Сарыбай ЖЭТ

Қазақ

«КЕGОС» АҚ «Сарыбай жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылған.

Филиалдың директоры - Алпысбаев Талғат Тұрсынұлы 

Филиалдың негізгі мақсаты мыналар болып табылады:

ЖО ҰДО тапсырып белгіленген көлемдер мен түзімдерде қосалқы станциялар және электр станциялар шиналарынан қуат пен электр энергиясының электр тораптары бойынша жеткізілуін жүзеге асыру;

Сенімділік және үнемділік тұрғысынан электр тораптарының оңтайлы тораптарын түзілдіру.

«Сарыбай ЖЭТ» (Рудный) Қостанай облысында орналасқан. Филиал тораптары Қазақстан БЭЖ-нің құрамдас бөлігі болып табылады және жүйеаралық ЭЖЖ арқылы «Ақмола ЖЭТ» филиалының тораптарымен, мемлекетаралық ЭЖЖ арқылы Ресей Федерациясының жапсарлас энергожүйелерімен байланысқан.

Энергия көздері: жергілікті мәндегі электр станциялары (Рудный, Қостанай және Арқалық ЖЭО).

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 2443,525 км (тізбек бойынша) 6-1150 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 6819,9 МВА кернеуі 220-1150 кВ 8 қосалқы станциялары кіреді. 

Жұмыскерлер саны: 424 адам

Байланыс деректері:

111500, Рудный қ., Топорков көш., 31.

тел.: +7 (7143) 159-270