2012 жылдың 12 маусымындағы №26/12 хаттамадан көшірме

Қазақ

2012 жылдың 12 маусымында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Басқармасының сырттай отырысы болып өтті (№ 26/12 хаттама), онда мынадай шешімдер қабылданды:

1.Қоғамның қоса берілген 2011 жылғы жылдық қаржылық есептемесі   бекітілсін. 

2. Қоғамның 2011 жыл  қорытындылары бойынша алынған 7 822 245 000 (жеті миллиард сегіз жүз жиырма екі миллион екі жүз қырық бес мың) теңге таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін (орналасқан жері: 010000, Астана қ., Бейбітшілік көш., 37, РНН 600700153614, IBAN KZ45826Z0KZTD2001154 «АТФ Банк» АҚ-да, БИК ALMNKZKA):

1) 2 346 674 000 (екі миллиард үш жүз қырық алты миллион алты жүз жетпіс төрт  мың) теңге таза табысының 30% Жалғыз акционерге дивидендтер төлеуге жіберілсін;

2) 5 475 571 000 (бес миллиард төрт  жүз жетпіс бес  миллион бес жүз жетпіс бір  мың) теңге таза табысының 70% Қоғамның иелігінде қалсын.

3. Қоғамның бір акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері - 221 (екі жүз жиырма бір) теңге 71 (жетпіс бір) тиын болып бекітілсін.

4. 2012 жылдың 1 шілдесі дивидендтер төлеу күні болып бекітілсін.

5. Дивидендтерді төлеу ақшамен дивидендтер төлей бастағаннан 20 (жиырма) күн ішінде Жалғыз акционердің банктік шотына аудару жолымен жүргізілсін («Самұрық-Қазына» «Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ; орналасқан жері: 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., д. 23; КБЕ 16; РНН 620200333937; ИИК KZ91125KZT1001300144, БИН 081140000436; «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» ММ, Алматы қ.; БИК NBRKKZKX).

6. Жалғыз акционердің 2011 жылы Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты өтініштері жоқ екені туралы ақпарат назарға алынсын.

7. Қоғамның Басқарма төрағасы Б.Т. Қажиев заңнамамен бекітілген тәртіпте осы шешімді іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

8. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес, осы шешім Қоғам акционерлері жалпы жиналысының шешімі болып табылады.