2013 жылғы 09 сәуірдегі №17/13 хаттамадан көшірме (Дивидендтік саясат)

Қазақ
2013 жылғы 09 сәуірде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Басқармасының сырттай отырысы болып өтті (№ 17/13 хаттама), онда мынадай шешімдер қабылданды:
1. Е KEGOC 00-202-13 ЕА «KEGOC» АҚ-ның Дивидендтік саясат туралы ережесі» жаңа редакцияда бекітілсін.
2. «Самұрық» Холдингі» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен (2008 жылғы 14 тамыздағы № 11/08 хаттама) Е KEGOC 00-202-08 «KEGOC» АҚ-ның Дивидендтік саясат туралы ережесінің» күші жойылды деп танылсын.
3. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес осы шешім «KEGOC» АҚ  Жалғыз  акционерінің шешімі болып саналсын.