2013 жылғы 09 сәуірдегі №17/13 хаттамадан көшірме («KEGOC» АҚ-ның акциялары)

Қазақ

2013 жылғы 09 сәуірде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Басқармасының сырттай отырысы болып өтті (№ 17/13 хаттама), онда мынадай шешімдер қабылданды:

1. «KEGOC» АҚ-ның жарияланған акцияларын қазақстандық бағалы қағаздарды ұйымдастыру нарығында мынадай шарттармен орналастыру туралы мәселе мақұлдансын және «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің қарауына шығарылсын:

1) орналастыру бағасы – бір жай акция үшін 322 (үш жүз жиырма екі) теңге;

2) саны - 23 832 437 (жиырма үш миллион сегіз жүз отыз екі мың төрт жүз отыз  жеті) дана жай акция;

3) осы шешімнің қосымшасына сай орналастыру құрылымы.

2. «KEGOC» АҚ-ның 23 832 437 (жиырма үш миллион сегіз жүз отыз екі мың төрт жүз отыз жеті) дана жарияланған жай акциясын артықшылықпен сатып алу құқығынан бас тартылсын.

3. Осы шешімнің 2-тармағы «KEGOC» АҚ-ның 23 832 437 (жиырма үш миллион сегіз жүз отыз екі мың төрт жүз отыз  жеті) дана жай акциясын орналастыру бағасын, санын, құрылымын анықтау туралы  «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі шешім қабылдаған сәттен бастап күшіне енеді.

4. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Шөкеев Ө.Е. осы шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қолдансын.