2012 жылғы 20 қарашадағы №48/12 хаттамадан көшірме

Қазақ

2012 жылғы 20 қарашада «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Басқармасының сырттай отырысы болып өтті (№ 48/12 хаттама), онда мынадай шешімдер қабылданды:

1. Қоса беріліп отырған «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар  бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ  Басқарма төрағасы (Б.Т. Қажиев) қоса беріліп отырған «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларға қол қойсын және осы шешімнен шығатын өзге де шараларды  қолдансын.

3. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес, осы шешім «KEGOC» АҚ  Жалғыз  акционерінің шешімі болып саналсын.