Солтүстік ЖЭТ

Қазақ

«КЕGОС» АҚ «Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылғы қыркүйекте құрылды.

Филиал директоры — Дайнеко Александр Николаевич. 

Филиал қызметінің негізгі мақсаты мыналар:

• ЖО ҰДО беретін режимдер мен белгіленген көлемде қосалқы станциялары мен қосалқы электр станциялары шиналарынан электр тораптары арқылы электр энергиясы мен қуатын беруді жүзеге асыру;  

• Сенімділік пен үнемділік тұрғысында электр тораптарының тиімді схемаларын қалыптастыру.

«КЕGОС» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалы (Екібастұз) Павлодар облысында орналасқан. Филиалдың желілері Қазақстан БЭЖ-дің құрамдас бөлігі болып табылады және «Шығыс ЖЭТ», «Ақмола ЖЭТ» және «Орталық ЖЭТ» филиалдарының электр тораптарымен жүйеаралық ЭЖЖ арқылы; Ресей Федерациясының шектес энергия жүйелерімен мемлекетаралық ЭЖЖ арқылы байланысты.  

Филиалдың электр тораптары арқылы Қазақстан БЭЖ-ге қуат беру жүзеге асырылады.  

Энергия көздері:

1. Ұлттық маңызы бар электр станциялары: «ЕЭК» АҚ ЭС, (Ақсу МАЭС); 

2. «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС (Екібастұз МАЭС-1); 

3. «ЕМАЭС-2» АҚ (Екібастұз МАЭС-2);

4. Өңірлік маңызы бар электр станциялары: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, Павлодар ЖЭО-3, Павлодар ЖЭО-2; «Қазақстан алюминиі» АҚ, Павлодар ЖЭО-1

5. жергілікті маңызы бар электр станциялары: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, Екібастұз ЖЭО.

Филиалдың мүлік кешеніне габариті 0,4-1150 кВ, жалпы ұзындығы  3680,61395 км (тізбектер арқылы) әуе желілері, сонымен қатар кернеуі 220-1150кВ, жиынтық қуаты  3973,60 МВА болатын 8 қосалқы станция кіреді.   

Персоналдың тізім бойынша саны: 390 қызметкер.

Байланыс деректері:

141208, Павлодар облысы, Екібастұз қ., Мұхтар Әуезов көш., 126  

Тел.: +7 (7187) 34-86-59,

Факс: +7 (7187) 34-09-78