2012 жылғы 8 мамырдағы №21/12 хаттамадан үзінді көшірме

Қазақ

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының күндізгі отрыста қабылданған 2012 жылғы 8 мамырдағы №21/12 шешімімен ДК-нің сандық құрамы, уәкілеттіктер мерзімі айқындалып мүшелері сайланды, сондай-ақ  «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақылар мөлшерлері мен төлеу шарттары анықталды.

 «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы 6 (алты) мүше мөлшерінде белгіленді.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мынадай құрамда сайланды:

 1) Бектеміров Қуаныш Әбдуғалиұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарушы директоры,  Директорлар кеңесінің мүшесі;

2) Даукеев  Ғұмарбек Жүсіпбекұлы – тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі;

3) Спицын Анатолий Тихонович – тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі;

4) Лука Сутера – тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі;

5) Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының төрағасы, акционер өкілі;

6) Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Басқармасының төрағасы.

 «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарушы директоры Бектеміров Қ.Ә. сайланды.

 «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің уәкілеттіктер мерзімі 3 (үш) жыл болып айқындалсын.

«KEGOC» АҚ-ның тәуелсіз директорларына сыйақылар төлеу мен шығындарын өтеу тәртібі және шарттары «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (2009 жылғы 22 мамырдағы  №55/09 хаттама) бекітілгендей, «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының тәуелсіз директорларына сыйақылар төлеу мен шығындарын өтеу қағидаларына сәйкес анықталды.