қадағалау мен  бақылауды жүзеге асырады:

  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің техникалық талаптарының электр энергиясы саласында орындалуы;
  • электр станцияларының, электр және жылу тораптарының энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электрлік және жылу пайдаланылатын қондырғыларының және техникалық жай-күйі;
  • электр және жылу энергиясы сапасы бойынша техникалық шарттар талаптарының сақталуы;
  • электр және жылу энергиясын ұтымды және үнемді пайдалану, өндіріс режимдерін оңтайландыру, жеткізу, тұтыну;
  • электр станцияларының, электр және жылу тораптарының күзгі-қысқы жағдайларға әзірлігі.

Мемлекеттік энергетиканы қадағалау комитеті мынадай функциялар мен міндеттерді орындайды:

  • электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілер мен жабдықтардың қысқы жағдайларға әзірлігін бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады; 
  • электр станцияларының, жылу және электр тораптарының Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуіне, электр және жылу энергиясы бойынша тұтынушыларды жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың зақымдануына  алып келетін ірі технологиялық бұзылыстарды тексеруді есепке алады;
  • электр және энергия жабдықтарына рұқсаты бар; 
  • электр станцияларының, электр және жылу тораптарының энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін кезең-кезеңмен тексеруді жүзеге асырады; 
  • электр және жылу қондырғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, жеткізу мен  таратуды және оларды сатуды жүзеге асыратын ұйым басшыларының  пайдалану техникасы мен қауіпсіздік техникасы ережелері жөніндегі білімдерін біліктілік тексеруді ұйымдастырады;
  • энергетика объектілерінде электр және жылу энергиясын қауіпсіз және тиімді өндіру, жеткізу, тарату және пайдалану жөнінде энергетикалық сараптама жүргізуді, энергия үемдеу саясатының орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін зерттеуді ұйымдастырады;  
  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады; 
  • Энергия үнемдеу бағдарламаларын, нормативтік әдістемелік актілерді, құқықтық және экономикалық тетіктерді әзірлеуді ұйымдастырады; 
  • ұйымдардың меншік иелеріне аварияларға, оқыс оқиғаларға және электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының өзге де  өрескел бұзылуына жол беруге кінәлі адамдарды тәртіптік жазалауға тарту туралы ұсыныстар енгізеді  немесе тиісті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының бұзылуына кінәлі адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды жібереді.    

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта (оның жүзеге асыратын реттеуші орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі нарық субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу, бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру аясындағы қызметтерді, сондай-ақ белгілі бір тауар нарығында (соның ішінде электр энергиясы нарығында) басымдыққа ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру барысында тұтынушылар құқығын қорғау қызметтерін жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері:

  • «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы;   
  • «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы;   
  • «Қазақстан Республикасының электр энергетикасында нарық қатынастарын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 190 қаулысы; 
  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасының көтерме нарығын ұйымдастыру және қалыптастыру ережесі; 
  • Жүйелік  оператордың қызмет көрсету,  жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және құру ережесі; 
  • Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын қалыптастыру ережесі;
  • Қазақстан Республикасының электр энергиясын орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және қалыптастыру ережесі; 
  • Электр энергиясының  бөлшек нарығын ұйымдастыру және қалыптастыру, сондай-ақ осы нарықта рұқсат ету мен қызмет көрсету ережесі; 
  • Электр тораптық ережелер.

Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын басқарудың қолданыстағы моделін жетілдіру  және  мемлекеттік активтерді тиімді басқару мақсатында Президенттің Жарлығымен 2008 жылғы қазанда «Самұрық» «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ мен «Қазына»  мемлекеттік тұрақты даму қорын біріктіру жолымен  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылды.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ –энергетика, телекоммуникацияны, көлік салаларын және даму институттарын қоса алғанда, экономиканың түрлі саласындағы ұлттық компанияларға иелік ететін және оларды басқаратын   мемлекеттік холдинг компаниясы.   

Сала үрдісіне шолу 

Жүктеменің жылдық максимумы

      2017 жылғы жүктеменің жылдық максимумы 13 желтоқсан 19-00-де тіркелді және 14 194 МВт құрады. 2016 жылмен салыстырғанда (21 қараша, сағ.19-00) жүктеме максимумы 204 МВт немесе 1,5%-ға артты.

Генерация 14 216 МВт құрады, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 407 МВт немесе 2,9%-ға жоғары. Бірақ сыртқы қуаттың сальдоланған ауысымы (жетіспеушілігі) 22 МВт құрады, соның ішінде Ресейден қабылдау – 1МВт, Орталық Азияға шығару – 23 МВт.

 

Электр энергиясын өндіру

2017 жылы Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру 102 383, 6 млн кВтч құрады, соның ішінде:

        Жылу электр станциялары                      82 424,8 млн кВтч

Су электр станциялары                           11 157,9 млн кВтч

Газ турбиналы электр станциялары          8 372,6 млн кВтч

КЭС және ЖЭС                                      428,3 млн кВтч.

2016 жылмен салыстырғанда электр энергиясын өндіру 8 307,1 млн кВтч немесе 8,8 %-ға артты.

Өндіріс мына ірі электр станцияларында артты:

Екібастұз МАЭС-1                                   - 5 759,7 млн кВтч-ға немесе 63,7%-ға;

"ЕЭК" АҚ                                              - 777,1 млн кВтч-ға немесе 5,6%-ға;

" Екібастұз МАЭС-2 станциясы" АҚ            - 519,4 млн кВтч-ға немесе 10,4%-ға;

Балқаш. "Казақмыс Энерджи" ЖШС ЖЭО - 201,1 млн кВтч-ға немесе 23,1%-ға;

ЖЭО-3 "Павлодарэнерго"АҚ                          - 170,2 млн кВтч-ға немесе 5,5%-ға;

ЖЭО-2  "Арселор Миттал Теміртау" АҚ      - 139,0 млн кВтч-ға немесе 8,7%-ға.

МАЭС-2 "Казақмыс Энерджи"ЖШС           - 111,2 млн кВтч- ға немесе2,5%-ға;

"Казхром"(ГТУ) АФЗ ЭС ҰК                      - 108,3 млн кВтч - ға немесе15,0%-ға;

 "Жамбыл МАЭС" АҚ                                    -  86,3 млн кВтч- ға немесе3,5%-ға;

"АлЭС" АҚ Алматы ЖЭС-2                             - 37,6 млн кВтч-ға немесе 1,4%-ға;

"АлЭС" АҚ Алматы ЖЭС-3                             - 18,3 млн кВтч-ға немесе 1,9%-ға;

"СевКазЭнергоПетропавловск" ЖШС              - 18,2 млн кВтч -ға немесе0,6%-ға;

"АлЭС" АҚ Алматы ЖЭС-1                             - 18,0 млн кВтч -ға немесе4,9%-ға. 

Электр энергиясының өндірісін кемітті:

"3-Энергорталық" АҚ (Шымкент.ЖЭС-3) - 505,8 млн кВтч-ға немесе 70,7%-ға;

ЖЭС-1 «Қазақстан алюминийі» АҚ             - 165,4 млн кВтч-ға немесе6,6%-ға;

Жезқаз. "Казақмыс Энерджи" ЖШС ЖЭС - 84,9 млн кВтч-ға немесе 6,8%-ға;

«Жамбыл МАЭС»-те жұмыста 1-ден 3-ке дейін блоктар болды.

Қазақстан СЭС-те электр энергиясын өндіру 2016 жылмен салыстырғанда 448,0 млн кВтч немесе 3,9%.-ға кеміді. Станция жұмысының режимі су шаруашылық теңгерімемен және гидрологиялық жағдаймен анықталады.

ЖЭС-те электр энергиясын өндіру 7 722,0 млн кВтч-ға немесе 10,3%-ға, ГТЭС-те 965,0 млн кВтч немесе 13,0%-ға артты. 

Электр энергиясын өндіру құрылымы

 

2016 ж., %

2017 ж., %

Барлығы

100,0

100,0

соның ішінде

ТЭС

79,4

80,5

СЭС

12,3

10,9

ГТЭС

7,9

8,2

КЭС және ЖЭС

0,4

0,4 

Электр энергиясын пайдалану 

          2017 жылы Қазақстанның электр энергиясын пайдалануы 2016 жылдмен салыстырғанда 5 545,0 млн кВтч-ға немесе 6,0%-ға артты және 97 856,6 млн кВтч құрады. Қазақстанның Оңтүстік аймағында пайдалану 1 538,3 млн кВтч-ға немесе  8,1%-ға, Солтүстік аймақ бойынша - 3 113,0 млн.кВтч-ға немесе 5,0%-ға, Батыс аймақ бойынша - 893,7 млн кВтч-ға немесе 7,8%-ға артты.

Пайдалануды арттырды:

"Қазхром ҰК " Ақтөбе ФЗ АҚ                           - 567,0 млн кВтч-ға немесе 25,0%-ға;

"Қазфосфат" ЖШС                                         - 451,0 млн кВтч-ға немесе 36,2%-ға; 

"Қазақстан электролиз заводы"АҚ                   - 229,9 млн кВтч- ға немесе 6,8 %-ға;

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ                         - 145,6 млн кВтч- ға немесе3,7%-ға;

"Соколов-Сарыбай ТӨБ" АҚ                            - 82,8 млн кВтч-ға немесе 5,0%-ға;

"KazakhmysSmelting" ЖШС                            -  67,1 млн кВтч-ға немесе 6,8%-ға;

"УКТМК"АҚ                                                   - 40,0 млн кВтч-ға немесе 10,0%-ға;

 «АНПЗ» ЖШС                                               - на 9,8 млн кВтч или на 3,3%;

«Қазцинк» ЖШС                                                      - 8,8 млн кВтч-ға немесе 0,3%-ға.

 

Электр энергиясын пайдалануды кемітті:

"Қазхром ҰК " Ақсу ФЗ АҚ                                   - 132,8 млн кВтч -ға немесе2,4%-ға;

 «Қазақмыс Корпорациясы (ЖТМ)» ЖШС          - 12,7 млн кВтч -ға немесе1,2%-ға;

«Қазақстан алюминийі» АҚ                             - 11,5 млн кВтч -ға немесе1,2%-ға;

«Қазақмыс Корпорациясы (БТМ)»» ЖШС           - 0,2 млн кВтч -ға немесе0,1%-ға.

2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда электр қуатын пайдаланудың ең аз өсімі Павлодар облысында- 1 043, 7 млн кВтч (5,9%), Қарағанды облысында – 912,0 млн кВтч (5,8%), Ақтөбе облысында – 628,1 млн кВтч (11,9%), атырау облысында – 826,2 млн кВтч (17,5%).

Пайдалану Маңғыстау облысында 55,4 млн кВтч-ға (1,1%) төмендеді.

Қазақстан аймақтары бойынша электр энергиясын пайдалану құрылымы мынадай:

- Қазақстан         97 856,6 млн кВтч немесе 100,0%

- Солтүстік аймақ   64 881,3 млн кВтч немесе 66,3%

- Оңтүстік аймақ     20 551,2 млн кВтч немесе21,0%

- Батыс аймақ       12 424,1 млн кВтч немесе 12,7%. 

Электр энергиясының ауысымдары 

        2017 жылы Ресейге өзара ауысу айырмасы 4 528,2 млн кВтч (2016 жылы Ресейге – 1 640, 2 млн кВтч) құрады. Сонымен қатар Ресейге электр энергиясының экспорты 5 788,1 млн кВтч (2016 жылы-2773,1 млн кВтч) құрады, 2016 жылмен салыстрғанда өсім 3 015,0 млн кВтч. Ресейден электр энергиясын ипорттау – 1 259,9 млн кВтч (2016 жылмен салыстырғанда 127,0 млн кВтч). Экспорт және импорт РФ-тен теңгерімдеуші электр энергиясының мөлшерін есепке алып, берілді.

 

Орталық Азиядан (Қырғызстан) өзара ауысу айырмасы – 1,2 млн кВтч. Сонымен қатар Қырғызстанға электр энергиясының экспорты 7,7 млн кВтч, импорт-8,9 млн кВтч құрады.