2012 жылғы 20 наурыздағы №16/12 хаттамадан үзінді көшірме

Қазақ

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының 2012 жылғы 20 наурыздағы (отырысында) қабылдаған №16/12 шешіміне сай, «KEGOC» АҚ-ны қоса алғанда, есептік мезгіл ішіндегі шоғырландырылған таза табыстан дивидендтерді кемінде 30% мөлшерінде есептеу нормативтері бекітілді. 

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-бабына және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес, осы шешім Жалғыз акционердің/қатысушының немесе заңды тұлғалар үшін барлық дауыс беруші акцияларын иеленетін тұлғаның шешімі болып саналады. 

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша - «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2009 жылғы 30 шілдедегі шешімінің (№ 72/09 хаттама) күші жойылды деп танылды.