Шығыс ЖЭТ

Қазақ

«КЕGОС» АҚ-ның «Шығыс жүйеаралық электр тораптары» Филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылған.

Филиал директоры – Алпысбаев Талғат Турсынұлы

Филиалдың негізгі мақсаты мыналар болып табылады:

  • ЖО ҰДО тапсырып белгіленген көлемдер мен түзімдерде қосалқы станциялар және электр станциялар шиналарынан қуат пен электр энергиясының электр тораптары бойынша жеткізілуін жүзеге асыру;
  • Сенімділік және үнемділік тұрғысынан электр тораптарының оңтайлы тораптарын түзілдіру.

«Шығыс ЖЭТ» (Өскемен) Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Филиал тораптары Қазақстан БЭЖ-нің құрамдас бөлігі болып табылады және жүйеаралық ЭЖЖ арқылы «Солтүстік ЖЭТ» филиалының электр тораптарымен, мемлекетаралық ЭЖЖ арқылы Ресей Федерациясының Электр тораптарымен байланысқан. Энергия көздері: ұлттық мәндегі гидроэлектр станциялары (Бұқтарма ГЭС, Өскемен ГЭС, Шульба ГЭС), аймақтық мәндегі электр станциялары (Өскемен ЖЭО) және жергілікті мәндегі электр станциялары (Риддер ЖЭО, Согрин ЖЭО, Семей ЖЭО, Тишин ГЭС, Хариузов ГЭС, Зайсан ГЭС).

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 1045,06 км (тізбек бойынша) 0,4-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3026,5 МВА кернеуі 220-500 кВ 5 қосалқы станциялары кіреді.

Жұмыскерлер саны 363 адам

Байланыс телефон: +7 (7232) 266-877,

Факс: +7 (7232) 406-777,

070018, Өскемен қ.,, Бажов көш., 67