Акционер туралы қысқаша ақпарат

Қазақ

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетика жүйесін басқарудықұрылымдыққайта құру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28қыркүйектегі  1188 қаулысына сәйкес құрылды.

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетика жүйелерін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі  1188 қаулысына сәйкес құрылды.

«KEGOC» АҚ-ның бастапқы мемлекеттік тіркелу күні -1997жылғы 11 шілде.

Қазақстан Республикасының Үкіметі «KEGOC» АҚ құрылтайшысы болып табылады. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы  50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23, ақпандағы  117 қаулысына сәйкес «KEGOC» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге тапсырылды.

«Қазына» тұрақты даму қоры» және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығыжөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы  669 Жарлығынажәне «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13қазандағы  669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 962 қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру жәнеелімізде экономиканың өсуіне әлемдік нарықтағы өзгерістердің теріс әсер ету факторларының алдын алу мақсатында құрылды.

Қор қызметінің басты мақсаты ұзақ мерзімді құндылықтарды көбейту және әлемдік нарықта бәсекегеқабілеттікті арттыру мақсатында меншік құқығында ұлттық даму институттарыныңұлттықкомпаниялардың және басқа да заңдытұлғалардың акцияларының пакеттерін (қатысу үлесін) басқару болып табылады.

Қор қызметінің негізгі қағидаттары:

  1. Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекет мүдделерін сақтау;
  2. Қор мен компаниялар қызметінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі;
  3. шешімдер қабылдау мен оларды іске асырудағы жүйелілік және жеделділік;
  4. жауапкершілік және бағыныстылық.


Қор қызметінің негізгі бағыттары:

  1. ұлттық экономиканы жаңғырту мен диверсификациялауға жәрдемдесу;
  2. еліміздің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу;
  3. компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру.

Қор туралы егжей-тегжейлі, ақпаратпен мына сайтта танысуға болады: www.samruk-kazyna.kz