Ақмола ЖЭТ

Қазақ

«KEGOC» АҚ «Ақмола жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылы қыркүйекте құрылды.

Филиал директоры - Алшынбеков Жаңабай Жұмаділұлы.

Филиалдың қызметінің негізгі мақсаты мыналар:

• ЖО ҰДО беретін режимдер мен белгіленген көлемде қосалқы станциялары мен қосалқы электр станциялары шиналарынан электр тораптары арқылы электр энергиясы мен қуатын беруді жүзеге асыру;  

• Сенімділік пен үнемділік тұрғысында электр тораптарының тиімді схемаларын қалыптастыру.

«Ақмола ЖЭТ» филиалы (Нұр-Сұлтан) Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Филиал желілері Қазақстан БЭЖ-дің құрамдас бөлігі болып табылады және «Сарыбай ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ» филиалдарымен жүйеаралық ЭЖЖ арқылы, Ресей Федерациясының іргелес энергия жүйелерімен мемлекетаралық ЭЖЖ арқылы байланысқан.    

Филиалдың электр желілері арқылы «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» және «Орталық ЖЭТ» филиалдарына, сонымен қатар Ресей Федерациясының іргелес энергия жүйелеріне (Орал БДБ және Сібір БДБ) электр энергиясының транзиті жүзеге тасырылады.    

Филиалдың мүлік кешеніне габариті 10-1150 кВ, жалпы ұзындығы  4230,431 км (тізбектер арқылы) болатын әуелік электр жеткізу желілері, сонымен қатар кернеуі 220-1150 кВ, жиынтық қуаты 5185,3 МВА болатын 10 қосалқы станция кіреді.   

Энергия көздері: өңірлік маңызы бар электр станциялары (Ақмола ЖЭО-2, Петропавл ЖЭО-2, Ерейментау ЖЭС-1, «Астана EXPO-2017» ЖЭС) және жергілікті маңызы бар электр станциялары (Ақмола ЖЭО-1, Степногорская ЖЭО, Сергеевская ГЭС, Зенченко ЖЭС)  

Персонал саны: 582 адам.

Байланыс деректері:

Нұр-Сұлтан қ., Байқоңыр ауд., Өндіріс т/а, Үшқоңыр көш., 3/2-ғимарат

тел.: +7(7172) 69-33-59 қабылдау бөлмесі.

тел.: +7(7172) 69-33-00 кеңсе.

тел.: +7(7172) 69-33-52 ӨДО кезекші диспетчері.